Оман «OIC-15 Dialogue» алаңына қатысады

Қазақстан Республикасының Омандағы Елшісі Нажмедин Мұхаметәлі Оманның СІМ Халықаралық ұйымдар департаментінің директоры Махмуд әл-Хассанимен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан тарапы Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің «OIC-15 Dialogue» алаңын ұйымдастыру және іске асыру жөніндегі 2019 жылғы 19 қарашада Алматыда өтетін отырысын өткізу туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің нотасын тапсырды. Бұл ісшараны ҚР Сыртқы істер министрлігі ИЫҰ Бас хатшылығымен бірлесіп ұйымдастыруда.

Оман тарапы қазақстандық бастаманы құптай отырып, осы ісшараға қатысатынын хабарлады.

Қосылған : 5.11.2019, 15:45, Өзгертілген : 5.11.2019, 15:45