Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті туралы Ереже

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Жауапты хатшысының

2011 жылғы 27 қазандағы

№ 08-1-1-1/458 бұйрығына

10 қосымша

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

 Консулдық қызмет департаменті туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Консулдық қызмет департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
(бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық  актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің (бұдан әрі - Министр) келісімімен Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1) Еуропа және Америка  басқармасы;

2) Азия, Африка және Таяу Шығыс басқармасы;

3)Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы басқармасы;

4) Паспорттық-визалық басқармасы;

5) Консулдық-құқықтық мәселелер және көші-қон басқармасынан құрылады;

6) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау мен мониторинг жүргізу және сараптау басқармасы.

2. Департаменттіңнегізгі міндеттері,

құқықтары мен функциялары

        

         5. Міндеті: Шетелде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Функциялары:

         1) Қазақстан Республикасының шетелде зардап шеккен азаматтарына көмек көрсету;

         2) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерімен және Құрметті консулдарымен азаматтық, халықаралық бала асырап алу, заңдастыру және апостильдеу, құжаттарды талап ету, виза беру, азаматтық актілерді тіркеу, құжаттандыру, Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық тіркеуге алу жөнінде және тағы басқа консулдық әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асыруын үйлестіру;

         3) Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері мен Құрметті консулдарын оларға жүктелген консулдық функцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен, сонымен қатар қатаң есептегі бланкілеріменқамтамасыз ету;

         4) Қазақстан Республикасының консулдық мекемелеріне Министрліктің қызметкерін құрамын іс-сапарға жіберу алдында оларға іс тәжірибесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың консулдық функцияларды жүзеге асыру дайындығы бойынша қорытынды беру;

         5) Департаментке жүктелген жалпы міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға қажетті материалдарды беру бойынша құрылымдық бөлімшелерге, Министрлікке бағынышты ұйымдарға, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне сауал жолдау;

         6) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тәжірибелік көмек көрсету және тексеріс өткізу мақсатында Департаменттің қызметкерлерін іс-сапарға жіберу жөнінде ұсыныстар беру;

         7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, басқа да функцияларды жүзеге асыру.     

         6. Міндеті: Қазақстан Республикасының консулдық қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу.

Функциялары:

         1) шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың консулдық саясатының аспектілері бойынша аналитикалық, ақпараттық және анықтамалық материалдарды дайындау;

         2) консулдық мәселелер жөніндегі келіссөздерде Қазақстан Республикасының ресми ұстанымын белгілейтін ұсыныстар жасау;

         3) Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерінің басшыларына консулдық патентті ресімдеу, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің басшысын тағайындау бойынша Қазақстан Республикасының келісімі немесе келіспеушілігі туралы шет мемлекеттердің дипломаттық өкілдіктеріне және/немесе консулдық мекемелеріне хабарлау және экзекватура ресімдеу;

4) Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерінің есептерін және басқа анықтамалық-ақпараттық материалдарын қарастыру және оларға қорытындылар мен ұсыныстар дайындау.            

         7. Міндеті: Шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының консулдық карым-қатынастарын дамыту.

Функциялары:   

         1) Қазақстан Республикасының консулдық қызметін жетілдіру мақсатында шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен консулдық қатынасты дамытудағы болашақ және басым бағыттарын анықтау жөнінде Министрліктің басшылығына ұсыныстар енгізу;

2) Консулдық саладағы сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының саясаты туралы шет мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға анық ақпарат беруге жәрдемдесу;

         3) Министрліктің басшылығына шетелде Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерін және Қазақстан Республикасында шетелдік консулдық мекемелерін ашудың оңдылығы туралы, сонымен қатар консулдық аймақтың шекарасын белгілеу туралы ұсыныстар енгізу;

         4) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен туристік, мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық байланыстарын дамытуға жәрдемдесу;

         5) Департаменттің құзыреті шеңберіндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды дайындауға тиісті мамандарды жұмылдыру және Қазақстан Республикасының консулдық сұрақтары бойынша ресми ұстанымын қалыптастыру мақсатында жұмыс топтарын құру жөнінде ұсыныстар енгізу.

         8.  Міндеті: Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдердегі консулдық мәселелерді қамтитын бөлігінің орындалуын үйлестіруді іске асыру және қажет болған жағдайларда оларды өзгерту, толықтырулар енгізу және күшін жою жөнінде ұсыныстарды дайындау.

         Функциялары:

         1) Қазақстан Республикасының консулдық сұрақтарына қатысты халықаралық келісімдерге қол қою, оларды орындау, өзгеріс енгізу, толықтыру және күшін жою бойынша келіссөздерді өткізуге қолдау көрсету және оған қатысу;

         2) Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, консулдық сұрақтарға қатысты халықаралық келісімдердің орындалуын дұрыс қадағалайды және қажет болған жағдайда, оларға өзгертулер, толықтырулар енгізеді және күшін жояды;

         3) консулдық қызметке қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерінің, сонымен қатар нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

         9. Міндеті: Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын
Департамент құзыретіне жататын мәселелерге қатысты ақпаратпен қамтамасыз ету.

         Функциялары:

         1) Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ұзарту, тіркеу, сақтау және жоюды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелері қызметкерлерінің шақыруы бойынша немесе қызметтік іссапарға баратын Қазақстан Республикасының азаматтарына шет мемлекеттерінің визасын алуға жәрдемдесу.

         2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа да мүдделі ұйымдарды консулдық мәселелер бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету.

         10. Міндеті: Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдармен консулдық мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық саладағы қызметін координациялау.

