Экономикалық ынтымақтастық ұйымы

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы аймақтың ынтымақтастық даму құқығына ие, 1985 жылы құрылған Үкіметаралық аймақтық ұйым болып есептеледі. ЭЫҰ үш құрылтайшысы мемлекеттің Иран Ислам Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы және Түркия Республикасының Измир шартының келісімі бойынша қол қойылған устав аясында әрекет жасады.

1992 жылға дейін ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық екі жақты қатынастағы сипатта болды. 1992 жылдан бастап Ұйым қызметі жаңа жеті мемлекеттің Қазақстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркменстан, Ауғанстан, Қырғызстан және Өзбекстанның қосылуына байланысты белсенді түрде дамыды. Қазақстанның ЭЫҰ-на ресми түрде қабылдануы 1992 жылы 28 қарашада Исламабад қаласында Ұйымның сыртқы істер Министрлері төтенше Кеңесінің отырысында толық мүшесі болып сайланды. Бұл күн ресми түрде ЭЫҰ күні болып есептеледі. Ағылшын тілі ЭЫҰ ресми тілі болып саналады.
Бүгінгі күні ЭЫҰ мемлекеттерінің 7 млн. шаршы километр жерді алып жатқан халқының саны 380 млн. адамнан асып жығылатын, ЭЫҰ экономикалық күш-қуатының мол екендігіне көзімізді жеткізеді.
ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық, ұйым мемлекеттерінің әріптестік және өзара түсіністік сонымен бірге, тәуелсіздігі тепе-теңдік принципінде негізделген. ЭЫҰ негізгі міндеті аймақтың экономикалық дамуы үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау, ішкі аймақтық қатынасты өзара ынтымақтасты түрде қарқынын күшейте отыру арқылы әлеуметтік-мәдени ғылыми-техникалық салаларды дамыту соның ішінде аймақтағы елді әлемдік жүйе бойынша интеграциялау болып табылады.
ЭЫҰ аймағы сауда-экономикалық және мәдени – ғылыми саласында ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндігі мол. Ұйымның халықаралық беделі ұлғаюда. Осымен бірге ЭЫҰ әлі де болса, өз мүмкіндіктерін игеру мақсатында біраз қиыншылықтарға да тап болып жатады.
Өткен жылдары ұйымға - мүше мемлекеттер аймақтық қатынасты дамыту үшін біраз жұмыстар атқарды. Жалпы мәдени және тарихи ұқсастықтан басқа мүше – мемлекеттер елеулі инфракструктураларды падаланысқа жіберіп және іскерлік байланысты орната білді. ЭЫҰ бірнеше жобаны бастамшылықтың ынтымақтастық энергетика, сауда, транспорт, ауыл шаруашылығы және есірткімен күрес саласына қойып отыр.
Ұйымның негізгі экономикалық параметрлік қызметін екі жылда бір рет өткізетін ЭЫҰ мемлекеттер басшыларының саммитінде белгіленеді. Кездесуде ЭЫҰ саяси стратегиялық шартын қарастырады. Аталған кездесулер әр саладағы проблемалар бойынша аймақтық сипатта немесе жаһандық маңызда пікір алмасу болып табылады. 1992 жылдан бастап жоғарғы деңгейде тоғыз кездесу өткізілді. І саммит 1992 жылдың ақпанында Тегеранда; ІІ саммит 1993 жылыдың шілдесінде Стамбулда; ІІІ саммит 1995 жылдың наурызында Исламабадта; ІV саммит 1996 жылдың мамырында Ашхабадта; Кезектен тыс саммит 1997 мамырында Ашхабадта; V саммит 1998 жылдың мамырында Алматыда; VI саммит 2000 жылдың маусымында Тегеранда; VII саммит 2002 жылдың қазанында Стамбулда; VIII саммит 2004 жылдың қыркүйегінде Душанбеде; ІХ саммит 2006 жылдың мамырында Бакуде;
ЭЫҰ Хатшылығы мүше-мемлекеттердің жарнасынан құралған орталықтандырылған бюджеті бар. Әр мүше-мемлекеттің жарналық бағасын жарнаны төлнй алатын қабілетін ескере отырып БҰҰ қабылдаған шкала есебінің жарнасымен (СМИД) белгілейді. 2004 жылға дейін ЭЫҰ бюджеті келесі есеппен төленніп келді, ұйымды құрушы мемлекеттер жарнаның 75% пайызын (Иран, Түркия, Пәкістан) ал қалған 25% жаңадан қосылған мүше-мемлекеттер БҰҰ қабылдаған шкала есебінің жарнасымен төлеп келді. 2005 жылдың қаңтар айынан бастап 66% және 34% жаңа бюджеттік есеп құрылымы күшіне енді. Осыған орай, Қазақстанның жарналық есебі 16% болып бекітіліп ( ЭЫҰ құрушы мемлекеттерден кейін төртінші орында тұр).
ЭЫҰ Хатшылығының төрағасын Министрлер Кеңесі үш жылдық мерзімге ЭЫҰ Хатшылығының бекіткен штаттық ережесіне сәйкес, екінші кезеңге тағайындалуға мүмкіндігі шектеулі болып Бас хатшылыққа тағайындалады. Бас Хатшы ұйымның негізгі басшысы болып есептеліп, Министрлер Кеңесінің алдында Ұйымның қызметі туралы толықтай жауапты және Елшінің мәртебесімен тең тұлға болып есептеледі. Кеңестің барлық отырысына қатысып өзіне жүктелген тапсырманың барлығын орындауға тиіс. Қазіргі уақытта, ЭЫҰ Бас Хатшысы болып 2006 жылы мамырда Баку қаласында СІМ 16-шы Кеңесінде Пәкістандық Өкіл Хуршед Анвар тағайындалды.
ЭЫҰ Хатшылығының Халықаралық штаттық құрамы Бас Хатшы, Бас Хатшының үш орынбасары, алты басшы (директор), басшылардың үш көмекшілері, басқа да мамандар және әкімшілік – техникалық бөлімнің мамандарынан тұрады.
Мамандарды тағайындау Министрлер Кеңесінің бекіткен рәсіміне сейкес штаттық ережеге сәйкес тағайындалады. Барлық мамандар халықаралық дәрежедегі шенеулік болып есептеледі және өзінің жалақысы мен жәрдемақысын Министрлер Кеңесінің бекіткен заңына сәйкес Хатшылықтың бюджетінен алады.
Ұйымдастыру құрылымы

