Парижде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

24 ақпаннан - 4 наурызға дейін Парижде «SIA-2018» ірі халықаралық ауылшаруашылық көрмесі өтуде. Экспозицияда мал шаруашылығы, бау-бақша, азық-түлік және ауыл шаруашылығы техникасы сияқты бірнеше негізгі павильондар ашылды.

Көрме шеңберінде Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев Францияның Мал шаруашылық институтының Халықаралық қатынастар бойынша директоры Филипп Анэмен ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Француз тарапы еліміздің ауыл шаруашылығын дамытудағы зор әлеуетін атап өтті және ауылдың ішкі инфрақұрылымын нығайту және адам капиталын ұлғайту қажеттілігіне назар аударды.

Өз кезегінде, қазақстандық дипломат аграрлық саладағы екі елдің қарым-қатынастарында, соның ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде кең мүмкіндіктер ашылатынын атап өтті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының отандық агроөнеркәсіптік кешенді технологиялық жаңғыру және біліктілікті арттыру арқылы адами әлеуетін дамыту бойынша міндеттері туралы айтылуда.

Әңгімелесу барысында бірқатар нақты бағыттар бойынша, оның ішінде кәсіби білімді дамыту және келешекте отандық фермерлер мен мал өсірушілерді өздігінен үйрете алатын қазақстандық сарапшыларды дайындау бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстанның кейбір өңірлерінде пилоттық ауыл шаруашылық кооперативтерін құру да бүкіл ел бойынша әріптестікті кеңейту үшін мүмкін болатын көріністер ретінде қарастырылады. Одан басқа, француз асыл тұқымды мал, атап айтқанда, Обрак, Лимузэн және Шароле сияқты әлемге әйгілі тұқымдарды импорттау мәселелері талқыланды.

Қосылған : 1.03.2018, 18:40, Өзгертілген : 1.03.2018, 18:45