Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселесі бойынша 2016 жылғы жұмыстар есебі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселесі бойынша 2016 жылғы жұмыстар есебі

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет ұсынушы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы аумағында сыртқы істер және сыртқы саясат саласындағы мемлекеттік қызметтерді (әрі қарай- мемлекеттік қызметтер) көрсетуші субъект Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (әрі қарай - Министрлік) болып табылады.

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 1-бабы 4) тармақшасына (әрі қарай - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының аумақ шегінен тысқары мемлекеттік қызметтер ҚР шет елдегі мекемелерімен көрсетіледі (әрі қарай - шет елдегі мекемелер).

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес (әрі қарай - Тізілім), сыртқы істер және сыртқы саясат саласында 13 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Оның ішінде, 3 мемлекеттік қызметтер Министрлікпен,
2 - Министрлікпен және шет елдегі мекемелерімен, 8 - шет елдегі мекемелерімен көрсетіледі.

2) Мемлекеттік қызметтері туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер саны

Тізілімге сәйкес, 2015 жылы Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарымен 13 бағытта 354 879 мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

1. «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» бойынша – 630 қызметтер;

2.«ҚР шет елдердегі мекемелерінің ҚР азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі» бойынша - 882 қызметтер;

3.«Шетелде ҚР азаматтарын тіркеу» бойынша – 6172 қызметтер;

4.«Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» бойынша – 866 қызметтер;

5.«ҚР кіруге және ҚР аумағы арқылы транзиттік өтуге визаларды беру, олардың мерзімін ұзарту» бойынша – 211 259қызметтер;

6.«Шетелдіктерге асырап алуға берілген ҚР азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» бойынша - 17 қызметтер;

7.«ҚР қызметтік паспорттарын беру» бойынша - 24 қызметтер;

8.«Консулдық заңдастыру» бойынша – 4779 қызметтер;

9.«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда ҚР Мемлекеттік Туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру» бойынша - 0 қызметтер;

10. «ҚР шетелде орналасқан кемелеріне қатысты ҚР заңнамасында немесе ҚР қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру» бойынша - 0 қызметтер;

11. «ҚР шетелде орналасқан кемелері қираған жағдайда теңіз талабы туралы акті жасау» бойынша – 0 қызметтер;

12. «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» бойынша – 103 955 қызметтер.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Дипломатиялық қызмет органдарының кәсіптік қызмет көрсету ерекшелігіне байланысты, сондай-ақ дипломатиялық және консулдық мекемелер Республиканың аумақ шегінен тысқары орналасқандықтан, ҚР аумағында орналасқан ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкін емес.

Дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ХҚКО арқылы көрсету жөнсіз деп тану туралы тиісті шешімҚР Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 қаулысымен бекітілген «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидалары» жүзеге асыру мақсатында Ведомствоаралық комиссияның 2014 жылғы 27-25 мамырдағы отырысында қабылданды.

Тегін және (немесе) ақылы түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Дипломатиялық қызмет органдарымен тегін түрінде 3 (үш) мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

  • 1.«Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру»;
  • 2.«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу»;
  • 3.«Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу».

Қалған 10 (он) мемлекеттік қызметтер ақылы түрде көрсетілді.

Электронды және (немесе) қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

ҚР дипломатиялық қызмет органдарымен 13 мемлекеттік қызметтің 12-сі қағаз түрінде көрсетілді.

1 мемлекеттік қызмет жартылай «Автоматтандырылған жұмыс орны» (АЖО) арқылы автоматтандырылды. Тәртіпке сәйкес, көрсетілген қызмет нәтижелері туралы ақпараттар ХҚКО БАЖ-нің дерекқорына енгізіледі.

Бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттер саны

Барлық 13 мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері ресми бекіту рәсімінен өтті.

Мемлекеттік қызмет стандарттары «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілді (мемлекеттік тіркеу 2015 жылғы 11 шілдедегі № 11646 ).

Мемлекеттік қызмет регламенттері «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығымен бекітілді (Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 қыркүйекте № 12056 тіркелді).

Ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2016 жылда Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарымен жалпы көрсетілген 329 122 мемлекеттік қызметтердің ішінде, 2 ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

  • 1)«ҚР кіруге және ҚР аумағы арқылы транзиттік өтуге визаларды беру, олардың мерзімін ұзарту» (211 259);
  • 2)«Шетелдіктерге ҚР кіруге шақыруды ресімдеу» (103 955).

