«ҚАЗАҚСТАН ШЕТЕЛДІК БАҚ КӨЗІМЕН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның өмірі, мәдениеті, салт-дәстүрі және қазіргі дамуының үрдістерін ерекше айқындап, объективті жарықтандырған авторлар арасында өткізілетін

«ҚАЗАҚСТАН ШЕТЕЛДІК БАҚ КӨЗІМЕН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕ

1. Байқау мақсаты

Шетелдік БАҚ-тарда авторлардың Қазақстан туралы аса таңдаулы және объективті журналистік репортаждар, очерктер, сюжеттер және талдамалы-сараптамалық материалдарын марапаттау. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын жарықтандыратын шетелдік БАҚ және авторлардың жұмыстарын кәсіби сапалы жасауын дамытуда қолғабыс ету.

2. Байқаудың қисындылығы

Байқаудың өткізілуі Қазақстанда ішкі, өңірлік және халықаралық деңгейдегі іс-шараларды жарықтандыруға қызығушылық танытқан шетелдік журналистер мен БАҚ-тар үшін қолайлы жағдай жасайды.

3. Байқаудың мақсаты

Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында қазіргі Қазақстанның экономикасы, тұрмысы, мәдениеті, өнері және алуан түрлілігі туралы айқын, сапалы және объективті материалдар тудыру мен таратуда қолғабыс көрсету.

4. Ұйымдастыру комитеті

Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізеді.

Ұйымдастыру комитетін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко басқарады.

Байқау жұмыстарының қорытынды сараптамасын Қазылар алқасының мүшелері шығарады.

Қазылар алқасының құрамына:

- ҚР Сыртқы істер министрі Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы;

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Василенко Роман Юрьевич;

- Қазақстан Бас редакторлар клубының президенті Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы.

5. Байқаудың жүлделері:

Байқаудың бас жүлдесі – ауқымды мәдени бағдарламалармен қамтамасыз етілетін Астана, Алматы қалалары және «Бурабай» курортына сапарлар мен «эконом» кластағы әуе көлігімен ұшу, төрт жұлдыздан кем емес дәрежедегі қонақ үйлерде тұруды қамтитын ү.ж қыркүйекте өтетін Қазақстанға сапар.

Бұдан басқа байқау жеңімпаздарына ҚР Сыртқы істер министрінің алғыс дипломдары тапсырылады.

Халықаралық БАҚ-тарда еліміз туралы сапалы, кәсіби және объективті жарықтандыруға мақсатталған шетелдік кәсіби журналистерді кәсіби пулдармен ұзақ мерзімді байланыстар мен ынтымақтастықты орнатуға жаңа мүмкіндіктер тудыратын Қазақстанның ресми тұлғаларымен, ғалымдарымен, сарапшыларымен және тілшілерімен, ғылым мен мәдениет қайраткерлерімен кездесулер қарастырылған.

6. Байқаудың географиясы:

Байқаудың географиясы 5 макроөңірді қамтиды:

- Оңтүстік және Солтүстік Америка

- Еуропа

- ТМД және Балтық елдері

- Таяу Шығыс және Африка

- Азия, Аустралия және Тынық мұхит елдері.

Көрсетілген аймақтардың әрқайсысынан бір жеңімпаз анықталады.

7. Байқауды өткізудің тәртібі:

Байқауға қатысу үшін байқау материалын шетелдік БАҚ-тарда 2015 жылғы 1 қаңтар мен 26 маусым аралығы кезеңінде жариялау қажет.

Ұйымдастыру комитеті қатысу үшін өтінімдерді 2016 жылдың 25 маусымына дейін қабылдайды.

Барлық жұмыстарды contest@mfa.kz электрондық поштасына жолдау қажет.

Файл форматы: PDF. Өтінімді енгізу тілі: ағылшын, орыс. Байқауға қатысуға ұсынылған ақпараттық материал басқа тілде жарық көрген жағдайда оның ағылшын, орыс немесе қазақ тілдерінде аудармасын ұсыну қажет. Мақаланың көлемі: 2000 сөзден аспауы тиіс.

2016 жылдың 5 және 28 маусым аралығында барлық географиялық макроөңірлер бойынша үздік жұмыстарды анықтау үдерісі жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша Ұйымдастыру комитеті Қазылар алқасы мүшелеріне үздік жұмыстарды табыстайды, ал Қазылар алқасының мүшелері 10-баллдық шкаламен көрсетілетін балдарын қою арқылы әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтайды.

Байқау қорытындылары 2016 жылдың 5 шілдесінде жарияланады.

Байқау жеңімпаздарын анықтау қорытындысы бойынша Қазақстанға сапар алдында әр қатысушы тұрғылықты еліне оралғаннан кейін бір ай ішінде сол елдің БАҚ-дарында сапардың нәтижелері туралы кем дегенде мақаланы жариялаймын деген кепілдеме хатына қол қоюы тиіс.

8. Байқауға қатысушылары:

Байқауға қатысушылары - шетелдік баспасөз, электрондық және онлайн БАҚ-тардан өкілдік ететін жеке тұлғалар, БАҚ-тың штаттық және штаттан тыс қызметкерлері бола алады.

9. Байқаудың ұйымдастырушыларымен cеріктестері:

mfakz.jpglogo.jpg1236.jpg

klm.jpgkazrailways.jpg

rixos president.jpgrixosborovoe.jpgargymak - logo.jpg

Қосылған : 31.05.2017, 00:00, Өзгертілген : 31.05.2017, 14:50