Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі КАМКА форумымен ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды

ТАШКЕНТ, 2019 жылғы 13 маусым - Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Дархан Сатыбалды КАМКА (Орталық Азия-Моңғолия-Кавказ-Ауғанстан) елдерінің 6-шы өңірлік форумына қатысты.

КАМКА өңірлік форумы Жыл сайын өткізіледі, оның міндеттері Орталық Азия мен Кавказ елдерінің экономикалық өсуі мен әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңірлік диалогты ілгерілету болып табылады. Ташкенттегі 6-шы форумға (2019 ж, 13-14 маусым) 80 баяндамашы мен сарапшы, өңірдің 20 елінен 300-ге жуық өкіл қатысуда.

Екі күндік форум аясында пленарлық сессиялар, өңіраралық сауда, көлік және транзит, өңірлік бизнес және инвестициялар, экономикалық даму, кәсіпкерлік және инновация, адами капитал және білім беру мәселелері бойынша баяндамалар мен пікірталастар өтеді.

Форум аясында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен КАМКА өңірлік форумы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Қазақстан тарапынан бұл құжатқа Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Д.Сатыбалды қол қойды.

Қосылған : 13.06.2019, 15:00, Өзгертілген : 13.06.2019, 15:00