Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ (ЮНЕСКО)

Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша

Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО)

ЮНЕСКО-ның негізгі мақсаты – халықтардың білім беру, ғылым және мәдениет салалардағы ынтымақтастығын баршаға бірдей әділ, заңды және адам құқықтарына дегенқұрмет мүддесінде, сондай-ақБҰҰ-ның Жарғысында жарияланған негізгі бостандықтарды нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамай қамтамасыз ету жолымен әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.

ЮНЕСКО-ның Жарғысы 1945 жылғы қарашада қабылданып, 1946 жылы 4 қарашада күшіне енді.

ЮНЕСКО – арнайы құрылған ЮНЕСКО істері бойынша үкіметтер құрған Ұлттық комиссиялар арқылы мүше мемлекеттермен ынтымақтастықты жүзеге асыратын БҰҰ жүйесінің жалғыз халықаралық ұйымы. Қазіргі таңда әлемде 198 Ұлттық комиссия бар, олардың мақсаттары мен қызметтері ЮНЕСКО және ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиялардың Жарғыларында белгіленген.

ЮНЕСКО құрамына 195 мемлекет (2011 ж. қабылданған Палестинаны қосқанда) және 9 қауымдастырылған мүше мемлекеттер кіреді. Онымен қатар, ЮНЕСКО-ның түрлі елдерде 50 құрылымдық бөлімшесі бар. 184 мемлекеттің Париж қ. ЮНЕСКО жанында тұрақты өкілдіктері бар. Штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. ЮНЕСКО-ның жетекші органдары:

Бас конференция – ЮНЕСКО-ның ең жоғарғы жетекші органы, сессия екі жылда бір рет жиналады. Әрбір мүше мемлекет бір дауысқа ие. Конференция ЮНЕСКО-ның бағдарламасы мен бюджетін бекітеді, Атқарушы кеңес белгілеген маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Атқарушы кеңес құрамына 58 мүше мемлекет кіреді. Атқарушы кеңес сессияға жылына бір рет жиналады, Бас конференцияның жұмысының әзірлігін жүзеге асырады және оның шешімін орындауда жауапты болады.

Хатшылық ЮНЕСКО-ның атқарушы органы болып табылады. 4 жылдық мерзімге сайланған (бұрын 6 жылға сайланатын) Бас директор басқаратын Хатшылық қабылданған Бағдарламаны жүзеге асырумен айналысады.

Қазір Бас директордың қызметін Бас конференцияның 2017 ж.39-сессиясы барысында сайланған ОдриАзуле (Франция) атқаруда.

Қазақстан ЮНЕСКО-ға 1992 ж. 22 мамырда мүшеболды. ЮНЕСКО-мен белсенді әріптестікке және әлемдік ынтымақтастыққа ерекше мән бере отырып, 1992 ж. Ұйыммен өзара қарым-қатынаста негізгі бағыттарды анықтайтын ҚР СІМ жанынан ҚР ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды. 1993 жылдан 2014 жылдың сәуіріне дейін Ұлттық комиссия Төрағасы И.Н.Тасмағамбетов болды, ал 2014 жылғы 11 сәуірден бері Ұлттық комиссияны Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы басқарып келеді. 2008 жылғы 13 қарашадан бері Ұлттық комиссияның Бас хатшысы – ҚР СІМ департамент директорының орынбасары Д.Төлегенова.

ҚР ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі қызметін 2017 жылғы қарашадан бері Ж.Ғалиеватқарады. Бұған дейін ҚР ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілінің қызметін Н. Дәненов пен О. Сүлейменов атқарған болатын.

ҚР мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық Алматы қаласында ЮНЕСКО Кластерлік Бюросын ашу туралы Келісім (1995 ж.) негізінде жүзеге асырылады.

ҚР – ЮНЕСКО қамқорлығымен өткен халықаралық 15 конвенцияның қатысушысы.

