Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселесі бойынша 2013 жылғы жұмыстар есебі

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет ұсынушы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы аумағында сыртқы істер және сыртқы саясат саласындағы мемлекеттік қызметтерді (әрі қарай- мемлекеттік қызметтер) көрсетуші субъект Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (әрі қарай - Министрлік) болып табылады.

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 1-бабы 4) тармақшасына (әрі қарай - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының аумақ шегінен тысқары мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерімен көрсетіледі (әрі қарай - шет елдегі мекемелер).

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес (әрі қарай - Тізілім), сыртқы істер және сыртқы саясат саласында 11 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Оның ішінде, 2 мемлекеттік қызметтер Министрлікпен, 2 - Министрлікпен және шет елдегі мекемелерімен, 7 - шет елдегі мекемелерімен көрсетіледі.

2) Мемлекеттік қызметтері туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер саны

Тізілімге сәйкес, 2013 жылы Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарымен 11 бағытта 345 875 мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

  1. «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» бойынша - 9663 мемлекеттік қызметтер көрсетілді;
  2. «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі» бойынша - 143 мемлекеттік қызметтер көрсетілді;
  3. «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу» бойынша - 4764 мемлекеттік қызметтер көрсетілді;
  4. «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» бойынша - 762 мемлекеттік қызметтер көрсетілді;
  5. «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визаларды беру, олардың мерзімін ұзарту» бойынша - 512 мемлекеттік қызметтер көрсетілді;
  6. «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» бойынша - 22 мемлекеттік қызметтер көрсетілді;
  7. «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» бойынша - 834 мемлекеттік қызметтер көрсетілді;
  8. «Консулдық заңдастыру» бойынша - 9167 мемлекеттік қызметтер көрсетілді;
  9. «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру» бойынша - 8 мемлекеттік қызметтер көрсетілді;
  10. «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру» бойынша - 0 мемлекеттік қызметтер көрсетілді;
  11. «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері қираған жағдайда теңіз талабы туралы акті жасау» бойынша - 0 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Дипломатиялық қызмет органдарының кәсіптік қызмет көрсету ерекшелігіне байланысты, сондай-ақ дипломатиялық және консулдық мекемелер Республиканың аумақ шегінен тысқары орналасқандықтан, ҚР аумағында орналасқан ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкін емес.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 қаулысымен бекітілген «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді iрiктеу қағидаларының» талаптарына және әдістемелік талаптарға сәйкес уәкілетті орган - ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне сыртқы істер және сыртқы саясат саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесін 2014 жылы Ведомствоаралық комиссияда қарау жөнінде ұсыныстар жіберілді.

Тегін және (немесе) ақылы түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Министрлікпен тегін түрде 1 (бір) мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі «ҚР-ның қызметтік паспорттарын беру». Есептік кезеңде барлығы осы бағытта 834 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Қалған 10 (он) мемлекеттік қызметтер ақылы түрінде көрсетілді.

Электронды және (немесе) қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Қағаз түрінде ҚР дипломатиялық қызмет органдарымен 11 (он бір) мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттер саны

Барлық 11 мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері ресми бекіту рәсімінен өтті.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандаңы № 145 Қаулысымен «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілген.

Мемлекеттік қызмет регламенттері ҚР Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығымен бекітіліп, ӘМ-де 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 9364 мемлекеттік бекітуден өткен.

Ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2013 жылда Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарымен жалпы көрсетілген 350 141 мемлекеттік қызметтердің ішінде, ең талап етілетін мемлекеттік қызмет «ҚР-на кіруге және ҚР-ның аумағы арқылы транзиттік өтуге визаларды беру, олардың мерзімін ұзарту» болып табылады - 320 511.

2. Қызмет алушылармен жасалатын жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қол жетімді орындарымен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат

Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы Министрліктің (www.mfa.gov.kz) және шет елдегі мекемелердін интернет-ресурстарынан, «электронды үкімет» (www.egov.kz) веб-порталдан, Бірыңғай байланыс-орталығынан (1414) мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты алуға болады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық 11 стандарттар жобасы www.mfa.gov.kzМинистрліктің интернет-ресурсында және www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталында жария талқылау үшін орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барлық 11 стандарттарының жобасы жария талқылау шараларынан өтті, нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен ескертулер келіп түспеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

2013 жылы қабылданған, стандарттар мен регламенттерді дайындау заңнамасына және әдістемелік талаптарға сәйкес, мүдделі қызмет алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттар жобасы жария талқылау үшін (www.e.gov.kz) «электронды үкімет» веб-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында www.mfa.gov.kz орналастырылған.

