Қазақстан Елшісі Литва бизнесінің "капитандарымен" кездесті

ВИЛЬНЮС, 2019 жылғы 17 маусым - Қазақстанның Литвадағы Елшісі Виктор Темірбаев Литва өнеркәсіпшілері Конфедерациясының елдегі ірі іскерлік қауымдастық алаңында Литва бизнесінің "капитандарына" жолдау жасады.

Қазақстандық дипломат баяндаманы аша отырып, Қазақстанның тұрғындардың әл-ауқатын дамытудағы, орта таптың қалыптасуындағы және инвестициялық тартымдылықтағы жетістіктерін атап өтті.

В. Темірбаев екі ел әріптестік қарым-қатынас пен байланысты кеңейте алатын әлеуетті салалар мен жобаларға, соның ішінде көлік дәліздерін дамытуға, Клайпеда мен Ақтау порттары арасындағы ынтымақтастыққа, сүт пен етті өңдеуге, жаңартылатын энергия көздері, қаржы технологиялары саласындағы жобаларға егжей-тегжейлі тоқталды.

Инвестициялық преференциялар, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық ахуалды дамытудағы рөлі туралы ақпарат жеке ұсынылды.

Сөз соңында Қазақстанның жаңа сайланған Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың Елбасы бағытын тұрақты мемлекет қалыптастырудағы және экономиканы жаңғыртудағы сабақтастығын атап өтті.

Ұсынылған ақпарат қатысушы компаниялар мен квазимемлекеттік сектор өкілдерінің үлкен қызығушылығын туғызды. Литва өнеркәсіпшілері конфедерациясы 50 сауда және жеті өңірлік бизнес-қауымдастықты 3000-нан астам ірі кәсіпорындармен және корпорациялармен біріктіреді. Конфедерация мүшелерінің үлесіне литвалық экспорттың 83% және литвалық ЖІӨ-нің 87% келеді.

Қазіргі уақытта Литва өнеркәсіпшілері Конфедерациясы Қазақстан Елшілігімен бірлесіп Қазақстанға ірі бизнес-миссияны ұйымдастыруды және Қазақстан-Литва Іскерлік кеңесінің жұмысын қалпына келтіруді пысықтауда.

Қосылған : 18.06.2019, 17:00, Өзгертілген : 18.06.2019, 17:00