"Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 478 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11216 тіркелді

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев ______________
2015 жылғы 27 сәуір

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 478 бұйрығымен бекітілген

«Инвестияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Инвестициялар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап, инвестициялық субсидия беруді қоспағанда – 35 (отыз бес) жұмыс күні;
инвестициялық субсидия "Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 қаулысымен белгіленген тәртіпте және мерзімде беріледі;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 16.09.2016 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға келісімшарт (бұдан әрі – келісімшарт) жасасу.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі инвестициялық преференцияларды беруге өтінім;
2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк (есептік) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк* көшірмесі немесе көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама;
ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;
3) заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылған көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;
5) тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін инвестициялық жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тіркелген активтерді, шикізатты және (немесе) материалдарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды негіздейтін, құжаттардың көрсетілетін қызметті алушы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшірмелері;
6) көрсетілетін қызметті алушының өтінімінде көрсетілген мемлекеттік заттай гранттың көрсетілетін қызметті алушы сұрау салған мөлшерін (құнын) және оны беру алдын ала келісілгенін куәландырылған құжаттар;
РҚАО-ның ескертпесі!
7) тармақша 01.01.2017 дейін қолданылады - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 16.09.2016 № 667 бұйрығымен.
7) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіби зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.
Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде инвестициялық субсидияны беру көзделген жағдайда, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 64-1-бабымен белгіленген тәртіпте инвестициялық басым жобаны іске асыру кезеңі ішінде инвестор жобалау алды және (немесе) жобалау құжаттамасының басшының қолымен, заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) куәландырылған сараптамалық қорытындысын ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – кағаз тасығышта өтінімді қабылданғанын растауы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен кіріс уақыты көрсетілген кеңседе тіркелуі туралы белгісі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 292-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органдардың осы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы бойынша мемлекеттік көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 16.09.2016 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Мемлекттік қызметтер көрсету мәселері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2301 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 75 45 50, 75 45 85 бойынша көрсетілетін қызмет беруші басшысының атына не Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1012 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 75 44 11, 75 45 46 бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылданғанын растау көрсетілген қызметті берушінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс номірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының басшысы қол қоюы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күн ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылған өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің mfa.gov.kz Интернет ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 16.09.2016 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

Қосылған : 3.04.2019, 14:50, Өзгертілген : 3.04.2019, 14:50