Қосымша, қызмет алушылардың назарын тудыру үшін Министрліктің интернет-ресурсында ақпарат бүктемесі мен жарнамалық баннер орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бағасын нормативтік-құқықтық бекіту, сонымен қатар «Консулдық алым ставкаларының, сондай-ақ жеделдігі үшін консулдық алым ставкасының ең төменгі және ең жоғары базалық мөлшерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпанда № 197 қаулысымен бекітілген, ақылы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің құны ҚР Салық Кодексінің негізінде есептеледі.

Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің құны туралы ақпарат, интернет-ресурсында және Министрлік пен шет елдегі мекемелердің қабылдау бөлмесінің ақпараттық стендтарда көрсетілген.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

Министрлікпен мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осылайша, 2013 жылы құжаттарды әзірлеуді барынша жеңілдету тұжырымдамалық шаралар қатары қолға алынды.

Тұтастай алғанда, барлық 11 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қызмет алушылар үшін құжаттарды қабылдаудағы уақытты 1 сағатқа арттырумен (2-ден 3 сағатқа дейін) сәйкестендіру жаңалығы енгізілді.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі сәйкестендірілді, тууды және қайтыс болуды тіркеу уақыты екі жұмыс күнге дейін қысқартылды (бұрын 5 жұмыс күнде жасалды).

Министрлікпен ҚР салық заңнамасына шетелге тұрақты тұруға немесе уақытша тұруға келген азаматтарды консулдық есепке алу мен сәйкес анықтама берудегі консулдық алымды төлеуден босатуға қатысты өзгерістер енгізу бастамашылығы етілді.

Мемлекеттік қызметтің бизнес-процессін электронды түрге аудару мүмкіндігін қарастыру мақсатында, 2013 жылы 14 маусымда мүдделі органдардың сарапшылыр деңгейінде отырыс өтті. Отырыс нәтижесінде автоматтандыруға жататын 6 мемлекеттік қызметтер, және электронды түрге аудару мүмкіншілігі жоқ 5 мемлекеттік қызметтер анықталды. 2013 жылғы 25 шілдеде автоматтандыруға жатпайтын аталған бес мемлекеттік қызметтер туралы ҚР ККМ-мен сәйкес хаттамаға қол қойылды

2002 жылдан бастап, ҰҚК және шет елдегі мекемелер арасындағы ҚР-ның визасын беру жайлы келісім құжаттары БАЖ «Бүркіт» ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. 2013 жылдың басынан бастап, аталған жүйе көмегімен азаматтығынан шығу және шет елде ҚР азаматтарын есепке алу құжаттарды келісу бойынша ҚР шет елдегі мекемелермен өзара әрекетесу орнатылды.

Бизнес-процессі бойынша электронды түрде аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету, (АҚ «НИТ») ККМ-мен қатар сәйкес мүдделі органдардың ақпараттық жүйесі арасындағы өзара әрекетті ұйымдастыруды қамтитын техникалық талаптар даярланып, бекітілді.

Бизнес-процессінің қалған автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтер техникалық талаптарын даярлау және бекіту, 2014 жылға жоспарланып қойылды.

Осы мақсатта 2013 жылы 27 қарашада «Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде енгізу және одан әрі дамыту іс-шаралар жобасының» басқа жобасы даярланып, бекітілді. Мемлекеттік қызметтердің бизнес-процессін электронды түрде орындау «электронды үкімет» (www.egov.kz) порталын қолдануды қарастыруда.

Мүдделі министрліктер мен ҚР ведомстваларымен бірігіп келесі мемлекеттік қызметтердің бизнес-процессінің техникалық талаптарын бірігіп дайындау келісілді:

- «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» - БҒМ, ЖС, ӘМ, ІІМ, ҰҚК ШК-менбірігумәселесі қарастырылуда;

- «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визаларды беру, олардың мерзімін ұзарту» - «Бүркіт» БАЖ жаңғырту және визалық көші-қон (vmp.gov.kz) порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсетуді тестік режимде іске қосу мүмкіншілігі;

- «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» - жабық (қорғалған) деректерді табыстау арнасы үшін ІІМ- менбірігумәселесі қарастырылуда;

- «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу»- ӘМ-менбірігумәселесі қарастырылуда.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 Қаулысымен бекітілген «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлуге жататын мемлекеттік қызметтерді iрiктеу қағидаларын бекiту туралы» және әдістемелік талаптарға сәйкес мүдделі органдарға (ККМ) ҚР дипломатиялық қызмет органдарымен 2014 жыл ішінде Ведомствоаралық комиссияда мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесін қарастыруға ұсыныс жіберілді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

2013 жылғы 1 мамырдан 16 мамыр аралығында консулдық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға соның ішіндефункционалдық міндеттерге кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бірқатар тармақтық кеңестер (Астана, Сеул, Вашингтон, Франкфурт-на-Майне, Киев, Абу Даби қалаларында) өткізілді.

