​Заңнамаға енгізілген түзетулер дипломатиялық қызмет тиімділігін арттырады

2017 жылы 20 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның дипломатиялық қызмет органдарының жұмысының тиімділігін алдағы уақытта арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды.

Жаңа заңда Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі және Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты (өкілетті) өкілі аңықтамасы көрсетілген, Мемлекет басшысымен тағайындалмаған Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты (өкілетті) өкілдерінің мәртебесі нақтыланған және Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілеріне Қазақстан Республикасын бірнеше шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарда таныстыруды қоса атқару өкілеттілігін арту құзыреті бекітілген.

Жаңа заңға сәйкес, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеуді жүзеге асыру және дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және (немесе) оның өкілдітерінің басшылары мен мүшелерін, консулдық мекеме қызметкерлерін аккредиттеу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің құзыретіне анықталды, сондай-ақ орналасқан жері Қазақстан Республикасы болып табылатын Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымы енгізілді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің Сирек кездесетін шет тілдер тізімін бекіту құзыреті және Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы «Шаруашылық басқармасы» РМК дипломатиялық қызмет органдарына материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және сервистік қызметті жүзеге асыру құзыреті заңнамалық деңгейде белгіленді.

Сонымен қатар, жаңа заң аясында дипломатиялық қызмет персоналының үздіксіз жұмысының мерзімі өзгертілді. Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты (өкілетті) өкілдері бес жылдан аспайтын мерзім аралығында үздіксіз қызметін атқара алады, алайда қызметтік қажеттілік жағдайында мерзім Қазақстан Республикасының Президентімен ұзартылуы мүмкін. Сондай-ақ шет ел мекемелерінің басшылары (Сенімді уәкілдер, Уақытша Сенімді уәкілдер, Бас консулдар, консулдықтың басшылары) жоғарыда көрсетілген тұлғаларды есептемегенде, 4 жылдан аспайтын мерзім аралығында үздіксіз қызмет атқара алады. Дәл осындай мерзім (4 жылдан аспайтын) бойынша Кеңесші уәкілдер, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты (өкілетті) өкілдерінің орынбасарлары және сирек кездесетін шет тілді меңгерген дипломатиялық қызмет персоналы үздіксіз қызмет атқара алады. Жоғарыда көрсетілген тұлғалардан басқа дипломатиялық қызмет персоналы 3 жылдан аспайтын мерзім аралығында үздіксіз қызмет атқара алады. Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты (өкілетті) өкілдерінен басқа тұлғалардың үздіксіз қызмет атқаруын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бір жылдан аспайтын мерзімге ұзарта алады.

Өзертулерді енгізудің мақсаттары дипломатиялық қызмет органдарының кадрлық әлеуетін нығайту және сақтау сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шет елдік мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.

Заңды іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға соқтырмайды және мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындардың ұлғаюын талап етпейді.


Қосылған : 27.06.2017, 18:25, Өзгертілген : 27.06.2017, 18:25