Қазақстанның Елшісі Сержан Әбдікәрімов Чех Республикасының экс-Президенті Вацлав Клауспен кездесті

2017 жылы 2 қарашада Қазақстанның Елшісі Сержан Әбдікәрімов Чех Республикасының экс-Президенті Вацлав Клауспен кездесті. Кездесу барысында чех саясаткері елде өткен парламенттік сайлаудан кейінгі ішкі саяси жағдай бойынша өз көзқарасымен бөлісті. Отандық дипломат өз кезегінде елдің қазіргі саяси және экономикалық дамуы туралы, Қазақстан мен Чехия арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуы қарсаңында (2018 жылы 1 қаңтарда) мерекелеу бойынша Елшіліктің жоспарларымен бөлісті.

Қосылған : 2.11.2017, 17:15, Өзгертілген : 2.11.2017, 17:15