Нидерландтағы экономикалық ахуалдың кейбір тенденциялары туралы

Нидерландтың Орталық статистика бюросының (ОCБ) ресми мағлұматы бойынша, инвестиция, экспорт көлемі және үй шаруашылығының тұтынуы төмендеуіне байланысты голланд экономикасы ІІІ тоқсанда күрт қысқарды.

Нидерландтың ЖІӨ өсімі 2012 жылдың ІІІ тоқсанында 1,1%-ға қысқарды. Жылдық есептеуде ЖІӨ 1,6%-ға қысқарды. Талдампаздар осыншама күрт қысқаруды болжамдады, себебі инвестиция көлемі жылдық есептеуде 6,4%-ға кенеттен төмендеп кетті. Экспорт өсімі 2012 жылдың ІІ тоқсанынан 4,4%-дан ІІІ тоқсанындағы 1,6%-ға дейін баяулады.

Қарашаның басында голландтық ЖІӨ алдынғы 0,9% бағалауымен салыстырғанда 2012 жылы 0,3%-ға қысқаратыны Валюта сұрақтары жөніндегі Еурокомиссары Олли Ренмен мәлімденген болатын. Дегенмен, құлауынан кейін Нидерланд алдыңғы 0,7% даму бағалауымен салыстырғанда 2013 жылы 0,3% өсімі бұрынғыша баяу қалпына келетін болады. 2014 жылы елдің ЖІӨ 1,4%-ға жоғарлайтыны күтілуде.

«Rabobank» голландтық ірі банкінің экономисті Рут ван де Белт «жалпы, біз құлдырау үстінде тепе-теңдікті ұстап тұрмыз» деп жағдайға түсінік береді. Экономисттер экономиканың бәсеңдеуін күткен еді, алайда құлау ең күйреуік болжамдардан бетер болып шықты. Мысалға, «Rabobank» банкі тоқсандық қысқаруды 0,7%-ға, ал елдің жетекші «ING» банкі – 0,5%-ға болжады. «ING» банкінің экономисті Мартен ван Гардерен айтуынша, соңғы жылдары Нидерланд негізінде экспорт есебінен «аман қалып» отырды, «дегенмен ол да бізді ІІІ тоқсанда жарға жықты».

Нидерландтың Орталық статистика бюросының баспасөз-хатшысы Петер Хейн ван Мюллегеннің ойынша, тұрғын үй құнының құлауы үй шаруашылық жинаққа және жалпы бюджетіне кері әсерін тигізеді. Бұл тұтынушылар шығынының төмендеуіне соқтырады. Голландтық сарапшыларының айтуынша, қазанда 15-жылдық максимумге дейін көтеріліп және 6,8% құраған жұмыссыздық деңгейінің өсімі де шығындардың қысқаруына түрткі болды.

Нидерландтың Орталық банкі 2014 жылға дейінгі мерзімде елдің экономикасы Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі ең нашар жеті жылдық нәтиже көрсететінін болжайды.

Сол шақта, Еуростаттың алдын-ала мәлімдемелері бойынша, 2012 жылдың ІІІ тоқсанында еуро аумақтың 17 мемлекеттерінің ЖІӨ көлемі алдағы тоқсанмен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеді. Дегенмен, Еуропа «локомативі» Германияның экономика екпіні біраз төмендеп, бірақ талдампаздар күткеніндей соншалықты қатты бәсеңдемеген өсім көрсетуде. Елдің ЖІӨ алдыңғы тоқсанда 0,3%-ға көтерілгеннен кейін ІІІ тоқсанда 0,2% қосты. 2012 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша Францияның ЖІӨ көлемі де ІІ тоқсанда 0,1%-ға төмендегенінен соң 0,2%-ға жоғарлады.

Еуро аумақ экономикасының құлдырауы көптеген мемлекеттер үкіметтерінің бюджетті үнемдеу шараларын жүзеге асыру фонында болып жатыр. Марк Рютте басшылығымен Нидерландтың жаңа үкіметі де кезекті қатал үнемдеуді жариялады. Сонымен, мемлекеттік шығындарды қысқартудың жалпы көлемі 2017 жылға 46 миллиард еуро деңгейінде болатыны күтілуде.

Жаңа министрлер кабинетінің қаржы және әлеуметтік-экономикалық стратегиясы негізгі үш қағидаттарға сүйенеді: мемлекеттік қаржыны реттеу, қаражатты дұрыс жұмсаумен қамсыздандыру және тұрақты өсім үшін қызмет ету. Осы үш факторға елдің өркендеуі мен амандығы тікелей тәуелді екендігіне үкімет сенімді.

«Жуырдағы жылдарға қажетті қатал үнемдеу шаралары әрқайсымызға әсер тигізеді. Бірақ біз қоғамның қолдауына сүйенуіміз керек және өмірге бейімді мемлекеттік қаржылардың және тұрақты, дұрыс экономиканың болашағына әділетті таңдау жасауымыз қажет», деп 2012 жылы 5 қарашада құрылған жаңа үкіметтің коалициялық келісімінде айтылған.

Елдер өздерінің қаржы істерін ретке келтіруі және өзіне алған міндеттемелерді бұзбауы керек деп Нидерланд елі өз ұстанымын Еуропалық Одақ шеңберінде қолдауда. М.Рютте үкіметіне сәйкес, «мықты бюджеттік саясат біздің ортақ мүддеміз. Бұл біздің Еуропадағы ұстанымдарымызды нығайта түседі және келешекте дағдарыстың болуы мүмкін жағдайында бұл бізге соққыны қылғуға көмектеседі. Нәтижесінде, жөнге салынған бюджеттік саясат зерттеуге, инновацияға, орнықты дамуға және білім беруге көбірек инвестициялауына және халыққа жүктелген салықты қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайынан біз болашақ ұрпақтарымызды қауіпсіздендіреміз».

Алайда, ОСБ жарияланған мағлұматтар, еуро аумақтағы ең мықты экономикалардың бірі деп саналатын Нидерланд экономикасының нашар жағдайын растады. Келешекке жасалған болжамға сәйкес, ендігі жылдары елдің экономикасы төмендейтін болады. Қорытындылап келгенде, Нидерланд әлемнің ең мықты экономикалары тізімінде позицияларын қысқартуы мүмкін. Нидерланд еуро аумақтағы үш мәртелі «ААА» несие рейтингісіне иелі аздау елдердің бірі болып табылады. Дегенмен сарапшылар экономиканың үшінші тоқсандағы қысқартылуы голландтықтардың жағдайын өзгертетінін ықтимал деп санайды. Сонымен қатар үкіметтің мемлекеттік шығындарды қысқартуы бойынша шаралары голланд экономикасының тез қалпына келуі үміттерін әлсіретуі мүмкін.

ҚР Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі

Қосылған : 20.11.2013, 11:52, Өзгертілген : 8.05.2014, 02:00