МИНИСТРЛІКТЕГІ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

МИНИСТРЛІКТЕГІ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Орталық аппарат

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 наурыздағы №10 өкімімен Марат Зеникенұлы СЫЗДЫҚОВ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

1991 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын бітіріп, тарих, қоғамтану және кеңес құқығының мұғалімі мамандығын алды. 2006 жылы РФ СІМ Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді.

2002 жылдан бері ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді. 2002 – 2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы және кеңесшісі.

2010 – 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2014 – 2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңесші-уәкілі.

І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.


Тимур Төлегенұлы ШАЙМЕРГЕНОВ 2019 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2004 жылы Алматыдағы Халықаралық мамандықтар институтын бітірді. Саяси ғылымдарының кандидаты.

2009-2018 жылдары Гарвард, Оксфорд, Кембридж, Пенсильвания, Колумбия университеттерінде басшылық құрам үшін оқыту бағдарламаларын өтті.

Еңбек жолын 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бастаған, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында, ҚР Парламенті Мәжілісінің аппараттарында және ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің аппараттарында, сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігі жүйесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2017-2018 жылдары ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі болды. 2017 жылдан бастап ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының лекторы.

ҚР Сыртқы істер министрлігіне тағайындалғанға дейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып жұмыс істеді.


Бақыт Данабекұлы БАТЫРШАЕВ 2019 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін бітірді.

1995 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді. 2005 – 2009 жылдары Азия және Африка департаментінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, директоры.

2009 – 2013 жылдары Сауд Аравиясы Корольдігіндегі ҚР Елшілігінің Кеңесші-уәкілі болып жұмыс істеді және Джидда қаласындағы Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі болды.

2013 – 2019 жылдары – Сауд Аравиясы Корольдігіндегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі. 2014 – 2019 жылдары – Бахрейн Корольдігіндегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарушы.

IІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар.


Қайрат Қайырбекұлы ЛАМА ШАРИФ 2019 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі болып тағайындалды.

1990 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді және араб тілінің оқытушысы мамандығын алды. 2003 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясын бітірді.

1993 жылдан бері ҚР СІМ жүйесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істейді. 2006 – 2011 жылдары – Сауд Аравиясы Корольдігіндегі, Кувейттегі, Бахрейндегі және Омандағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарушы.

2011 – 2013 жылдары – ҚР Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы.

2013 – 2019 жылдары Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.

I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар.


Батырхан ҚҰРМАНСЕЙІТ 2019 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі болып тағайындалды.

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірді және шығыстанушы-филолог және жапон тілі мен әдебиетінің оқытушысы мамандығын алды. 2006 жылы Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

2008 жылдан бері ҚР СІМ жүйесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істейді. 2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің Кеңесші-уәкілі.

2014-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында, «Атамекен» ҰКП, «New&Rare Resources» ЖШС-да жұмыс істеді.

2017-2018 жылдары – ОҚО Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының міндетін атқырушы, басшысы.

2018-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан әкімінің кеңесшісі, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі.

І сыныпты Бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.


Ғабит Әбдімәжитұлы СЫЗДЫҚБЕКОВ 2019 жылғы мамырдан бастап Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі болып тағайындалды.

2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылы РФ СІМ Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді.

2004 жылдан бері ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді. 2007 – 2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының аппаратында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2011 – 2017 жылдары Азия және Африка департаментінің басқарма бастығы, Француз Республикасындағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі және ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі.

2017 – 2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, Төрағасының кеңесшісі.

І сыныпты Бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.


Ерлан Қартайұлы ХАЙЫРОВ 2019 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі болып тағайындалды.

1999 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» және «Халықаралық экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.

1991 – 2004 жылдары ҚР Туризм, көлік және коммуникциялар министрлігінде, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, ҚР Сыртқы істер министрлігінде және ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2004 – 2006 жылдары – ҚР Президентінің Әкімшілігінде бас инспектордың жұмысын жүргізді.

2006 – 2011 жылдары квазимемлекеттік секторда басшы лауазымдарда жұмыс істеді.

2011 – 2014 жылдары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы.

2014 – 2019 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы, Инвестициялар және даму вице-министрі және Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы.

ІІ сыныпты Екінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.


Әсет Ибраимұлы БАЙСЫНОВ 2019 жылғы мамырдан бастап Сыртқы істер министрлігі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

2002 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2006 жылы – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі» мамандығы бойынша, ал 2015 жылы Дьюк Университетін (АҚШ) «Халықаралық даму саясатының магистрі» мамандығы бойынша бітірді.

