​«Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік қызмет паспорты

Қызмет көрсетуші:

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

Инвестициялар комитеті

Жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Веб-сайт:

http://mfa.gov.kz

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

Инвестициялар комитеті

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

Қағаз түрінде

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

Инвестициялық субсидия беруді қоспағанда – 35 (отыз бес) жұмыс күні

Қажетті құжаттар тізбесі:

  • 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 бұйрығымен бекітілген инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім;
  • 2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;l
  • 3) заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
  • 4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
  • 5) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру жергілікті атқарушы органмен алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар (егер өтінімде мемлекеттік заттай грант түрінде инвестициялық преференция көзделген жағдайда ұсынылады);
  • 6) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасының мемлекеттік сараптаманың қорытындысы (егер өтінімде салықтар бойынша преференциялар және (немесе) инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда ұсынылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт

Инвесторларға қызмет көрсету орталығының нөмірі:

8 (7172) 983-678

* толық ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен танысуды сұраймыз

Қосылған : 3.04.2019, 15:05, Өзгертілген : 3.04.2019, 15:05