Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Құрметті азаматтар!

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан азаматтығынан шығу туралы шешімді ҚР Президенті шығарады. ҚР азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі. Елден тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы азаматтықтан шығу туралы шет елдердегі мекеме арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

  • 2) өмiрбаян;
  • 3) 3,5 х 4,5 сантиметр көлемінде фотосурет;
  • 4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • 5) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;
  • 6) апостильденген немесе заңдастырылған сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама;
  • 7) неке қию туралы және балаларының тууы туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);
  • 8) шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат;
  • 9) консулдық алымның төленгенi туралы құжат;
  • 10) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері.

Егер азаматтықтан шығу туралы өтініш жасаушы адамның ҚР алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе еліміздің территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, ҚР азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.

Егер шығу туралы өтінішхат берген адамға қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жария етілсе не ол заңды күшіне енген соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға жол берілмейді.

1-қосымша

Нысан

Сауалнама - Өтiнiш

Фото

Мені Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат беруді сұраймын.

Сұрақтар

Жауаптар

1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)


2. Бұрын тұрған барлық тектеріңiздi, аттарыңызды және әкеңiздiң атын (бар болған жағдайда) атап шығыңыз, оларды қашан, қайда және қандай себеп бойынша өзгерттiңiз


3. Туған күнi, айы, жылы және жерi (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылған жағдайда сол елдi көрсетіледі)


4. Ұлты


5. Отбасы жағдайы (некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн)


6. Шетелге шығудың алдында тұрған мекенжайы (Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтірген кезде толтырылады)


7. Соңғы тiркелген орны


8. Соңғы жұмыс, оқу орны


9. Бiлiмi және бiлiмi бойынша мамандығы (қайда, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз)


10. Бұрын басқа мемлекеттердiң
азаматтығында (бодандығында) болған жағдайда, оны қайда, қашан және қандай негiзде алғаныңызды көрсетiңiз


11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба. Егер тартылсаңыз, онда қашан, кiм және не үшiн тартты?


12. Қазақстан Республикасының немесе жеке және заңды тұлғалардың алдында орындалмаған мiндеттемелерiңiз бар ма, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсатпен байланысты міндеттемелер


13. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).

Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның атауын жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсету қажет. Әскери қызметтi лауазымыңыз бен атағыңызды көрсете отырып толтырыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорындарды (пошта жәшiгi) осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi (бар болған жағдайда).

Айы мен жылы

Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы

Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері




14. Сiздiң жақын туыстарыңыз (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер).

Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын және шетелде тұратын барлық туыстар көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi.

Туыстық деңгейi

Тегi, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жұмыс орны, лауазымы

Болу елі, тұрғылықты мекенжайы






15. Жұбайым/зайыбым ____________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға құжаттарды ресiмдеуде.

(иә/жоқ).

16. Егер жұбайыңыз/зайыбыңыз Қазақстан Республикасының азаматы(-шасы) болмаса, онда оның азаматтығын көрсетiңiз ________________________

17. Қазақстан Республикасынан шыққан кезде әскери билет тапсырылған мекеменiң атауы _____________________________________________________

18. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз _________________________

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығудың құқықтық салдары түсіндірілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматында қос азаматтық танылмайтыны туралы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қақастан Республикасы Заңының 3-бабының шарты түсіндірілді.

Өтініш берушінің қолы __________________

Қосылған : 29.05.2017, 00:00, Өзгертілген : 29.05.2017, 00:00