         Функциялары:

         1) консулдық қатынастар шеңберінде іс-шараларды өткізудің мақсаттылығы, сонымен қатар оған мемлекеттік органдар өкілдері мен басқа да Қазақстан Республикасының мүдделі ұйымдарының қатысуының мақсаттылығы бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

         2) шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне консулдық функцияларды жүзеге асыру бойынша көмек көрсету;

         3) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының визаларын беру, ұзарту және жою;

         4) Қазақстан Республикасының консулдық мекемелеріне виза сұрақтар бойынша бағыт беру және ҚР визаларын беруді бақылау;

         5) визалық жапсырмасының, Қазақстан Республикасының визасын алу үшін толтырылатын сауалнаманың, дипломаттық және қызметтік паспорттардың, елге қайтару куәлігі мен белгілер қою формасының, мөрлер мен мөртабандардың үлгілерін әзірлеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкілетті органдарымен келісу және бекітуге беру;

         6) шетелдік ұйымдар мен мекемелерден шығатын құжаттар мен актілерді, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ұйымдары мен мекемелерінен шығатын құжаттар мен актілерді заңдастыру;

         7) ҚР Президентінің жанындағыазаматтық сұрақтар жөніндегі Комиссиясына Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерінің материалдары бойынша азаматтық сұрақтарға қатысты құжаттарды дайындау;

         8) консулдық іс-әрекет атқару барысында консулдық алым алу;

         9) консулдық іс-әрекет атқару барысында консулдық алымды алудың дұрыстығын Валюта-қаржы департаментімен бірге бақылауды жүзеге асыру;

         10) Қазақстан Республикасының консулдық сұрақтар бойынша халықаралық келісімдер дұрыс орындалуына кедергі жасайтын жатқан нормативтік-құқықтық актілерді тоқтату, күшін жою туралы ұсыныстарды енгізу;

         11) Департамент құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша республикалық және халықаралық конференцияларға, семинарларға және жиналыстарға қатысу.

         11. Міндеті: Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен консулдық қатынастарын, олардың консулдық сұрақтар бойынша саясаттарын талдау.    

         Функциялары:   

         1) Департаменттің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша шетел мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың уәкілетті өкілдерімен келіссөздер өткізу және қатысу.

         12.Міндеті:Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі құрметті консулдар институтын нығайту және оны консулдық тәжірибеде одан әрі қолдану.  

Функциялары:

1) консулдық мекемелермен және Қазақстан Республикасының құрметті консулдарымен консулдық сұрақтар бойынша өзара әрекеттесуді жүзеге асыру, қажетті ақпаратпен және құжаттармен алмасу. 

13. Міндеті: Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық келісімдерді орындаудағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру.

Функциялары:

Жетекшілік ететін бағыттар аясында ішінде орталық мемлекеттік органдар берген ақпаратты талдау:

1) сыртқы саяси бағаны қоса отырып ағымдағы жылы күшіне енген халықаралық келісімдердің орындалуы туралы;

2) Қазақстан Республикасы келіскен тарап болып табылатын қол қойылған және күшіне енбеген халықаралық келісімдер бойынша мемлекет ішіндегі рәсімінін орындалуы туралы, сонымен қатар орындалмағандығының себебі туралы;

осы ақпаратты Министрліктің Халықаралық-құқықтық департаментіне беру.

14. Міндеті: Шет ел мемлекеттерімен ынтымақтастық бойынша бірлескен үкіметаралық комиссиясының (комитеттер, кеңестер) қазақстандық бөлігін жалпы үйлестіру және қызметін бақылау (бұдан әрі - комиссия).

Функциялары:

Жетекшілік ететін бағыттардың ішінде:

2) жетекшілік ететін мемлекеттерде Қазақстан Республикасы шетелдік мекемелерінің қатысуымен бірлескен үкіметаралық комиссиясының жұмысына жәрдемдесу;

3) Министрліктің басшылығына комиссиялардың (комитеттер, кеңестер) және шағын комиссиялардың (подкомитет, жұмыс топтар) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты болып саналатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің жобаларына ұсыныстарды әзірлеу және енгізу.  

15. Құқығы және міндеттері:

Департамент міндетті:

1) ҚР Конституциясының тәртібін, заңдарды, Президенттің актілерін, Үкіметтің және басқа нормативтік құқықтық актілердің ережелерін сақтауға;

2) Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындауға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды тиімді және мерзімді жүзеге асыруына қамтамасыз етуге;

4) Министрлік әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға, сондай-ақ егер оның әзірленуі Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінде болса, оған келісу арқылы қатысуға;

5) Департаменттің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге. 

3. Департаменттіңқызметін ұйымдастыру

16. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

17. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша Министрдің келісімімен Жауапты хатшы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын директор басқарады.

18. Департамент директорының ұсынысы бойынша Министрдің келісімімен Жауапты хатшы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Департамент директорының екі орынбасары болады.

19. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

20. Департамент директоры Министрліктің басшысына Департаменттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

21. Директор осы мақсатта:

1) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жалпы басқаруды және үйлестіруді жүзеге асырады;

2) Департамент қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Департаменттің жұмысын жоспарлайды;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

22. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттіктері шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департаменттің директоры болмаған кезде Департаментке жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
         23. Басқармаларды Департамент директорының ұсынысы бойынша лауазымға Министрдің келісімімен Жауапты хатшы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшылар басқарады.

24. Департаменттің жұмысын ұйымдастыру, бақылау және қамсыздандыру әрбір қызметкердің өзі орындайтын тапсырмалардың сапасына және мерзіміне дербес жауапкершілік болу принципінде құрылады.

25. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

                

Қосылған : 27.04.2014, 19:57, Өзгертілген : 16.05.2014, 01:00