Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселесі бойынша 2014 жылғы жұмыстар есебі

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет ұсынушы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы аумағында сыртқы істер және сыртқы саясат саласындағы мемлекеттік қызметтерді (әрі қарай- мемлекеттік қызметтер) көрсетуші субъект Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (әрі қарай - Министрлік) болып табылады.

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 1-бабы 4) тармақшасына (әрі қарай - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының аумақ шегінен тысқары мемлекеттік қызметтер ҚР шет елдегі мекемелерімен көрсетіледі (әрі қарай - шет елдегі мекемелер).

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес (әрі қарай - Тізілім), сыртқы істер және сыртқы саясат саласында 12 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Оның ішінде, 3 мемлекеттік қызметтер Министрлікпен,
2 - Министрлікпен және шет елдегі мекемелерімен, 7 - шет елдегі мекемелерімен көрсетіледі.

2) Мемлекеттік қызметтері туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер саны

Тізілімге сәйкес, 2014 жылы Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарымен 12 бағытта 443 745мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

1. «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» бойынша – 8 030 қызметтер;

2. «ҚР шет елдердегі мекемелерінің ҚР азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі» бойынша - 210 қызметтер;

3. «Шетелде ҚР азаматтарын тіркеу» бойынша – 5 640 қызметтер;

4. «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» бойынша –814қызметтер;

5. «ҚР кіруге және ҚР аумағы арқылы транзиттік өтуге визаларды беру, олардың мерзімін ұзарту» бойынша - 300 716 қызметтер;

6. «Шетелдіктерге асырап алуға берілген ҚР азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» бойынша - 62 қызметтер;

7. «ҚР қызметтік паспорттарын беру» бойынша - 84 қызметтер;

8. «Консулдық заңдастыру» бойынша –17 671қызметтер;

9. «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда ҚР Мемлекеттік Туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру» бойынша - 1 қызметтер;

10. «ҚР шетелде орналасқан кемелеріне қатысты ҚР заңнамасында немесе ҚР қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру» бойынша - 0 қызметтер;

11. «ҚР шетелде орналасқан кемелері қираған жағдайда теңіз талабы туралы акті жасау» бойынша –0қызметтер;

12. «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» бойынша – 110 517 қызметтер.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Дипломатиялық қызмет органдарының кәсіптік қызмет көрсету ерекшелігіне байланысты, сондай-ақ дипломатиялық және консулдық мекемелер Республиканың аумақ шегінен тысқары орналасқандықтан, ҚР аумағында орналасқан ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкін емес.

Дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ХҚКО арқылы көрсету жөнсіз деп тану туралы тиісті шешімҚР Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 қаулысымен бекітілген «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидалары» жүзеге асыру мақсатында Ведомствоаралық комиссияның 2014 жылғы 27-25 мамырдағы отырысында қабылданды.

Тегін және (немесе) ақылы түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Дипломатиялық қызмет органдарымен тегін түрінде 3 (үш) мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

1. «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру»
(84 мемлекеттік қызметтер көрсетілді);

2. «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу» (5 640);

3. «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» (62)

Қалған 9 (тоғыз) мемлекеттік қызметтер ақылы түрінде көрсетілді.

Электронды және (немесе) қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

ҚР дипломатиялық қызмет органдарымен 12 (он екі) мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде көрсетіледі.

Бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттер саны

Барлық 12 мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері ресми бекіту рәсімінен өтті.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 Қаулысымен «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» 11 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілген.

12-ші мемлекеттік қызмет - «Шетелдіктерге ҚР кіруге шақыруды ресімдеу» - ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы
№ 553 Қаулысымен Тізілімге қосылды.ҚР Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177Бұйрығымен 12 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітіліп, ӘМ-де 2015 жылғы 11 шілдедегі № 11646 мемлекеттік бекітуден өткен.

11 мемлекеттік қызмет регламенттері ҚР Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығымен бекітіліп, ӘМ-де 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 9364 мемлекеттік бекітуден өткен. 12 мемлекеттік қызмет регламенттері ҚР Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығымен бекітіліп, ӘМ-де 2015 жылғы 11 қырқүйектегі № 12056 мемлекеттік бекітуден өткен.

Ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2014 жылда Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарымен жалпы көрсетілген 443 745 мемлекеттік қызметтердің ішінде, 2 ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

1) «ҚР кіруге және ҚР аумағы арқылы транзиттік өтуге визаларды беру, олардың мерзімін ұзарту» (300 716);

2) «Шетелдіктерге ҚР кіруге шақыруды ресімдеу»(110 517).

2. Қызмет алушылармен жасалатын жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қол жетімді орындарымен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат

Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы Министрліктің (www.mfa.gov.kz) және шет елдегі мекемелердін интернет-ресурстарынан, «электронды үкімет» (www.egov.kz) веб-порталдан, Бірыңғай байланыс-орталығынан (1414) мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты алуға болады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттар жобасы www.mfa.gov.kzМинистрліктің интернет-ресурсында және www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталында жария талқылау үшін орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобасы жария талқылау шараларынан өтті, нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен ескертулер келіп түспеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

2013 жылы қабылданған, «Стандарттар мен регламенттерді дайындауәдістемелік» заңнамасының талаптарға сәйкес, мүдделі қызмет алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттар жобаларды жария талқылау үшін (www.e.gov.kz) «электронды үкімет» веб-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында www.mfa.gov.kz орналастырылды.

Қосымша, қызмет алушылардың назарын тудыру үшін Министрліктің интернет-ресурсында ақпарат бүктемесі мен жарнамалық баннер орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бағасын нормативтік-құқықтық бекіту, сонымен қатар «Консулдық алым ставкаларының, сондай-ақ жеделдігі үшін консулдық алым ставкасының ең төменгі және ең жоғары базалық мөлшерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпанда № 197 қаулысымен бекітілген, ақылы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің құны ҚР Салық Кодексінің негізінде есептеледі.

Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтертуралы ақпарат Министрлік пен шет елдегі мекемелердің интернет-ресурсында және қабылдау бөлмесілерінің ақпараттық стендтарда көрсетілген.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру бойынша іс-шаралар

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

Министрлікпен мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру шараларына аса маңызды назар аударылды.

2013 жылы 14 маусымда мүдделі мемлекеттік органдардың сарапшылар деңгейінде өткен отырыста автоматтандыруға жататын
6 мемлекеттік қызметтердің бизнес-процесстерін электронды нұсқаға көшіру бойынша жұмыстар 2014 жыл бойы жалғастырылды.

Сонымен қатар, «Бүркіт» БАЖ-бен мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграциялауға кедергі болған құқықтық кедергілерді жою бойынша іс-шаралар қабылданды.

Сонымен қоса, «Бүркіт» БАЖ бағдарламалық өнімдерін жаңарту бойынша жұмыстар жалғастырылды. Жүйенің жетілдіру жұмыстары ҚР мемлекеттік органдардың электрондық қарым-қатынасын реттеп, және
4 мемлекеттік қызметті көрсету барысында қажетті ақпараттарды жүзеге енгізуге мүмкіншілік береді («Шетелдіктерге асырап алуға берілген
ҚР азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу», «Шетелде
ҚР азаматтарын есепке алу», «ҚР шетелдердегі мекемелерінің
ҚРазаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі», «ҚР кіруге визалар беру, олардың мерзімдерін ұзарту және ҚР аумағы арқылы транзиттік өту»).

Келешекте, бағдарламалық жасақтамаларда жасалған түзетулер мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процесстерін Визалық-миграциялық портал (www.vmp.gov.kz) арқылы толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді.

ККМ (ҰАТ АҚ) бірге 2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша («Шетелде ҚР азаматтарын тіркеу» және «ҚР шет елдердегі мекемелерінің ҚР азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеу») электронды түрде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы әрекеттестікті ұйымдастыруды ескеретін техникалық талаптар әзірленіп бекітілді.