1. Сыртқы істер министрлер Кеңесі (СІМК) – Ұйымның саясатын айқындайтын және шешім қабылдайтын басты орган. Кеңес сыртқы істер Министрлерінен немесе мүше-мемлекеттің үкіметімен тағайындалған министр дәрежесіндегі өкілден тұрады. СІМК жылына бір мәрте кездесу өикізіп тұрады. СІМК осы уақытқа дейін он алты рет мәжілісін өткізді.
2. Тұрақты өкілдік Кеңес (ТӨК) - СІМК шешімі мен саясатын орындайтын жауапты тұрақты әрекеттегі орган. ТӨК құрамына ЭЫҰ Хатшылығында тіркелген тұрақты Елшілер/ өкілдер, сонымен бірге, Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ЭЫҰ жөніндегі Бас директоры кіреді. ТӨК кеңесі айына бір мәрте өткізіледі.
3. Аймақтық жоспарлау комитеті (АЖК) – ЭЫҰ мүше – мемлекеттерінің мемлекеттік жоспарлау органдарының басшылары немесе үкімет атынан әрекет жасайтын және сол елдің мемлекеттік органдары мен басқа да уәкілетті өкілдерден құралады. АЖК Ұйым алдындағы тұрған тапсырманы орындаудағы бағдарламаның әрекетін және СІМК-не өзгертуге және қайта қарауларына жауап береді. Кеңес жылына бір мәрте жиналады.
4. ЭЫҰ – Хатшылығы - ЭЫҰ мониторинг қызметін жүзеге асырады және үйлестіруді қамтамасыз етеді сонымен қатар, ЭЫҰ қызметінің бекітілген жоспарына сәйкес әр түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысып тұрады. Хатшылықтың штаб-пәтері Тегеран қаласында орналасқан.