2002 – 2007 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, ҚР Ішкі істер министрлігінде, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2007 – 2016 жылдары мемлекеттік секторда әртүрлі басшы лауазымдарда болды.

2016 – 2019 жылдары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі және Ғылыми-технологиялық даму департаментінің директоры және ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.


Дастан Шериазданұлы ЕЛЕУКЕНОВ 2019 жылғы мамырдан бастап Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қауіпсіздік департаментінің директоры болып тағайындалды.

1980 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірді және физик мамандығы бар. Физика-математика ғылымдарының кандидаты.

1981 – 1993 жылдары – Ядролық зерттеулер институтының аспиранты, инженері, кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері. 1993 – 1996 жылдары – ҚР Президентінің жанындағы Қазақтың стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері, директорының орынбасары. 1996 – 1998 жылдары ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істеді. 1998 – 2005 жылдары – Ядролық қаруды таратпау проблемаларын зерттеу орталығы Өңірлік өкілдігінің директоры.

2005 – 2008 жылдары – Иран Ислам Республикасындағы, Ұлыбритания Біріккен Корольдігіндегі және Солтүстік Ирландиядағы және Америка Құрама Штаттарындағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі.

2009 – 2013 жылдары – Америка Құрама Штаттарындағы ҚР Елшілігінің Кеңесші-уәкілі.

2013 – 2019 жылдары – Швеция Корольдігіндегі және Дания Корольдігіндегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарушы.


Ерлан Узанұлы ЫСҚАҚОВ 2019 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы болып тағайындалды.

1993 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын бітірді және экономист мамандығы бар. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1994 жылдан бастап СІМ жүйесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2002 – 2008 жылдары СІМ әртүрлі басшы лауазымдарды атқарды.

2008 – 2014 жылдары – Алматы қаласындағы «МЕТРО Кэш энд Кэрри» ЖШС компаниясы Бас директорының орынбасары.

2014 – 2017 жылдары – Германия Федеративтік Республикасындағы ҚР Елшілігінің Кеңесшісі, кеңесші-уәкілі.

2018 – 2019 жылдары – ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары.

І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.


Медет Аметайұлы МАҚҰЛЖАНОВ2019 жылғы мамырдан бастап Сыртқы істер министрлігі Адам ресурстары департаментінің директоры болып тағайындалды.

1999 жылы Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Халықаралық құжаттанушы» мамандығы бойынша бітірді.

1999 жылдан бастап СІМ жүйесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2013 – 2014 жылдары – Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы.

2014 – 2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі, Кеңесші-уәкілі.

2017 – 2019 жылдары – Еуропа департаменті директорының орынбасары.

ІІ сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.


Дипломатиялық өкілдіктер

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы №871 Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы ӘБДІРАХМАНОВ Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1987 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді.

1993 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді.

2003 – 2006 жылдары – Израиль мемлекетіндегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2006 – 2007 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2007 – 2013 жылдары – Австрия Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілі; Венадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі. Словения Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2013 – 2016 жылдары – БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі, Нью-Йорк қ.

2016 – 2018 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі №19 Жарлығымен Еркін Қадырбекұлы АҚЫНЖАНОВ Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1992 жылы Алматы педагогикалық шет тілдері институтын «Ағылшын және француз тілдерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.

1993 жылдан бері СІМ жүйесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істейді. 2003 жылдан бастап ведомствода басшы қызметтер атқарады.

2009 – 2012 жылдары – ЕҚЫҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілінің орынбасары және Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілінің орынбасары.

2012 – 2014 жылдары – ҚР СІМ Еуропа департаментінің директоры.

2014 – 2018 жылдары – АҚШ-тағы ҚР Елшілігінің Кеңесші-уәкілі және БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілінің орынбасары, Нью-Йорк қ.

ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы №873 Жарлығымен Берік Сақбайұлы АРЫН Қазақстан Республикасының Сауд Аравиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастық Ұйымының жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін бітіріп, филолог, араб және қазақ тілдерінің оқытушысы және аудармашы мамандығын алды. 2007 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

1994 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді.

2007 – 2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі және Аппарат басшысының орынбасары.

2011 – 2016 жылдары Араб Мысыр Республикасындағы, Марокко Корольдігіндегі, Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы және Тунистегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарушы және Араб Мемлекеттері Лигасы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі.

2016 – 2019 жылдары – ҚР Дін және азаматтық қоғам істері вице-министрі.

ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 мамырдағы №43 Жарлығымен Ерлан Сапарұлы БАЙЖАНОВ Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1985 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітіріп, журналист мамандығын алды. Филология ғылымдарының кандидаты.

1985 – 1996 жылдары оқытушылық, журналистік және коммерциялық қызметпен айналысты.

1996 жылдан бастап СІМ жүйесінде баспасөз қызметінде жұмыс істеді. 1997 – 2014 жылдары мемлекеттік қызметте де, квазимемлекеттік секторда да әртүрлі басшы қызметтер атқарды.

2014 – 2019 жылдары – Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігінің Кеңесші-уәкілі.

І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 09 мамырдағы №41 Жарлығымен Болат Бариұлы ИМАНБАЕВ Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1990 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітіріп, тарихшы мамандығын алды; 2017 жылы Ресей Федерациясы СІМ Дипломатиялық академиясын бітірді, экономика магистрі дәрежесі бар.

1992 жылдан бастап СІМ жүйесінде жұмыс істейді. 1994 – 1997 жылдары Ақмола әкімшілігінің аппаратындағы мемлекеттік қызметте әртүрлі қызметтер атқарды.

1997 – 2009 жылдары СІМ жүйесінде басшы қызметтерді қоса алғанда, әртүрлі лауазымдар атқарды.

2009 – 2011 жылдары – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.

2011 – 2017 жылдары – Германия Федеративтік Республикасындағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі және Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігінің Кеңесші-уәкілі.

2017 – 2019 жылдары – Санкт-Петербург қаласындағы ҚР Бас консулы, Ресей Федерациясы.

ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 мамырдағы №46 Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы САРЕКЕНОВ Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін «Тарих және қоғамтану оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді.

1993 – 2004 жылдары – СІМ жүйесінде басшы қызметтерді қоса алғанда, әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2004 – 2006 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2006 – 2011 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директорының орынбасары; Жапониядағы ҚР Елшілігінің Кеңесшісі және Кеңесші-уәкілі.

2012 – 2013 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директорының орынбасары; Малайзиядағы ҚР Елшілігінің Кеңесші-уәкілі.

2013 – 2019 жылдары – Малайзиядағы және Бруней-Даруссаламдағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарушы.

ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 мамырдағы №47 Жарлығымен Жанна Сәбитқызы САРТБАЕВА Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді, халықаралық экономист мамандығына ие болды.

1997 – 2005 жылдары СІМ жүйесінде жұмыс істеді.

2005 – 2007 жылдары – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының және Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2007 – 2012 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012 – 2013 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2013 – 2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының Аппараты Халықаралық байланыстар және хаттама бөлімі, Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.

І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы №876 Жарлығымен Асқар Ерлікұлы ТӘЖІБАЕВ Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1984 жылы Алматы энергетика институтын «Инженер-электрик» мамандығы бойынша бітірді.

1984 – 1994 жылдары – электр энергетикасы және туризм саласында жұмыс істеді.

1994 – 2009 жылдары СІМ жүйесінде басшы қызметтерді қоса алғанда, әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2009 – 2011 жылдары – ҚР СІМ Орталық Азия департаменті директорының орынбасары.

2011 – 2015 жылдары – ТМД департаментінің директоры.

2015 – 2019 жылдары Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің Кеңесші-уәкілі.

І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 мамырдағы №45 Жарлығымен Нажмедин МҰХАМЕТӘЛІ Қазақстан Республикасының Оман Сұлтанатындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1999 жылы Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Халықаралық құжаттанушы» мамандығы бойынша бітірді.

1998 – 2005 жылдары – Сауд Аравиясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің референт-аудармашысы, талдау бөлімінің маманы және Елшінің көмекшісі.

2005 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді.

2008 – 2013 жылдары – Дубай қаласындағы ҚР Бас консулдығының, Азия және Африка департаментінің, Араб Мысыр Республикасындағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі.

2013 – 2019 жылдары – Сауд Аравиясы Корольдігіндегі ҚР Елшілігінің Кеңесші-уәкілі.

І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 6 маусымдағы №60 Жарлығымен АРЫСТАНОВ Аркен Кеңесбекұлы Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1988 жылыМ.В.Ломоносоватындығы Мәскеу мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Саяси экономика окытушысы» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.

1992-1996 жылдары мемлекеттік және сыңайлы секторларда әр түрлі қызметтерде жұмыс істеді.

1996-2000 жылдары Алматы сауда-қаржы банкі және«Қазақстан Халық банкі» ААҚ-ның басқарушысы.