ҚР-дың белсенді ынтымақтастығынынталандыру үшін ЮНЕСКО 2001 ж. Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросына өңірлік мәртебе беру туралы шешім қабылдады. 2010 ж. мен 2015 ж. аралығында Орталық Азия бойынша ЮНЕСКО Кластерлық Бюросын РФ өкілі С.Лазарев басқарды. Қазіргі таңда Кластерлік Бюроның басқарушысы болыпЭстония өкілі К. Пиккат табылады.

Ынтымақтастық жылдарында мынадай бірқатар маңызды сапарлар болды:

1995 ж. Қазақстанға ЮНЕСКО Бас директоры Федерико Майор келді.

1995 ж. қарашадаМемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтеріне сапармен барды.

ЮНЕСКО Бас директоры Коичиро Мацуура Қазақстанға 1999 жылғы маусымда және 2001 жылғы тамызда келді. Бас директор, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының ІІ Съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты (2006 ж. 12-14 қыркүйек).

2012 жылғы мамырда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV Съезіне ЮНЕСКО Бас директоры Ирина Бокова Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді. Сапар барысында ол ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен, ҚР Парламентінің Сенатының Төрағасы – Съезд Хашылығының Басшысы Қ.Мәмимен, ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановпен және Ұлттық комиссия Төрағасы, Астана қ. әкімі И.Н.Тасмағамбетовпен кездесті. Барлық деңгейде ЮНЕСКО мен ҚР арасындағы әріптестік пен әрі қарайғы даму бойынша барлық бағыттар жоғары бағаланды.

И.Бокованың екінші ресми сапары 2013 жылғы тамызда Халықаралық мәдени жақындастықтың он жылдығын ұлықтау (2013-2022 жж.) жағдайы бойынша Халықаралық форумына қатысуы аясында болды.

2017 жылғы 6 қарашада ҚР Президенті Н.А. Назарбаев Францияға іс-сапарының шеңберінде Ұйымның 70 жылдығына арналған ЮНЕСКО Бас Конференцияның 38-сессиясына қатысты.

Қазақстан ЮНЕСКО-ның Бас Конференциясының 2001 ж. 31-сессия барысында құрылған орысша сөйлейтін тобының төрағасы (18 мемлекет).

Бүгінгі таңда Қазақстан ЮНЕСКО-ның мынадай органдарына кіреді:

- 2013-2017 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитеті;

- 2013-2017 жылдарға «Адам және биосфера» Бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесі;

- 2013-2017 жылдарға Коммуникацияны дамыту халықаралық бағдарламасының Үкіметаралық кеңесі;

- 2015-2019 жылдарға Халықаралық гидроглогиялық бағдарламасының Үкіметаралық кеңесі.

2011 жылғы 25 қазан мен 11 қараша аралығында өткен ЮНЕСКО Бас конференциясының 36-сессиясы болды, оған Ұлттық комиссия төрағасы И.Тасмағамбетовтың басқаруымен ҚР делегациясы да қатысты. ЮНЕСКО Бас конференциясы Алматы қаласында әлемдегі бірінші мұздықтардың еру процесін зерттейтін алғашқы орталық болып табылатын ЮНЕСКО қамқорлығындағы гляциологиялық орталығын (2-санат) құру бастамасын бекітті. Орталықтың ашылуы ЮНЕСКО Бас директоры орынбасарының келуіне орай 2012 жылғы желтоқсанда өтті. 2017 жылғы 1 наурызда ҚР Президенті ЮНЕСКО мен Қазақстан Үкіметінің арасындағы тиісті құжаттарға ратификациялау туралы заңға қол қойды.

ЮНЕСКО «21 ғасырдағы жаңа гуманизм» әлемдікқұрылыс жаһандық диалогы мен стратегиясына жәрдемдесу және халықаралық мәдениет жақындастығының онжылдығына оң көзақарасты импульсты сақтауды көздеген ҚР-ның 2013-2022 жж. Халықаралық мәдениет жақындастығының онжылдығы (ХМЖО)(2010 жылы ҚР бастамасымен БҰҰ жариялаған) туралы қарарына қолдау көрсетті.

