Мажарстанның жоғарғы оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен кездесу туралы

2019 жылғы 31 мамырда Елші Нұрбах Рүстемов Мажарстанның жоғарғы оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен кездесті.

Елші қазақстандық студенттердің еліміздің оң имиджін ілгерілетудегі маңызды рөлін атап,, сондай-ақ оларды оқу процесін сапалы игеру мен тәртіп сақтауға шақырды. «Қазіргі таңда екіжақты қарым-қатынасты дамытуда көптеген жетістікке жеттік, болашақта бұл Қазақстан-Мажар әріптестігін тереңдетуге тиімді болады», - деп атап өтті Н.Рүстемов.

Оған қоса, қазақстандық дипломат Президент сайлауы күні – 2019 жылғы 9 маусымда сағат 7.00-20.00 арасында Будапешттегі Қазақстан Елшілігі жанында №243 саулау учаскесі ашылатынын хабарлады және дауыс беру құқығы бар Мажарстандағы уақытша және тұрақты келген Қазақстан азаматтары дауыс бере алатынын жеткізді.

Қосылған : 31.05.2019, 14:50, Өзгертілген : 31.05.2019, 14:55