МИНИСТРЛІКТЕГІ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

МИНИСТРЛІКТЕГІ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы №270 Жарлығымен Ермек КӨШЕРБАЕВ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

1988 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Тарихшы, шет тіліндегі тарих оқытушысы» мамандығы бойынша, 1993 жылы – КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат» мамандығы бойынша бітірді.

1988 жылдан бастап Қазақ СРО СІМ, кейіннен ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді. 1996 – 1997 жылдары – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы. 1997 жылы – ҚР СІМ Көп жақты ынтымақтастық департаменті Азия қауіпсіздігі бөлімінің бастығы.

1997 – 1999 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің көмекшісі. 2000 жылғы қаңтар – қазан аралығында – «Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоры» қоғамдық бірлестігі директорының орынбасары, директорының бірінші орынбасары.

2000 жылдан бастап мемлекеттік сыңайлы секторда және «Отан» республикалық саяси партиясында басшы лауазымдарында қызмет атқарды.

2010 – 2014 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары,бірінші орынбасары.

2014 – 2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының вице-министрі. 2016 – 2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, кейіннен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы.

І сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы №272 Жарлығымен Нұрлан СЕЙТІМОВ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды.

1986 жылы Семей қаласының Технологиялық институтын «Инженер» мамандығы бойынша, 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірді. 2013 жылы РФ СІМ Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар магистрі» мамандығы бойынша аяқтады.

1988 жылдан бастап 1994 жылға дейін комсомол жүйесінде және жеке секторда жұмыс істеді.

1994 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді. 2000 – 2004 жылдары Қазақстанның Франкфурт-на-Майнедегі Бас консулдығының, содан кейін Қазақстанның Ганновердегі консулдығының консулы.

2004 – 2007 жылдары – ҚР СІМ ТМД департаментінің Бөлім басшысы, Басқарма басшысы, Директордың орынбасары.

2007 – 2010 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының Бас инспекторы, Меңгерушісінің орынбасары.

2010 – 2013 жылдары – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің Кеңесші уәкілі.

2013 – 2016 жылдары - Қазақстанның Франкфурт-на-Майнедегі Бас консулы (ГФР).

2016 – 2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы №825 Жарлығымен Асхат ОРАЗБАЙ Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1985 жылы В.И. Ленин атындағы Ташкент Мемлекеттік Университетін «Филолог, парсы және ағылшын тілдерінің және әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.

1982 – 1992 жылдары – аударма, редактор және оқытушы ісімен айналысты.

1992 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді. 2001 – 2002 жылдары БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша Арнайы миссиясының саяси мәселелері жөніндегі Кеңесшісі.

2002 – 2004 жылдары – Қазақстан Республикасы СІМ Африка және Таяу Шығыс, Азия департаментінің директоры.

2004 – 2006 жылдары – Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Бас директоры, Тегеран қ. (Иран).

2006 – 2008 жылдары – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі – ҚР ШЫҰ қызметінің ұлттық үйлестірушісі.

2008 – 2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Түрікменстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2012 – 2019 жылдары Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі,Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 ақпандағы №861 Жарлығымен Мадияр МЕҢІЛБЕКОВ Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2012 жылы Ливияның Триполи қаласындағы «Исламға шақыру» университетін «Араб тілі және исламтану» мамандығы бойынша, 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Филология магистрі» мамандығы бойынша бітірді.

2002 – 2006 жылдары – оқытушы ісімен айналысты.

2006 жылы СІМ Азия және Африка департаментінде, кейіннен ҚР-ның шет елдердегі дипломатиялық миссияларында жұмыс істеді.

2012 – 2017 жылдары – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің Кеңесшісі, Кеңесші уәкілі.

2017 – 2019 жылдары Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы(БАӘ) Бас консулы.

II сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Қосылған : 29.03.2019, 19:05, Өзгертілген : 29.03.2019, 19:05