ҚР СІМ-де шақыруларды ресімдеу тәртібі

ҚР СІМ-де шақыруларды ресімдеу тәртібі

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдайды және келіседі («Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы).

Вербалды нота виза алушының Қазақстан Республикасына болжамды келу күніне күнтізбелік 90 күннен ерте емес және екі аптадан кешіктірілмей беріледі («Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар)).

Шақыруды қарастыру мерзімі – 5 жұмыс күні (жүгінген күннен бастап).

Қазақстан Республикасына келуге шақыру ресімдеу үшін шақырушы тарап ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне Қағидалардың
3-қосымшасына сәйкес екі данада толтырылған кестені (қағаз нұсқада және электронды құрылғыда) және ресми нотаны ұсынады.

Қағидаларда қарастырылған жағдайларда, қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.

5 жұмыс күні өткеннен кейін, шақырушы тарапқа шақыру нөмірі хабарланады. ҚР СІМ КҚД-де тіркелген нөмір, шақыру күні шақырушы тараппен шетел азаматына беріледі (түпнұсқа немесе шақырудың сканерден өткізілген көшірмесі).

Келісілген нөмірді алғаннан кейін, шетел азаматына ҚР визасн алу үшін ҚР-дың шет елдердегі консулдық мекемелеріне жүгіну керек.

Визаны беру орны виза алушының азаматтығына тиесілі елге және (немесе) тұрғылықты жеріне қатысты консулдық округке сәйкес анықталады.

Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында ресми делегация мүшелеріне, Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтарына, сонымен қатар виза алушыларға шақыру негізінде ҚР СІМ береді.

Қосылған : 8.06.2017, 16:25, Өзгертілген : 8.06.2017, 16:25