«Дипломатия жаршысы» журналы

«Дипломатия жаршысы» журналы – халықаралық қатынастарды, сыртқы саясаттың өзекті бағыттарын, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің мәселелерін қозғайтын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің негізгі басылымы. 1996 жылдан бастап шығарылады.

2018 жылы журналдың жаңа нысаны мен тұжырымдамасы бекітілді.Сонымен қатар онда мынадай бөлімдер пайда болды: «Басты назарда», «Халықаралық қатынастар», «Әлеуметтік-саяси үдерістер», «Өзекті мәселелер туралы кәсіби тұрғыдан», «Тарих беттерінен», «Министрліктегі жаңа тағайындаулар».

«Дипломатия жаршысы»қазақ және орыс тілдерінде басылады, сондай-ақ ағылшын тіліндегі The Diplomatic Herald of Kazakhstan нұсқасы қайта шығарыла бастады.

Журнал Қазақстанның сыртқы саясаты туралы ақпараттың басты жүйеленген көзі болып табылады. Қандай да бір өзекті оқиғалар, сапарлар мен мәселелер туралы сапалы ақпаратты бір ауыздан алу замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыз үшін басылымның басты құндылығы болып табылады.

Журналда, ең алдымен, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін маңызды сыртқы саяси, халықаралық оқиғалар мен іс-шаралардың мазмұны мен нәтижелеріне теңдестірілген және объективті талдау жасауға ерекше назар аударылады.

ҚР СІМ басшылығы, Төтенше және Өкілетті Елшілер, Бас консулдар мен Қазақстан Республикасы мен басқа да шет елдердің дипломаттары онда екі жақты және көп жақты қатынастардың өзекті мәселелері туралы белсенді түрде әңгімелейді. Министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың басшылық құрамының, еліміздегі жетекші қызметкерлер мен ғалымдардың эксклюзивті мақалалары жарияланып отырады.

Осы басылымның номерлерін Президент Әкімшілігі, Парламент, Премьер-министр Кеңсесі және бірқатар басқа да мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының ұлттық компаниялары, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус, Қазақстанның шет елдегі Елшіліктері мен өкілдіктері, кітапханалар мен жетекші жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. алады.

Қосылған : 25.02.2017, 11:55, Өзгертілген : 9.04.2018, 19:00