Қазақстан Республикасынан бала асырап алу тәртібі

Қазақстан Республикасынан бала асырап алу тәртібі «Халықаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық және балаларды қорғау жөніндегі» Конвенцияға және Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес жүргізіледі. Қазақстаннан бала асырап алуға ниет білдірген шетел азаматтары, өз елінде халықаралық бала асырап алу жөніндегі агенттікке барлық қажетті құжаттарды тапсырады. Өз кезегінде агенттік ҚР-дың шетелдегі мекемесіне Қазақстанның азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырап алуға ниет білдірген шетелдіктерді есепке алу туралы жазбаша қолдаухат жолдайды.

«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырап алуға ниет білдірген шетелдіктерді есепке алу туралы қағидаларға» сәйкес шетел азаматтары есепке тұру үшін келесі құжаттарды ұсынады:
1) есепке тіркеу туралы жазба өтініш (өтініште тегі, аты-жөні, күні мен туған жері, паспорттың нөмірі, берілген күні, берген мекемесі көрсетілуі тиіс;
2) есеп карточкасы. Есеп алу карточкасына есепке алушы тұлғаның фотосуреті қоса бекітіледі;
3) төлқұжат көшірмесі;
4) консулдық алым (ҚР-дың шетелдегі мекемесінің консулдық алымының мөлшері).
Консулдық лауазымды тұлға құжаттарды қарастырып, оларды тапсырған күннен бастап, үш жұмыс күн ішінде тиісті анықтама береді. Құжаттарды толтыру немесе тапсыру уақытында қажетті құжаттар толық немесе анық болмаса, шетелдегі мекемелер құжаттарды шетелдік азаматтарға қайтарады. Шетел азаматтары қате жіберген кемшіліктерді түзеген жағдайда, құжаттар шетелдегі мекемеге қайта тапсырылады.
Одан кейін барлық құжаттар халықаралық бала асырап алу жөніндегі агенттіктің Қазақстан аумағында тіркелген өкілдігіне жолданады. Өкілдіктің қызметкері көрсетілген құжаттарды ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне тапсырады (бала асырап алу тәртібі мен рәсімін Комитеттің www.bala-kkk.kz сайтынан қараңыз).
Қазақстанға бала асырап алу мақсатымен келетін шетел азаматтарына ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне қазақстандық виза рәсімдеу үшін шақыру жолдайды. ҚР СІМ КҚД барлық құжаттарды қарастырып, шетел азаматының болу еліндегі Қазақстанның дипломатиялық мекемесіне рұқсат жолдайды. Одан кейін, шетел азаматы қазақстандық виза алу үшін, сол елдегі ҚР-дың дипломатиялық өкілдігіне хабарласуы қажет (Қазақстанға виза алу тәртібін «Қазақстан Республикасына виза рәсімдеу тәртібі» тармағынан немесе болу еліндегі ҚР-дың дипломатиялық өкілдігінің сайтынан көруге болады).

Қосылған : 17.01.2014, 14:06, Өзгертілген : 16.05.2014, 01:02