ҚР дипломатиялық және қызметтік паспорттарды ресімдеу тәртібі

ҚР дипломатиялық және қызметтік паспорттар ҚР Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығымен бекітілген ҚР дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою Қағидалары негізінде ҚР дипломатиялық және қызметтік паспорттар берілетін ҚР лауазымды тұлғаларының Тізбесіне сәйкес беріледі.

Паспортты ресімдеу үшін іссапарға жіберуші орган уәкілетті адам арқылы Министрлікке мынадай құжаттар ұсынады:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімхат;

2) іссапарға жіберуші органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;
3) паспорт беруге толтырылған өтініш;

4) 3,5 х 4,5 мөлшеріндегі түрлі-түсті екі фотосурет. Фотосурет азаматтың құжатты ресімдеу сәтіндегі жасына сәйкес болуы, жарық фонда тікелей алдынан түсірілген болуы тиіс, әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 70-80%-ға жуығын алуы тиіс. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді;

5) ҚазақстанРеспубликасыазаматыныңжеке куәлігінің көшірмесі.

6) сенімхат.

Паспортты ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.

Паспортты уәкілетті адамға беру Қазақстан Республикасы
азаматының жеке куәлігін немесе паспортын көрсеткен кезде паспорттарды беру журналына қол қойғызу арқылы жүзеге асырылады.
Министрліктің мұрағатынан паспорттарды беру уәкілетті адам
арқылы ұсынылған, іссапарға жіберуші органның 1-қосымшада көзделген іссапарға жіберу туралы деректер көрсетілген жазбаша өтініші мен іссапарға жіберуші органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың негізінде жүзеге асырылады.

Мекен жайы: Астана қ., Қабанбай батыр д., 28, 4 кіреберіс, 3 терезе. тел. 72-04-79, 72-04-75.

Паспорт беруге арналған өтініштің нысанын жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша алуға болады.

Нота рәсімдеу бойынша консулдық алым (ұйымның атынан, жеке тұлға өтініш білдірген жағдайда азаматтың атынан) 1061 теңге (1 АЕК-тен 50 %) төмендегі есепшотқа төленеді:

Алушы   

ҚР Қаржы министрлігі
Есіл ауданының Cалық басқармасы
 
Алушы банкі 
Астана қаласы, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті
ЖИК – KZ24070105KSN0000000
БСН - 081240013779
Кіріс коды 108101
БИК – KKMFKZ2A
Төлемнің қолданыс коды – 911
КБК-108101 «Консулдық алым»
КБЕ – 11

 ҚР СІМ Шаруашылық басқармасының  қызмет көрсету алымы (ұйымның атынан, жеке тұлға өтініш білдірген жағдайда азаматтың атынан) - 6363 теңге:


Алушы                                    РМК "ҚР СІМ Шаруашылық басқармасы"
 
Алушы банкі                           ИИК – KZ72914398416BC06615
                                               БСН 020240002254
                                               ДБ АО СБЕРБАНК филиалы, Астана қ.
                                               БИК SABRKZKA
                                               Төлемнің қолданыс коды 859
                                               Код - 16

Шет елдерге қызметтік іссапарлар бойынша шыққан жағдайда, виза рәсімдеу үшін келесі құжаттар тапсырылады: мемлекеттік органның өтініш хаты, іссапарға жіберуші органның кадр бөлімі куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі және шығу елінің визалық талаптарына сәйкес тиісті құжаттар.

Құжат қабылдау күндері мен уақыты: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма - сағат 9.30-12.30 дейін.

Құжаттарды беру күндері мен уақыты: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма - сағат 16.00-17.00 дейін.

1-Қосымшассапарға жіберуші ұйымның бланкісінде

паспортты (дипломатиялық, қызметтік) ресімдеу үшін


20_____ ж. "___"_________

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

... (ел) шығу үшін паспорт (дипломатиялық, қызметтік) ресімдеуді/беруді сұраймыз:
Т.А.Ә. - лауазымы
Шығуы жылы/күні/айы,... күн (жыл) мерзімге жоспарланған
Маршруты:
Баратын қалалар:
Сапардың мақсаты:
Шығуының негізі:... (ұйымның атауы) шақыруы бойынша
Сапарды:... (ұйымның атауы) қаржыландырады

Қосымша:
1) іссапарға жіберуші органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;
2) паспорт беруге толтырылған өтініш;
3) 3,5 х 4,5 мөлшеріндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспортының көшірмесі

Ұйымның басшысы Қолы Т.А.Ә._________________/
Мөрдің орны

Орындаушы: Т.А.Ә.
Телефон:

 

Қосылған : 21.04.2014, 19:58, Өзгертілген : 3.10.2016, 11:56