2017 ж. халықаралық мәдениеттер жақындастығының онжылдығы шеңберінде (2013-2022 жж.) ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен ү.ж. Алматы қаласындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығына ЮНЕСКО аясындағы ІІ санатты Халықаралық институтының мәртебесі берілді.

2013 жылғы қарашада Ұлттық комиссия төрағасы И.Тасмағамбетовтың басқаруымен ҚР делегациясы ЮНЕСКО Бас конференциясының 37-сессиясына қатысты. Мүше мемлекеттер Қазақстанның ХМЖО іс-шаралар жоспарыжәне Ұлы Жібек жолы бойынша ЮНЕСКО онлайн платформасынілгерілету туралы бастамасының бұрыштамасын бір ауыздан қабылдады. Қазақстан ұсыныстары жобасының уақытылы әрі мазмұнды таныстырылымы нәтижесінде, олЮНЕСКО-ның 2021 жылға дейінгі ортамерзімдік стратегиясына енді.

ХМЖО стратегиясының ірі халықаралық форумы- Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі, ол қазақстандық бастаманың беделіне және рөлінің көтерілуіне ерекше маңызды болып табылады.

Бас конференцияның 36-сессиясының шешімімен Палестина ЮНЕСКО-ның 195-ші мүше мемлекеті болды. Осыған байланысты АҚШ пен Израиль ЮНЕСКО-ға жарналар доғару (АҚШ үлесі- бюджеттің 22%) туралы хабарлады. 2011 - 2015 жылдар аралығында Қазақстан ЮНЕСКО-ға Донорлық көмектің төтенше қорына, ХМЖО және Алматы қ. ЮНЕСКО кластерлық Бюросының қызметіне ерікті жарна түрде 1 млн.АҚШ долларынан астам қаражат салған.

Қазақстанның мәдениет саласындағы ынтымақтастығы Ұлттық Комиссияның шеңберінде құрылған 4 ұлттық комитетіне келісім бойыншадүниежүзілік мұра, құжаттық мұра Әлем жады, материалдық емес мәдени мұраны қорғау және халықаралық мұражай кеңесі арқылы іске асады.

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне 5ногминация: Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі (2003 ж.), Тамғалы археологиялық ландшафтының петорглифтері (2004 ж.), «Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері» аталымы аясында Қорғалжын және Наурызым қорықтары (2008 ж.), сондай-ақ «Жібек жолы: Чаньань-Тянь-Шань дәлізі бағыттарының желісі» атты Қытай және Қырғыз Республикаларымен бірлескен сериялық траншекаралық номинация аясында сегіз қазақстандық объекті (Алматы облысындағы – Қаялық, Арқамерген, Талғар қалашықтары, Жамбыл облысындағы – Степнинское, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек қалашықтары) кірген (2014 ж.). Жапонияның қаржылық қолдауының арқасында көне Отырар қаласын сақтау жобасы жүзеге асырылды.

ЮНЕСКО-ның атаулы күндер және оқиғалар күнтізбесіне мыналар кірді: А.Құнанбаевтың туылғанына 150 жыл, М.Әуезовтің 100 жылдығы, Түркістан қаласының 1500 жылдығы, Мұхамед Хайдар Дулатидың 500 жылдығы, С.Мұқанов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдығы, Тараз қаласының 2000 жылдығы, Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы, ғалым Әлкей Марғұланның 100 жылдығы, Әбілхан Қастеевтің туылғанына 100 жылдығы, композитор А.Жұбанов пен ғалым А.Машанидің 100 жылдығы, «Қыз Жібек» эпосына 500 жылдығы, ғалым У.Ахмедсафиннің 100 жылдығы (2012 ж.), режиссер және актер Ш.Аймановтың 100 жылдығы (2014 ж.), жазушы І.Есенберлиннің 100 жылдығы (2015 ж.), мемлекет қайраткері Ә.Бөкейханның 150 жылдығы (2016 ж.), Алматы қ. 1000 жылдығы (2016 ж.) және Қожа Ахмет Яссауидің қайтыс болғанына 850-жыл (2016 ж. Түркиямен бірлескен өтінім).

2004-2011 жж. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған.

ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» халықаралық құжаттық мұра тізілімінде

ҚР-дан Қожа Ахмет Яссауи және оның шәкірттерінің қолжазбасы, «Невада-Семей» ядроға қарсы халықаралық қозғалысының архвитік материалдары, сондай-ақ «Арал теңізінің архивтік қорлары» бар. 2016 ж. 18 ғасырдың Шағатай қолжазбасының «Хандар шежіресі» номинацияға ұсынылды.

Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне ҚР-дан 7 номинацияұсынылды:ұлттық өтінім«Домбыра күйін орындау өнері» (2014ж.) «Қазақ күресі» (2016ж.) Қырғызстанмен бірлескен «Киіз үйді жасау машықтары» (2014ж.)номинациясы енді. 2015 жылғы 2 желтоқсанда Репрезентативтік тізіміне қазақстан-қырғыз бірлескен «Айтыс/Айтыш, суырып салма өнері» (2015ж.) және көпұлттық өтінім «Наурыз» (12 ел), «Құс салу» (18 ел), «Түрік пәтір наны» (4 ел)номинациясы кірді. Соңғы үшеуі 2016 жылы енгізілді.2017 жылғы желтоқсанда Ұлттық өтінім «Асық ойындары» тізімге енгізілді.

2008 ж. ЮНЕСКО-да ҚР бастамасымен «Халықтардың ұлы қоныстануы» алғашқы халықаралық конференциясы өтті. 2011 жылғы желтоқсанда Колумбия университетінде (Нью-Иорк қ.) «Халықтардың ұлы қоныстануы: Американың Колумбқа дейінгі қоныстануы» 2-конференциясы, 2013 жылғы желтоқсанда Корей Республикасында «Оңтүстік-Шығыс Азия және Алыс шығыс қоныстануы» 3-конференциясы, 2014 жылғы желтоқсанда Испанияда «Еуропаның қоныстануы» 4-конференциясы өтті. 5-конференцияны 2016 ж. Түркияда өткізу жоспарлануда. 2014 ж.бері «Халықтардың ұлы қоныстануы» ХМЖО өткізу бойынша ЮНЕСКО іс-қимыл жоспарына енген.

Білім беру саласының басым бағыты болып БҰҰ-ның Орнықты дамудың 4-ші мақсаты «Толық және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және баршаға өмір бойы білім алу мүкіндігін беру» болып табылады. 2017 ж. Ұлттық комиссия шеңберінде білім беру жөніндегі ұлттық комитетін құрды.

«Орнықты даму мақсатында білім беру» Бағдарламасы шеңберінде ҚР 100 мектеп «Экомектеп» бағдарламасын іске асыруда, 800 мектеп георгафия; химия және физика пәндеріне оқытуда SPARE (тұрақты энергетика) жобасының материалдарын қолданады. ҚР 28 мектеп ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектептері сертификатын алған.

ЮНЕСКО-ның 6 кафедралары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (журналистика және тұрақты даму бойынша), Абай ат.ҚазҰПУ (педагогика бойынша) және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ (толеранттылық бойынша) және Алматыдағы Қазақстандық-Неміс Университетінде (су қорын басқару бойынша) құрылды.

50 клубтың басын қосқан ЮНЕСКО клубтарының қазақстандық федерациясы 2011 жылғы тамызда ресми түрде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік клубтары, орталықтары және ассоциациялары қатарына енді. ЮНЕСКО-ның Азия Тынық Мұхит федерациясы клубтарының атқарушы кеңісінің 23-сессиясы барысында Б.Ақшолақов 2020 жылға дейін төраға болып сайланды.

2010 ж. Ә.Қастеев атындағы Алматы көркем сурет өнері және техникалық дизайн мектебінің базасында Орталық Азиядағы алғашқы ЮНЕСКО-ның ҚР өңірлік мәдениет аралық және шығармашылық жөнінде білім беру туралы обсерваториясы құрылды.

