Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Жаңа жылмен құттықтауы

Құрметті достар!

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және жеке өзімнің атымнан келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын!

Өткен 2018 жыл біздің мемлекетіміздің сыртқы саясаты үшін айтарлықтай жетістіктерге есте қалады. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты емес мүшелігімізді табысты аяқтадық. Бұл еліміздің дипломатиясы үшін белгілі бір сынақ және жетістік болды.

Жаңа 2019 жыл өзінің қарқындылығы мен маңыздылығы тұрғысынан кем емес болатынын атап өткім келеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сыртқы саясатты тиімді «экономизациялау», атап айтқанда, шетелдік инвестицияларды тарту қарқынын одан әрі арту және қазақстандық экспортын қолдау бойынша маңызды міндеттер қойылуда.

Қазіргі заманның дипломатиясы көптеген жаңа сынақтарға тап болып отыр, бұл сөзсіз қазақстандық дипломатияға әсер етеді.

Бұндай жағдайда біз қызметімізді жүйелі қайта құрылымдау бойынша маңызды жұмысты жалғастырамыз.

Жаңа жылда біз одан да серпінді, оңтайлы және нәтижеге бағытталған жаңартылған СІМ-ді ұсынамыз.

«Экономикалық» дипломатияны ілгерілету үшін ведомствоаралық ынтымақтастық процесі қарқынды дамып келуде.

Ел басшылығының тапсырмаларын орындау басқа орталық және атқарушы органдармен бірлесе жүзеге асырылады.

Алдағы уақытта көптеген жұмыстарды атқару қажет. Біздің алдымызда еліміздің мүддесін қамтамасыз ету және қазақстандықтардың экономикалық әл-ауқатын арттыру бойынша жоғары міндеттер қойылуда.

Мереке қарсаңында барлығыңызға бақыт, жеке өсу, шабыт және тілектеріңіздін орындалуын тілеймін.

Жаңа 2019 жыл баршаңыз үшін жаңа әсерлер мен жаңалықтарға толы болғай! Денсаулық, отбасыларыңызға саулық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

Ізгі тілекпен,

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі

Бейбіт Атамқұлов

2018 жылғы 31 желтоқсан

Қосылған : 31.12.2019, 19:30, Өзгертілген : 31.12.2019, 19:30