2013 жылы Министрліктің кызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттіқ қызмет Агенттігімен ұйымдастырған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу» тақырыбындағы үйрету семинарына қатысты.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Нормативтік-құқықтық актілер негізінде, Министрлік өзінің орталық аппаратымен көрсетілетін визалық қолдау бойынша ең талап етілетін бір қызметі айқындалды.

Талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 тамыздағы № 799 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына» және әдістемелік ұсыныстарға сәйкес аталған қызметі «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге арналған шақыруды ресімдеу» мемлекеттік қызмет ретінде Тізілімге қосуға ұсынылған болатын.

Үкімен қаулысымен Тізілімге қосымша қосу жобасы, мүдделі органдарға әзірленіп (ЭБЖМ), 2013 жылы Министрлік басшыларымен бір жолата келісіліп, қол қойылды.

2013 жылы қабылданған Заң мен Тізілімді бекітуге байланысты, 2014 жылғы 14 тамыздағы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің №249 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы», Министрлікпен жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізіліп, 11 мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттер жобасы әзірленіп мемлекеттік органдармен келісілді

4. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар туралы ақпарат

2013 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағым келіп түспеді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау нәтижелері туралы қорытынды

Министрлікпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауда тұрақты негізде ішкі бақылау жүргізіп отырады, нәтижелері бойынша тоқсан сайын ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігіне 2013 жылғы 4 мамырдағы № 07-7/63 бұйрық ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасымен бекітілген, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау ережесінің формасына сәйкес есептеме жолданады.

Бұдан басқа, ішкі бақылау нәтижелері ай сайын «СІМ 2011-2015 жылға арналған Стратегиялық жоспарын» жүзеге асыру мәнмәтінде Министрліктің жұмыс отырысында қаралды.

2013 жылдын 20 қарашасында Консулдық қызмет департаментінің ішкі кадрлықты қайта жіктеу туралы Министрдің бұйрығы (№ 08-1-1-2/2353) қабылданды. Аталған бұйрықтың негізінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мониторинг өткізуші жауапты басқарма құрылды.

2013 жылы жиырма шет елдегі мекемелерде тексерістердің жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызметті көрсету стандарттарды мерзімінде сақталуын және төлемін өндіріп алуын бақылау өтті.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша құқыққа қайшы құбылыстарды ескерту мақсатында, барлық шет елдегі мекемелерінде келесідегідей шаралар қолданылды:

1. ҚР шет елдегі консулдық мекемелерде «сенім телефоны» орнатылды және келушілерге тікелей дипломатиялық өкілдіктің басшысына наразылық пен шағымдануға мүмкіндік тудыруға жауапты қызметкерлер («сенім қызметкерлері») тағайындалды.

2. Қызмет алушылардың өтініштері және тілектерімен жеке танысу мақсатында қол астындағы қызметкерлерімен жіберілетін бұзушылық үшін жеке жауапкершілігі жүктелген, шет елдегі мекемесінің басшысында қабылдау уақыты бөлінген.

3. Шетел уәкілеттігінде ақпараттық стендтарда және веб-сайттарда азаматтарды қабылдау ережесі, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережесі және консулдық алымдардың тарифы, сондай-ақ лауазымды адамдарға, электрондық адрес және телефондар түріндегі байланыс мәліметтерін көрсетумен шағымдану ережесіне қатысты мәліметтер көрсетілген.

4. Шет елдегі мекемелердегі лауазымды адамдар мемлекеттік қызметті көрсетер кезде аты-жөні және лауазымы ағылшын немесе болу елінің тілінде көрсетілген бейджтерді тағу қарастырылған.

Есептік жылдың басынан қызмет алушылардың қанағаттандыру деңгейін зерттеу мақсатында, тікелей Министрліктің орталық аппаратында 51 т. Мемлекеттік қызмет сапасын бағалау әдістемесіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету карточкасын толтыру өткізілді.

Мониторинг және мемлекеттік қызмет сапасын бағалауды қамтамасыз ету мақсатында, ҚР шет елдегі мекемелер басшыларына мемлекеттік қызметті көрсетуді ерекше бақылауға алыну мәселесі және тұтынушының қанағаттандыру карточкасын толтыру, сонымен қатар Орталыққа ай сайын сәйкес есеп беру мәселесі туралы өкім хат жіберілді.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүрізген, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау нәтижелері

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты есептік ақпарат МҚІА және ЭБЖМ тоқсан сайын жіберіліп отырды.