Қызметі

ЭЫҰ қызметі өзара тиімді жобалар мен бағдарламаларды қарастырып дайындап директорлар арқылы Бас Хатшының және оның орынбасарларының бақылауымен жүзеге асырылады олар мыналар:
1. Сауда және инвестиция
2. Көлік және телекомуникация
3. Энергетика, минеральді ресурстар және қоршаған ортаны қорғау
4. Ел ресурсы және орнықты даму
5. Жобалық және экономикалық зерттеу мен статистика
6. Халықаралық қатынас 
Ұйым шеңберінде тағы да алты аймақтық институт құру туралы құжатқа қол қойылды: сауда және даму банкі (құрылу алдында тұр), қайта сақтандыру компаниясы (қызметте жоқ), Суда тасымалдау, әуе жолы компаниясы (аталған жобаны болашақта мақсаиқа сай еместігін туралы шешім қабалдаған), Сауда-өнеркәсіп палатасы, сақтандыру туралы колледж және мамандандырылған үш агенттік: Мәдениет институты, Ғылыми фонд (қызметте жоқ) және Білім институты (қызметте жоқ). 2005 жылы ЭЫҰ Министрлер Кеңесінің шешімімен Астанаға аймақтық институт және Инженерлік-Консалитингілік компаниясы статусын берді.
1999 жылдан бастап Хатшылықта ЭЫҰ аймағындағы заңсыз есірткіні тасымалдауды бақылау Үйлестіруші ұйымы құрылды.
Мақсаты
1. Мүше – мемлекеттердің экономикалық тұрақты дамуы;
2. Алдағы саудаға кері әсерін тигізетін кедергілерді жою және ішкі аймақтық сауданы көтері; ЭЫҰ аймағының әлемдік саудада маңызын арттыру; Мүше – мемлекеттердің экономикалық системасын әлемдік экономикаға интеграциялау;
3. Мүше – мемлекеттердің өз ара және әлемдік қауымдастықпен байланыстыратын көлік және коммуникациялық инфраструктураларын дамыту;
4. Экономикалық жекешелендіру және либерализациялау;
5. ЭЫҰ аймағындағы пайдалынған заттардың ресурстарын мобилизациялау;
6. ЭЫҰ аймағындағы ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп күш-қуатын тиімді пайдалану.
7. Аймақтағы есірткіні бақылау, экологияны қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша қатынасты сонымен қатар, ЭЫҰ аймағындағы халықтардың өз ара тарихи және мәдени байланыстарын арттыру;
8. Халықаралық және аймақтық өзара тиімді қатынасты орнату;
Ынтымақтастықтың ұстанымы
1. Мүше-мемлекеттердің өзара сыйласымы және тепе-теңдігі;
2. Қазіргі және болашақтағы мақсат үшін Ұлттық экономикалық жоспарларды байланыстыру мен түйістіру.
3. ЭЫҰ аймағындағы шикізат және өнеркәсіп тауарларының ішкі саудасына толықтай еркіндік алу үшін мүше-мемлекеттер күштерін біріктіру керек;
4. ЭЫҰ мекемесін тиімді пайдалану, келісім және көпжақты қаржы мекемелерін қосып басқа аймақтық халықаралық ұйымдармен өзара бірігіп іс-шара өткізу;
5. Аймақтық және жаһандық іс-шараға қатысуда жалпы бірігіп дайындауда келісу;
6. Экономикалық стратегиядағы ынтымақтастықты іске асыруда және ғылыми, білім, техникалық мәдени ақпаратт алмасу;
2007 жылы ЭЫҰ аймағында тауар айналым 511.5 миллиард АҚШ долларға шықты, ал 2008 жылы 585.84 миллиард АҚШ долларына шықты. ЭЫҰ-на мүше – мемлекеттердің ішкі аймақтық тауар айналымы 2008 жылы 33 миллиард АҚШ долларына жетті, әлемдік тауар айналымның 6% құрайды. 2008 жылы шетелден келіп түскен инвестицияның жалпы көлемі 62.7 миллиард АҚШ доллары.

Қосылған : 4.12.2013, 19:53, Өзгертілген : 9.05.2014, 01:07