2014 жылы «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда ҚР мемлекеттік Туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру» қызметі автоматтандырылды. БАА және СІМ-мен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, аталған қызмет «ҰАТ» АҚ бірге «Автоматтандырылған жұмыс орнын» (АЖО) құру арқылы жүзеге асырылды. Тәртіпке сәйкес, көрсетілген қызмет нәтижелері туралы ақпараттар ХҚКО БАЖ-нің дерекқорына енгізіледі.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Есепті кезеңінде Министрліктің кызметкерлері ҚР Мемлекеттіқ қызмет Агенттігімен ұйымдастырған мамандандырылған біліктілік арттыру курстарын өтті. Сонымен қатар, олар 2014 жылдың қарашада айында өткізілген ҚР Президентінің Әкімшілігі жанындағы Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығымен ұйымдастырылған семинарға қатысты.

Қызмет көрсету деңгейін жетілдіру бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттар және регламентінің нормалар мен талаптарына сәйкес жүйелі түрде техникалық тренингтер және жиналыстар өткізілуде.

Дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің құны туралы ақпарат, интернет-ресурсында және Министрлік пен шет елдегі мекемелердің қабылдау бөлмесінің ақпараттық стендтарда көрсетілген. Стандарттар, регламенттер, паспорттар және жадынамалар туралы толық және өзекті ақпараттар орналастырылған стендтерді жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Министрлік қызметкерлері арасында ҚР мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс Кодексін мүлтіксіз орындау қажеттілігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қызмет алушылардың алынған қызметке қанағаттанушылығын арттыру мақсатында, ұдайы түрде консулдық-құқықтық мәселелер бойынша ақпараттандыру жұмыстары өткізілуде.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

2013 жылғы 14 тамыздағы №249 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаға» сәйкес, Министрлікпен 11 мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттер жобасы әзірленіп, жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізілген және олар мемлекеттік органдармен келісілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары ҚР Үкіметінің
«ҚР дипломатиялық қызмет органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №145 қаулысымен бекітілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттер 2014 жылы 19 наурызда СІМ бұйрығымен бекітілді, Әділет министрлігіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 2014 жылы 29 сәуірде № 9364.

Талаптарға сәйкес ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 3 тамыздағы № 799 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына» және әдістемелік ұсыныстарға сәйкес аталған қызметі «Шетелдіктерге ҚР кіруге арналған шақыруды ресімдеу» мемлекеттік қызмет ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 533 қаулысымен мемлекеттік Реестріне қосылды. Аталған мемлекеттік қызмет ең танымал мемлекеттік қызмет қатарына кіреді.

Практикалық жұмыстың сараптау нәтижесінде, «ҚР аумағынан уақытша жұмыспен шыққан және сол жерде тұрғылықты тұруға қалуға ниет білдірген азаматтардың құжаттарын қабылдау және жолдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Реестіріне 2015 жылғы үлгісінеқосу мүмкіншілігі анықталды.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар туралы ақпарат

2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағым келіп түспеді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы қорытынды

Министрлікпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізілді. Нәтижелері бойынша тоқсан сайын ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігіне 2013 жылғы 4 мамырдағы № 07-7/63 бұйрық ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасымен бекітілген, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау ережесінің формасына сәйкес есептеме жолданды.

Бұдан басқа, ішкі бақылау нәтижелері ай сайын «СІМ 2011-2015 жылға арналған Стратегиялық жоспарын» жүзеге асыру мәнмәтінде Министрліктің жұмыс отырыстарында қаралды.

2014 жылы шет елдегі мекемелерде тексерістердің жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызметті көрсету стандарттарды мерзімінде сақталуын және төлемін өндіріп алуын бақылау өтті.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша құқыққа қайшы құбылыстарды ескерту мақсатында, барлық шет елдегі мекемелерінде келесідегідей шаралар қолданылды:

1. «Сенім телефоны» орнатылды және келушілерге тікелей дипломатиялық өкілдіктің басшысына наразылық пен шағымдануға мүмкіндік тудыруға жауапты қызметкерлер («сенім қызметкерлері») тағайындалды.