2. Қызмет алушылармен жасалатын жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қол жетімді орындарымен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат

Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы Министрліктің (www.mfa.gov.kz) және шет елдегі мекемелердін интернет-ресурстарынан, «электронды үкімет» (www.egov.kz) веб-порталдан, Бірыңғай байланыс-орталығынан (1414) мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты алуға болады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттар жобасы www.mfa.gov.kzМинистрліктің интернет-ресурсында және www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталында жария талқылау үшін орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобасы жария талқылау шараларынан өтті, нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен ескертулер келіп түспеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

2013 жылы қабылданған, «Стандарттар мен регламенттерді дайындау әдістемелік» заңнамасының талаптарға сәйкес, мүдделі қызмет алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттар жобаларды жария талқылау үшін (www.e.gov.kz) «электронды үкімет» веб-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында www.mfa.gov.kz орналастырылды.

Қосымша, қызмет алушылардың назарын тудыру үшін Министрліктің интернет-ресурсында ақпарат бүктемесі мен жарнамалық баннер орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бағасын нормативтік-құқықтық бекіту, сонымен қатар «Консулдық алым ставкаларының, сондай-ақ жеделдігі үшін консулдық алым ставкасының ең төменгі және ең жоғары базалық мөлшерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпанда № 197 қаулысымен бекітілген, ақылы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің құны ҚР Салық Кодексінің негізінде есептеледі.

Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Министрлік пен шет елдегі мекемелердің интернет-ресурсында және қабылдау бөлмелерінің ақпараттық стендтарда көрсетілген.

  • 3.Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру бойынша іс-шаралар

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда ҚР мемлекеттік Туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру» қызметі автоматтандырылды. БАА және СІМ-мен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, аталған қызмет «ҰАТ» АҚ бірге «Автоматтандырылған жұмыс орнын» (АЖО) құру арқылы жүзеге асырылды. Тәртіпке сәйкес, көрсетілген қызмет нәтижелері туралы ақпараттар ХҚКО БАЖ-нің дерекқорына енгізіледі. Мемлекеттік қызмет стандартында тиісті өзгерістер енгізіліп, ҚР Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Есептік кезеңде Министрліктің кызметкерлері ҚР Мемлекеттіқ қызмет Агенттігімен ұйымдастырған мамандандырылған біліктілік арттыру курстарын өтті.

Қызмет көрсету деңгейін жетілдіру бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттар және регламентінің нормалар мен талаптарына сәйкес жүйелі түрде техникалық тренингтер және жиналыстар өткізілуде.

Дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің құны туралы ақпарат, интернет-ресурсында және Министрлік пен шет елдегі мекемелердің қабылдау бөлмесінің ақпараттық стендтарда көрсетілген. Стандарттар, регламенттер, паспорттар және жадынамалар туралы толық және өзекті ақпараттар орналастырылған стендтерді жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Министрлік қызметкерлері арасында ҚР мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс Кодексін мүлтіксіз орындау қажеттілігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қызмет алушылардың алынған қызметке қанағаттанушылығын арттыру мақсатында, ұдайы түрде консулдық-құқықтық мәселелер бойынша ақпараттандыру жұмыстары өткізілуде.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

2013 жылғы 14 тамыздағы №249 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаға» сәйкес, Министрлікпен 13 мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттер жобасы әзірленіп, жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізілген және олар мемлекеттік органдармен келісілді.

Мемлекеттік қызмет стандарттары «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілді (мемлекеттік тіркеу 2015 жылғы 11 шілдедегі № 11646 ).

Мемлекеттік қызмет регламенттері «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығымен бекітілді (Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 қыркүйекте № 12056 тіркелді).

Талаптарға сәйкес ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 3 тамыздағы № 799 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына» және әдістемелік ұсыныстарға сәйкес аталған қызметі «Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау» мемлекеттік қызмет ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 45 қаулысымен мемлекеттік Реестріне қосылды. Аталмыш қызмет ҚР шетелдегі мекемелерімен көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін әзірлеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар туралы ақпарат

2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағым келіп түспеді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы қорытынды

Министрлікпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізілді. Нәтижелері бойынша тоқсан сайын ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігіне 2013 жылғы 4 мамырдағы
№ 07-7/63 бұйрық ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасымен бекітілген, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау ережесінің формасына сәйкес есептеме жолданды.

