Қайтып оралуға куәлікті ресімдеу

"Қайтып оралуға куәлікті ресімдеу"мемлекеттік қызмет паспорты

Қызмет көрсетуші:

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері.

Жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушімен сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Сәрсенбі – қабылдамайтын күн.

Веб-сайт:

шетелдегі мекемелердің сайттары

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

қағаз түрінде

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

2 (екі) жұмыс күні, егер жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған жағдайда,
10 (он) жұмыс күні, егер жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған жағдайда.

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсынады:

- еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда);

- жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат;

- өлшемі 3,5х4,5 см түрлі-түсті екі фотосурет;

- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

- жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болған жағдайда) бірінің түпнұсқасы, ал ол болмаған жағдайда Қағидалармен белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама-өтініш;

- жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат тапсырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Қайтыпоралуғакуәлігі

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі:

1414, 8 800 080 7777

* толық ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен танысуды сұраймыз

Қосылған : 26.12.2017, 17:05, Өзгертілген : 26.12.2017, 17:05