2. Қызмет алушылардың өтініштері және тілектерімен жеке танысу мақсатында қол астындағы қызметкерлерімен жіберілетін бұзушылық үшін жеке жауапкершілігі жүктелген, шет елдегі мекемесінің басшысында қабылдау уақыты бөлінген.

3. Шетел уәкілеттігінде ақпараттық стендтарда және веб-сайттарда азаматтарды қабылдау ережесі, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережесі және консулдық алымдардың тарифтары, сондай-ақ лауазымды адамдарға, электрондық адрес және телефондар түріндегі байланыс мәліметтерін көрсетумен шағымдану ережесіне қатысты мәліметтер көрсетілген.

4. Шет елдегі мекемелердегі лауазымды адамдар мемлекеттік қызметті көрсетер кезде аты-жөні және лауазымы ағылшын немесе болу елінің тілінде көрсетілген бейджтерді тағу міндет қарастырылған.

Мониторинг және мемлекеттік қызмет сапасын бағалауды қамтамасыз ету мақсатында, ҚР шет елдегі мекемелер басшыларына мемлекеттік қызметті көрсетуді ерекше бақылауға алыну мәселесі, сонымен қатар Орталыққа уақытылы есеп беру мәселесі туралы өкім хаттар жіберілді.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау нәтижелері

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты есептік ақпарат МҚІА және ЭБЖМ тоқсан сайын жіберіліп отырды.

Бағалау мемлекеттік қызмет сапасын бағалау әдістемесіне сәйкес ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасымен 2014 жылғы 18 ақпандағы №04-2-4/33 және ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен 2014 жылғы 24 ақпаннан №149 бірігіп бекітілген бұйрыққа сәйкесорындалды.

ҚР дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Тізіліміне енген ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген 12 қызмет бағалауға жатты.

Министрліктің 2014 жылдың шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсетуінің нәтижесі 50 балл құрды. 2013 жылдағы нәтижемен (қорытынды балл-47,85) салыстыру кезінде болымды дұрыс динамикасыны
(4,5 %)құрады.

4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторинг нәтижелері

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызмет ұйымдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі өткізілді.

Үсыныстарды ескере отырып, Министрлікпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру мақсатында ҚР шет елдегі консулдық мекемелерде «сенім телефоны» орнату, шет елдегі мекемесінің басшысында қабылдау уақыты бөліну, шетел уәкілеттігінде ақпараттық стендтарда және веб-сайттарда азаматтарды қабылдау ережесі және мемлекеттік қызметтерді көрсету ережесі және консулдық алымдардың тарифы, сонымен қатар лауазымды адамдарға, электрондық адрес және телефондар түріндегі байланыс мәліметтерін көрсетумен шағымдану ережесіне қатысты мәліметтер көрсетілген.

Қабылданған іс-шаралардың арқасында шетелдегі мекемелердің интернет ресурстарында мемлекеттік қызмет стандарттары, регламенттері және паспорттары бойынша ақпарат толығымен жаңартылды.

Сондай-ақ, тиісті мағлұмат ҚР Елшіліктерінің және консулдықтардың ақпараттық стендттерінде орналастырылған. Ұқсас ақпарат Министрлік пен «Электронды үкіметтің» веб-сайттарында орналасқан .

5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының тиімділігін одан әрі арттыру және қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру перспективалары

2015 жылы Министрлікпен мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында едәуір көлемде жұмыстар атқару жоспарлануда.

Атап айтқанда, қолданыстағы талаптарға сәйкес құжаттарды қабылдау және беру уақыттарын бір іздендіру, еліміздің аумағында көрсетілетін қызмет үшін ұзарту.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды түрге аудару бойынша тиісті жұмыстар жоспарланды, сонымен қатар, кейбір қызметті автоматтандыруғасептігнін тигізетін, БАЖ «Бүркіт» ақпараттық өнімін жаңарту бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіледі.

Қосылған : 1.02.2017, 01:05, Өзгертілген : 2.02.2017, 06:30