Қазақстан Елшісі Герман экономикасы Шығыс комитетінің басшылығымен кездесу өткізді

БЕРЛИН, 2019 жылғы 19 маусым - Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріповтің Герман экономикасы Шығыс комитетінің Басқарушы директоры Михаэль Хармспен жəне ГЭШК-тің аймақтық директоры Эдуард Кинсбрунермен танысу кездесуі өтті.

Екі тарап жыл соңына дейін жоспарланған Елшілік пен ГЭШК-тің бірлескен іс-шаралары, атап айтқанда Қазақстан экономикасына инвестиция салуға қызығушылық білдiрген неміс компанияларының басшыларымен дөңгелек үстел форматында бизнес-форум өткізу, үстіміздегі жылдың қазан айында Брюссель қаласында және ү.ж. желтоқсан айында Берлинде жоспарланған Берлин Еуразиялық Клубының отырыстарының

дайындығын талқылады. Кездесу барысында М. Хармс алдыңғы өткен іс-шараларды, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия Үкіметаралық жұмыс тобы отырысының, ү.ж. мамыр айында Герман бизнес-делегациясының Нұр-Сұлтан қаласына іс-сапары мен ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің неміс компаниялары басшыларымен өткен кездесуінің оң нәтижелерінің қорытындысын атап өтіп, ҚР мен ГФР арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде, Д. Кәріпов ГЭШК басшылығына бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және ҚР мен ГФР бизнес-қоғамдастығының өкілдері арасында тікелей байланыс орнатқаны үшін алғыс білдірді. Ол сондай-ақ Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі неміс бизнесінің мүддесін білдіретін ГЭШК-тің Қазақстан Республикасының ГФР-мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамытудағы маңызды серіктесі екенін атап өтті.

1952 ж. құрылған ГЭШК қазіргі кезде 200-ге жуық неміс кәсіпорындары, DAX индексіне қосылған стартаптарды, отбасылық компаниялар мен көпұлтты корпорацияларды біріктіреді. Ұйымның негізгі мақсаттары: шағын және орта бизнесті қолдау, заңды және нормативтік талаптарды қамтамасыз ету, сауда және визалық кедергілерді жою, Еуропалық Одақ пен Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің арасында экономикалық кеңестік құру.

Қосылған : 19.06.2019, 13:00, Өзгертілген : 19.06.2019, 13:00