Саясаткер мен сарапшылар Астананың халықаралық рөлін талқылайды

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасымен және Қорымен бірлесіп, 2018 жылғы 5 маусымда «Астана – бейбітшілік қаласы» атты халықаралық конференциясын ұйымдастыруды жоспарлауда.

Елорда мерейтойы - бұл ұлттық және халықаралық ауқымдағы оқиға. Тарихи қысқа мерзімде жаңа астананы дамыту бүкіл Қазақстанды түбегейлі өзгертіп, оны экономикалық қуатты және саяси тұрақты мемлекетке, жауапты әрі беделді халықаралық әріптеске айналдырды.

20 жыл ішінде Астана жаңа Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени орталығына айналумен қатар, өзін дипломатиялық, халықаралық әріптестік пен интеграцияның маңызды орталығы ретінде танытты.

Конференцияның мақсаты өңірдегі және әлемдегі қауіпсіздік және даму мәселелерін бірлесе шешу мақсатында өзара сенім шараларын және әріптестікті нығайтудың жаңа идеяларын талқылау болып табылады. Аталмыш тақырып конференцияның бірінші сессиясында кеңінен қаралатын болады.

«Ақылды қалалар» туралы сессияда қатысушылар интеллектуалды қала технологияларын ендіруді, олардың отандық және халықаралық бизнес дамуына ықпалын тигізе отырып, Астананың озық технологиялардың халықаралық орталығы ретінде нығаюын қамтамасыз етуді талқылайды.

Елорданың қаржы, сауда және көлік инновациялық хабы ретіндегі дамуы жоспарына арналған 3-ші сессия Астананың «Белдеу мен жолдағы» мүмкіндіктерін, оның Батыс пен Шығыс арасындағы диалогтағы рөлін және өңірлік әрі халықаралық сауда мен байланысқа ықпал ету әлеуетін қарастыруды ұсынады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының, «Жасыл технологиялар» халықаралық орталығы мен Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің іске қосылуы мен қызметіне ерекше назар аударылмақ.

Конференцияға Италияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Франко Фраттини, Ислам ынтымақтастық ұйымыныңбұрынғы Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Мұратбек Иманалиев, Біріккен ұлттар ұйымы Бас хатшысының Сирия бойынша Арнайы өкілінің орынбасары Рамзи Еззельдин Рамзи, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен парламент өкілдері, халықаралық қауіпсіздік, қаржы, қала дамуы саласындағы сарапшыларқатысады.

Қатысу және аккредитация мәселелері бойынша pressa.mfa.kz@gmail.com және +7 (7172) 720011 телефонына хабарласуды сұраймыз. Іс-шара бағдарламасымен мына жерде танысуға болады.

Аккредиттеу үшін журналистердің мәліметтерін 2018 жылғы 4 маусым күні 12:00-ге дейін электрондық поштасына жолдауды сұраймыз.

Қосылған : 24.05.2018, 16:00, Өзгертілген : 24.05.2018, 16:00