2000-2013 жылдары - ААҚ«Қазпочта»(Алматы қ.) және АҚ «Қазпочта» (Астана қ.) басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы. Аймақтық қаржы орталығы қызметін реттеу бойынша ҚР Агенттігінің төрағасы.

2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Елшіліктің кеңесшісі.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 6 маусымдағы №62 Жарлығымен ТҰМАТОВ Айдарбек АнуарбекұлыҚазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1993 жылы Ресей Федерациясындағы Санкт-Петербург мемлекеттік университетін «Шығыстанушы-тарихшы» мамандығы бойынша, ал 2005 жылыТ.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Халықаралық-экономист» мамандығы бойынша бітірді.

1993-2000 жылдары сыңайлы, жеке меншік және мемлекеттік секторларда әр түрлі қызметтерде жұмыс істеді.

2000 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесіндегі жұмысын бастады.

2004-2006 жылдары Экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықдепартаментінің, Халықаралық ұйымдар мен көпжақты ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы.

2006-2007 жылдары бірінші хатшы, кейіннен Қазақстан Республикасының БАӘ-дегіЕлшілігінің кеңесшісі.

2007-2008 жылдарыАқпараттық-аналитикалық департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары.

2008-2011 жылдары ҚР-ның БАӘ-дегі Елшілігінің кеңесші уәкілі, Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директорының орынбасары.

2011-2019 жылдары Азия және Африка департаментінің директоры.

I сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 6 маусымдағы №64 Жарлығымен КӘРІПОВ Дәурен Айтбайұлы Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1994 жылы Абылай хан атындағы әлемдік тілдер Қазақ мемлекеттік университетін «Неміс және орыс тілдерінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді.

1995 жылы ҚР СІМ жүйесіндегі жұмысын бастады.

2004-2007 жылдары – вице-консул, ҚР Бас консулдығының Майндағы Франкфурт қаласындағы консулы.

2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Швейцария КонфедерациясындағыЕлшілігінде кеңесшісі, Консулдыққызметдепартаментінде және Германия Федеративтік Республикасында кеңесшісі.

2013-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консул және Бас консулдың уақытша міндетін атқарушысы.

I сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.


Марат Уәлиханұлы ҚАЛИЖАНОВ 2019 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Сидней қаласындағы (Австралия Одағы) Бас консулы болып тағайындалды.

1998 жылы Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Халықаралық құжаттанушы» мамандығы бойынша, ал 2001 жылы ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді.

1998 жылдан бері ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді.

2010 – 2014 жылдары ҚР СІМ Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті, ТМД департаменті және Еуразиялық интеграция департаменті директорының орынбасары.

2014 – 2019 жылдары – ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары.

І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.


Бауыржан Бақбергенұлы ДОСМАНБЕТОВ 2019 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Санкт-петербург қаласындағы Бас консулы болып тағайындалды.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді, сондай-ақ 2001 жылы ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді.

2001 жылдан бері ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді.

2012 – 2015 жылдары – ҚР СІМ Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Түркия департаментінің және Әзірбайжан Республикасындағы ҚР Елшілігінің Кеңесшісі.

2015 – 2017 жылдары – Әзірбайжан Республикасындағы ҚР Елшілігінің Кеңесші-уәкілі.

2017 – 2019 жылдары – ҚР СІМ Еуразиялық интеграция департаменті директорының орынбасары.

ІІ сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.


Рауан Әбдіманапұлы ЖҰМАБЕК 2019 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) Бас консулы болып тағайындалды.

2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітіріп, филолог, араб, түрік тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы мамандығын алды.

2004 жылдан бері ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді.

2012 – 2014 жылдары – Иордан Хашимит Корольдігіндегі ҚР Елшілігінің Кеңесшісі.

2014 – 2019 жылдары – ҚР Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының инспекторы және сектор меңгерушісі.

І сыныпты Бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.


Ерлан Бекежанұлы МУҚАШЕВ 2019 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Кишинев қаласындағы (Молдова Республикасы) Бас консулы болып тағайындалды.

1992 жылы Алматы педагогикалық шет тілдері институтын «Ағылшын және неміс тілдерінің мұғалімі» мамандығы бойынша, сондай-ақ 2002 жылы –Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

1994 жылдан бері ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді.

2011 – 2015 жылдары – ҚР Елшілігінің Мюнхен қаласындағы (ГФР) консулдық пунктінің консулы және ҚР Консулдығының Консул-кеңесшісі.

2015 – 2019 жылдары – ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары.

І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

Қосылған : 13.06.2019, 12:05, Өзгертілген : 13.06.2019, 12:05