Ғылым саласындағы ынтымақтастық ЮНЕСКО-ның 4 жаһандық бағдарламасы «Халықаралық гидроглогиялық бағдарлама», «Адам және Биосфера», «Биэтика» және «Жаһадық геопарктар»бойынша жұмыс істейтін 4 ғылыми ұлттық комитеттердің бағыты бойынша жүзеге асырылады. Соңғы Ұлттық комитет 2017 жылғы ақпанда құрылды, оның жоспарында Үстіртті ТМД аумағында бірінші болып ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктар тізіміне енгізу болып табылады.

ЮНЕСКО-ның «Адам және Биосфера» бағдарламасымен ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілікбиосфера резерваттар желілері аталымына дайындау бойынша Ұлттық комитет тұрақты түрде жұмыстар жүргізіледі. Ұлттық комитеттің қазіргі құрамы жұмыс атқару кезінде 2011 ж.бері аталған желіге 6 қазақстандық биосфералық резерват: «Қорғалжын» (2012 ж.), «Алакөл» (2013 ж.), «Қатон-қарағай», «Ақжайық» (2014 ж.) және «Ақсу-Жабағылы» (2015 ж.) «Барса келмес» (2016 ж.) кірді. ҚР және РФ шекаралас аумағында «Алтай» трансшекаралы биосфералық резерватын құру туралы мәселе пысықталуда.

Ақпарат және коммуникация саласында жұмыстар атқарылып жатыр. 2009 ж.бері ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Бюросы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң жобасы жұмысына белсенді қатысты. 2010 жылғы қыркүйекте Астана қ. ЮНЕСКО «Нұр Отан» ХДП, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары бойынша комиссия және БҰҰДБ бірлесіп, «ҚР ақпаратқа қол жеткізу: жағдайы және болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. 2012 ж.қазанда Алматы қ. Азиядағы тәуелсіз және плюралистикалық БАҚ-ты дамытуға жәрдемдесу туралы Алматы декларациясының 20 жылдығына орай халықаралық конференция өтті.

2011 жылғы қырыкүйекте Астана қ. өңірдің Ұлттық комиссиясының 1-ші іс-шарасы болған Орталық Азия елдерінің ЮНЕСКО Ұлттық комиссияларының өңірлік жиналысы өтті.

2012 жылдың күзінде Астана қ. «Астана – түркі әлемінің мәдени астанасын» мерекелеуге орай ТҮРКІСОИ елдерінің ЮНЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссияларының үшінші жиналысы өтті.

2013 жылғы 23 тамызда Астанада әлемдегі танымал саяси, мәдени және ғылым қайраткерлерінің, ЮНЕСКО, БҰҰ басшыларының қатысуымен Халықаралық мәдени жақындастықтың онжылдығын ұлықтау (2013-2022 жж.) жағдайы бойынша халықаралық форум өтті.

2013 жылғы 14-16 қазанда Алматыда ЮНЕСКО аясында Ұлы Жібек Жолы жөнінде әлем бойынша алғашқы кешенді онлайн платформасының ресми жұмыс істеуіне орай Ұлы Жібек Жолы бойынша халықаралық форум өткізілді.

2013 жылғы желтоқсанда ҚР Президенті Н.Назарбаев ЮНЕСКО Бас директоры Ирина Бокованы жоғарғы мемлекеттік награда «Достық» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының атынан жоғарғы мемлекеттік награданы Ұлттық комиссияның Төрағасы И.Тасмағамбетов 2014 жылғы 3 сәуірде иегерге табыстады.

2014ж. 22-24 шілдеде Астанада ЮНЕСКО-ның Ұлттық комиссияларының Бірінші Өңіраралық кеңесі өтті, ол аймақтың бүкіл Ұлттық комиссияларын ынтымақтастықты нығайту үшін жиналған. Іс-шараға 125 елдің Ұлттық комиссияларымен қатар АЛЕКСО, МИЦАИ және ТҮРКІСОЙ бақылаушылары қатысты.

Іс-шара шеңберінде Ұлттық комиссияның бұрынғы төрағасы, Алматы қаласының әкімі И.Тасмағамбетовты ЮНЕСКО мен Қазақстанның ынтымақтастығын нығайтуға және Ұлы Жібек жолы мұрасын сақтауға қосқан үздік үлесі үшін құрметті медалімен марапаттау рәсімі өткізілді.