Бағалау жеті негізгі критерийлерімен орындалды (Тізілімге енгізілген жаңа мемлекеттік қызметтер саны; мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін бекіту; мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру дәрежесі; мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет сапасын ішкі бақылау тиімділігі; мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін сақтау; мемлекеттік орган (ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) «электрондық үкімет» және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсететін мемлекеттік қызметті пайдаланушылардың үлесі) Мемлекеттік қызмет сапасын бағалау әдістемесіне сәйкес ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасымен 2014 жылғы 18 ақпандағы №04-2-4/33 және ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен 2014 жылғы 24 ақпаннан №149 бірігіп бекітілген бұйрыққа сәйкес.

Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Тізіліміне енген ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген 11 қызмет бағалауға жатты.

Түзету коээфициентін есепке алғанда және айып балдарын шегергендегі қорытынды баға 100 ықтималдан.47,85 балл.

4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторинг нәтижелері

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерддің ұлттық палатасымен 2013 жылдын 20 желтоқсаннан 2014 жылдын 20 ақпан аралығында мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызмет ұйымдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі өткізілді.

Мониторинг нәтижесі бойынша Министрлікпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыруда бірқатар келесі шаралар қолданылды:

1. ҚР шет елдегі консулдық мекемелерде «сенім телефоны» орнатылды және келушілерге тікелей диптөрағалық басшысына наразылық пен шағымдануға мүмкіндік тудыруға жауапты қызметкерлер («сенім қызметкерлері») тағайындалды.

2. Қызмет алушылылардың өтініштері және тілектерімен жеке танысу мақсатында қол астындағы қызметкерлерімен жіберілетін бұзушылық үшін жеке жауапкершілігі жүктелген, шет елдегі мекемесінің басшысында қабылдау уақыты бөлінген.

3. Шетел уәкілеттігінде ақпараттық стендтарда және веб-сайттарда азаматтарды қабылдау ережесі, мемлекеттік қызметтерді көрсету ержесі және консулдық алымдардың тарифы, сонымен қатар лауазымды адамдарға, электрондық адрес және телефондар түріндегі байланыс мәліметтерін көрсетумен шағымдану ережесіне қатысты мәліметтер көрсетілген.

4. Шет елдегі мекемелердегі лауазымды адамдар мемлекеттік қызметті көрсетер кезде аты-жөні және лауазымы ағылшын немесе болу елінің тілінде көрсетілген бейджтерді тағу қарастырылған.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының тиімділігін одан әрі арттыру және қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру перспективалары

2013 жылы Министрлікпен едәуір көлемде құжаттарды әзірлеуді барынша жеңілдету жұмыстар атқарылды.

Тұтастай алғанда, барлық 11 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қызмет алушылар үшін құжаттарды қабылдаудағы уақытты 1 сағатқа арттырумен (2-ден 3 сағатқа дейін) сәйкестендіру жаңалығы енгізілді.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі сәйкестендірілді, тууды және қайтыс болуды тіркеу уақыты 2 күнге дейін қысқартылды (бұрын 5 жұмыс күнде жасалды).

Министрлікпен ҚР салық заңнамасына шетелге тұрақты тұруға немесе уақытша тұруға келген азаматтарды консулдық есепке алу мен сәйкес анықтама берудегі консулдық алымды төлеуден босатуға қатысты өзгерістер енгізу бастамашылығы етілді.

ҚР Мүдделі ұйымдарымен бірігіп электронды форматта автоматтандыруға жататын келесі 6 мемлекеттік қызметтерді аудару жұмыстары басталды:

- «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу»;

- «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі»;

- «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу»;

- «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу»;

- «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визаларды беру, олардың мерзімін ұзарту»;

- «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу».

Бизнес-процессінің қалған автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтер техникалық талаптарын даярлау және бекіту, 2014 жылға жоспарланып қойылды.

Осы мақсатта 2013 жылы 27 қарашада «Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде енгізу және одан әрі дамыту іс-шаралар жобасының» басқа жобасы даярланып, бекітілді. Мемлекеттік қызметтердің бизнес-процессін электронды түрде орындау «электронды үкімет» (www.egov.kz) порталын қолдануды қарастыруда.

ҚР Үкімет Қаулысымен бекітілген 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлуге жататын мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу қағидаларын бекiту туралы» мемлекеттік қызмет көрсету сапасының тиімділігін одан әрі арттыру және қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатына сәйкес мүдделі органдарға ҚР дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мәселесі жөнінде ұсыныстар жіберілді.

Қосылған : 9.11.2016, 06:30, Өзгертілген : 12.11.2016, 11:55