Парижде Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік кеш өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында Париж қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұсынылаған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдени-этнографиялық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында танымал қазақстандық сәнгерлері – «Зекен Мода» брендінің қалаушысы Қайролла Әбішев, «Аспара» сән үйінің негізін қалаушы Айдархан Қалиев пен зергер-суретші Нұрдос Әліасқаров өз коллекцияларын ұсынды.

Кештің құрметті қонақтары арасында Сенаттағы «Франция-Орталық Азия»достық тобының төрағасы Натали Гуле, ТҮРКСОЙ Халықаралық түрік мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, сондай-ақ Францияның Ұлттық Ассамблеясы, Еуропа және сыртқы істер министрлігі, Париж қаласының әкімдігі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, «Пьер Карден» мен «Bulgari» сән үйлері және БАҚөкілдері, бизнесмендер, танымал блогерлер және Қазақстанмен достық бірлестіктерінің мүшелері болды.

Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев өз құттықтау сөзінде қазақ халқының бай және бірегей тарихи мұрасын жандандыру және Қазақстанды жаңғыртуға арналған «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Рухани Жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» Елбасының бастамаларын халыққа таныстырды. «1 желтоқсан күні, біздің еліміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. Бұл ретте, біздің халқымыз өзінің көшбасшысы мен реформаторына үлкен құрметпен қарайды. Оның стратегиялық көзқарасы арқасында Қазақстан әлемдегі ең серпінді экономикалардың біріне айналып, халықаралық аренада өз орнын нығайтуға және өз мәдениеті мен құндылықтарын ілгерілетуге мүмкіндік алды.

Қазіргі кезде Қазақстан әлемдік қоғамдастық алдында өңірлік және ғаламдық мәселелерді шешуге үлес қосып, жауапты, сенімді және талап ететін серіктес ретінде құрметке ие болды», - деді Қазақстан Елшісі.

Ежелгі дәстүрлердің үйлесімді бірігуі мен жаңғыртуы және рухани жаңарту тақырыбы көрсетілген коллекцияларды көрермендер қошеметпен қарсы алды. Мерекелік шара барысында өнер көрсеткен белгілі «Бастау» домбырашыларының дуэті және халық әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлнұр Оразымбетова, сондай-ақ қонақтарға жайылған дәстүрлі қазақ дастарқаны еліміздің ұлттық ерекшелігін танытты.

«Даңқты тарихы мен жарқын болашағы бар мемлекеттеріңіз халықаралық беделін нығайта отырып, тұрақты және мақсатты түрде алға жылжуда. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев мырза бұл үшін үлкен жұмыс жасады. Ол кісінің көрегендігі мен прагматизмінің арқасында елдеріңіз бүгінгі күні қарқынды дамып келеді. Президенттің көпэтникалық халықтың мәдениетін жандандыру және бірлігін нығайту жөніндегі бастамалары ұлттың «цементі» болып табылады» – деп «Vladi France Conseil» компаниясының директоры, «Дипломатиялық жаршысы» атты журналының бас редакторы Дидье Видальпікір атап өтті.

«Сіздердің сұлу мәдениеттеріңізге таңғалдық. Бүгінгі киімдерді көріп, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін тамашалаған сияқты болдық», – Ғылым және индустрия мұражайының халықаралық ынтымақтастық бөлім басшысы Софи Бьешлер өз әсерімен бөлісті.

«Бүгінгі көрген дизайнерлердің ерекше талғамы бар, жалпы мен сәнгерлердің бұл жағын аса бағалаймын. Шығармашылықта бірегей тәсілдеме мен ерекше идеяларын ұнатамын. Бірегей ерекшелігімен көзге түсетін жасампаз адамдармен кездесуді әрқашан қызыға күтемін», – деді «Oriental Fashion Week» президенті, дизайнер Хинд Джудар.

Бұл шара Елшілік бастаған «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға бағытталған «Франциядағы Қазақстан күзі» атты мәдени маусымын қорытындылады. Бұл жоба еуропалық қоғамдастықтың қазіргі заманғы өнердегі даму процестерінің жоғары деңгейін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік берді.

Қосылған : 28.11.2018, 01:05, Өзгертілген : 28.11.2018, 01:05