ҚР СІМ-нің қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесіне мүшелер сайлау туралы конкурс өткізу жөніндегі хабарландыру

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңының 8, 9 - баптарына және «Қоғамдық кеңес жөніндегі Үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 447 қаулысына сәйкес ҚР СІМ қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесіне жаңа мүше сайлау туралы конкурс жариялайды.

Министрлік 2018 жылғы 20 – 30 наурыз аралығындағы (қоса алғанда) мерзімде коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан Қоғамдық кеңеске кандидатуралар туралы жазбаша ұсыныстар қабылдайды.

Өз ұсыныстарын жіберу үшін әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидатты ұсына алады.

Азаматтық қоғамнан Қоғамдық кеңеске ұсынылатын кандидаттарға «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады. Кандидаттарды таңдау кезінде, сыртқы саясат және гуманитарлық ғылым саласында айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар, сонымен бірге шетел тілдерін білетін адамдарға басымдық құқығы беріледі.

Құжаттар (азаматтардан түскен өтініш немесе коммерциялық емес ұйымның ұсынысы, кандидаттың өмірбаян мәліметтері, коммерциялық емес ұйымды әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі) сенбі және жексенбі күндерінен басқа күнделікті сағат 13.00-ден 18.30-ға дейін көрсетілген мерзімде мына мекенжай бойынша қабылданады:

010000, Астана қаласы

Д.Қонаев көшесі, 31- үй, 149 - кеңсе

Телефон: 8-(7172)-72-01-48

e-mail: m.kalambayev@mfa.kz

бұйрық

Қосылған : 20.03.2018, 16:45, Өзгертілген : 20.03.2018, 16:45