2015 ж. 15 сәуірде ЮНЕСКО Штаб-пәтерінде Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықова мен Бас директор И.Бокова Халықаралық түрік академиясы Қазақстан, Әзербайжан және Түркия мемлекеттерінің тұрақты өкілдіктерімен бірлесіп ұйымдастырған «Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі» шарасына қатысты.

2015 жылғы 24-25 қарашада Алматы қаласында 12 елдің қатысуымен «Жібек жолы» сериялық трансшекаралы аталымы бойынша Үйлестіру комитетінің төртінші отырысы өтті.

2016 ж. 27-29 маусымда Астанада ЮНЕСКО Бангкокпен бірге Орталық Азиялық АқпаратКоммуникация және Технология жөнінде симпозиум өткізілді (5 ел мемлекеттің қатысуымен).

2016ж. 24-25 қазанда Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның Оңтүстік және Орта Азиялық биосфералық резерваттар желісінің 8-ші кездесуі өтті (15 ел мемлекеттің қатысуымен).

2016 ж. 14 қарашада Қызылорда Алматы қаласында Екінші Сырдария Ферғана кесіндісі жөніндегі желілі трансұлттық номинация даярлау бойынша мамандар кездесуі ұйымдастырылды (9 ел мемлекеттің қатысуымен).

2016ж. 21-23 қарашада Астанада ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұра секторымен бірге материалдық емес мәдени мұраларды қорғау туралы заңнамаларды жетілдіру туралы ұлттық тренинг өткізілді.

2017 жылдың ақпаны мен наурызында Қызылорда мен Алматы қалаларында ҚР ұсынысымен Адамзаттың Материалдық емес мәдени мұра Репрезентативті тізіміне көпұлттық өтінім «Қорқыт ата» мұрасы (Әзербайжан, Қазақстан, Түркия) мамандарының қатысуымен 2 кеңесі өткізілді. 2017 ж. наурызда өтінім ЮНЕСКО-ға ұсынылды.

2017 ж. 29 наурызда Париж қаласында ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың ЮНЕСКО-ның Бас директоры И.Боковамен кездесуі өтті, оның барысында И.Бокова өзінің 2017 ж. қыркүйекте Қазақстанға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне және ИЫҰ Саммитіне қатысу үшін іссапармен келу ниетін растады.

2017ж. 4-5 сәуірде Бурабайда ЮНЕСКО-ның Геоғылым және геопарктер туралы «ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктерін Қазақстанда құру мүмкіндігі туралы» Халықаралық Бағдарламасының көшпелі семинары ұйымдастырылды.

2017ж. 26 мамырда ҚР Ұлттық мұражайында Ұлттық комиссияның құрылуына және ҚР ЮНЕСКО-ға кіруіне 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Қазақ өнері мен мәдениетін танымалдандыру аясында ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде тұрақты түрде концерттер мен көрмелер өтіп отырады (2013 ж сәуірде «Ұлы дала сарыны» концерті, 2013 ж.қыркүйекте Қарағанды обл. Тәттімбет ат. Қазақ академиялық ұлт аспаптарының оркестрінің қойылымы, 2013 ж. қазанда А.Исмаилованың сурет көрмесі, 2014 ж. мамырда «Қазақ елі классик» гала концерті, 2014 ж. желтоқсанда Атырау обл. Д.Нұрпейісова атын. Академиялық ұлттық оркестрінің концерті, жыл сайын өзге елдермен бірлесіп «Наурызды» мерекелеуге арналған мәдени бағдарлама).

ЮНЕСКО-ның «Әлем әртісі» атағын А.Мұсаходжаева (1998 ж.), «Спорт бойынша ерікті елші» құрметті атағын С.Сәпиев (2013 ж.) алды. 1999 ж. маусымда Астана қ. ЮНЕСКО «Әлем қаласы» сыйлығына лайықты деп танылды.

Қосылған : 4.12.2013, 19:26, Өзгертілген : 26.12.2017, 16:00