Бұдан басқа, ішкі бақылау нәтижелері ай сайын «СІМ 2011-2015 жылға арналған Стратегиялық жоспарын» жүзеге асыру мәнмәтінде Министрліктің жұмыс отырыстарында қаралды.

2016 жылы шет елдегі мекемелерде тексерістердің жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызметті көрсету стандарттарды мерзімінде сақталуын және төлемін өндіріп алуын бақылау өтті.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша құқыққа қайшы құбылыстарды ескерту мақсатында, барлық шет елдегі мекемелерінде келесідегідей шаралар қолданылды:

1. «Сенім телефоны» орнатылды және келушілерге тікелей дипломатиялық өкілдіктің басшысына наразылық пен шағымдануға мүмкіндік тудыруға жауапты қызметкерлер («сенім қызметкерлері») тағайындалды.

2. Қызмет алушылардың өтініштері және тілектерімен жеке танысу мақсатында қол астындағы қызметкерлерімен жіберілетін бұзушылық үшін жеке жауапкершілігі жүктелген, шет елдегі мекемесінің басшысында қабылдау уақыты бөлінген.

3. Шетел уәкілеттігінде ақпараттық стендтарда және веб-сайттарда азаматтарды қабылдау ережесі, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережесі және консулдық алымдардың тарифтары, сондай-ақ лауазымды адамдарға, электрондық адрес және телефондар түріндегі байланыс мәліметтерін көрсетумен шағымдану ережесіне қатысты мәліметтер көрсетілген.

4. Шет елдегі мекемелердегі лауазымды адамдар мемлекеттік қызметті көрсетер кезде аты-жөні және лауазымы ағылшын немесе болу елінің тілінде көрсетілген бейджтерді тағу міндет қарастырылған.

Мониторинг және мемлекеттік қызмет сапасын бағалауды қамтамасыз ету мақсатында, ҚР шет елдегі мекемелер басшыларына мемлекеттік қызметті көрсетуді ерекше бақылауға алыну мәселесі, сонымен қатар Орталыққа уақытылы есеп беру мәселесі туралы өкім хаттар жіберілді.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау нәтижелері

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты есептік ақпарат МҚІА және ЭБЖМ тоқсан сайын жіберіліп отырды.

4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторинг нәтижелері

ҚР МҚІМ-мен мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызмет ұйымдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі өткізілді.

Үсыныстарды ескере отырып, Министрлікпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру мақсатында ҚР шет елдегі консулдық мекемелерде «сенім телефоны» орнату, шет елдегі мекемесінің басшысында қабылдау уақыты бөліну, шетел уәкілеттігінде ақпараттық стендтарда және веб-сайттарда азаматтарды қабылдау ережесі және мемлекеттік қызметтерді көрсету ережесі және консулдық алымдардың тарифы, сонымен қатар лауазымды адамдарға, электрондық адрес және телефондар түріндегі байланыс мәліметтерін көрсетумен шағымдану ережесіне қатысты мәліметтер көрсетілген.

Қабылданған іс-шаралардың арқасында шетелдегі мекемелердің интернет ресурстарында мемлекеттік қызмет стандарттары, регламенттері және паспорттары бойынша ақпарат толығымен жаңартылды.

Сондай-ақ, тиісті мағлұмат ҚР Елшіліктерінің және консулдықтардың ақпараттық стендттерінде орналастырылған. Ұқсас ақпарат Министрлік пен «Электронды үкіметтің» веб-сайттарында орналасқан .

5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының тиімділігін одан әрі арттыру және қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру перспективалары

2017 жылы Министрлікпен мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында едәуір көлемде жұмыстар атқару жоспарлануда.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және көрсету мерзімін қысқарту бойынша іс-шаралар атқарылатын болады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды түрге аудару бойынша тиісті шаралар жоспарлануда.

Қосылған : 5.09.2017, 17:05, Өзгертілген : 5.09.2017, 17:05