БҰҰ жаһандық бастамасының Үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы Нұр-Сұлтанда өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 18 маусым - БҰҰ жаһандық бастамасы Үйлестіру кеңесінің «экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс істеу бойынша күш-жігерді қолдау және пенитенциарлық мекемелерде радикализацияның алдын алу» (БҰҰ ЖИ) бірінші отырысы өтті. Кеңестің мүшелері мүдделі мемлекеттік органдары мен азаматтық қоғам өкілдері кіреді.

Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Станислав Василенко кеңеске қатысушылардың назарын Қазақстанның терроризмге қарсы күреске ерекше мән беретіндігіне және халықаралық терроризмге қарсы күрес БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігінің жеті басымдығының бірі екендігіне аударды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттердің жаһандық террорға қарсы коалициясын (желісін) құру жөніндегі бастамасын іске асыру шеңберінде өткен жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі тәртіп кодексіне қол қойылып, бүгінгі таңда 80-нен астам ел құжатқа қосылды. Құжат инновациялық сипатқа ие, өйткені бірінші рет қауіпсіздік пен терроризмге қарсы күрестің өзара тәуелділігін мойындайды. Кодекс барлық мемлекеттерді терроризмге қарсы күрес жөніндегі БҰҰ-ның қолданыстағы 19 негізгі құжаттарына қосылуға шақырады. Өз кезегінде біздің Республика БҰҰ-ның жоғарыда көрсетілген барлық құқықтық құралдарын бекітті.

Экстремизмнің таралу қаупінің артып келе жатқанын мойындай отырып, 2018 жылдың желтоқсанында Қазақстан алғашқылардың бірі болып жаһандық бастамаға қосылды. Жобаны БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Терроризмге қарсы орталығы және БҰҰ Терроризмге қарсы комитетінің Атқарушы директораты жүзеге асырады.

2018-2021 жаһандық бағдарламаның ресми іске қосылуы 2018 жылдың желтоқсанында Нұр-Сұлтанда өтті.

Бағдарламаның жалпы бюджеті 9,1 миллион АҚШ долларын құрайды және Еуропалық Одақ (4,7 млн.), БҰҰ-ның террорға қарсы басқармасы (3,0 млн.) және Нидерланды Корольдігінің Үкіметі (1,4 млн.) қаржыландырады.

Қосылған : 19.06.2019, 09:40, Өзгертілген : 19.06.2019, 09:40