Нидерланд - салынған және тартылған инвестициялар көлемі бойынша дүниежүзілiк жетекшi

Инвестиция және сауда-саттық аумағында Нидерланд Корольдігінің саясаты әлемдегі ең ашық саясаттардың бірі деп саналады. Нидерланд экономикасы өте жақсы біріктірілген болып, шетелге инвестициялық капиталдың ең ірі жеткізушілердің біріне айналып, 10 ең ірі инвестор- елдерінің арасында 6-орын алады. Шетелге бағытталған тікелей шетелдік инвестициялардың ортақ көлемі 3,7 миллиард доллар құрды, және де 2012 жылғы мәліметтер бойынша, Нидерланд шетелден инвестиция салатын капитал қабылдаушылардың негiзгi елдерiнiң арасында 6-шы орын алады.

«Ernst & Young» компаниясының өткізген зерттеулері бойынша, НК үкіметі тікелей шетелдік инвестицияларға қатысты, аса либералды саясат өткізіп жүр және инвестиция аумағында Экономикалық Ынтымақтастық және Дамыту Ұйымымен (ЭЫДҰ) қабылданған жалпы қағидаларын қатаң түрде қолдануда. Нидерландта ұлттық институттарға және мемлекеттік (әлеуметтік) монополиялары болып табылатын экономика секторларына, нақтырақ: Нидерланд Орталық банкіне, Нидерланд темір жолдарына, радиохабар жүйесіне, әуе жолдар тасымалына, газ өндіру, тасымалдау мен сақтауына және де су шаруашылығына шетелдік инвестицияларға тыйым салынған немесе шек қойылған. Экономиканың басқа салаларында шетелдік инвестицияларға қандайда да бір шектеулер қойылмаған, және шетелдік компаниялар дәл жергілікті фирмалар секілді, сондай дәрежеге және жеңілдіктерге ие болады.

Ағымдағы жылдың шілдесінде «Нидерланд Орталық банкі» (DNB), шетелге кеткен голланд инвестициялық капиталы туралы ақпаратты алғашқы рет жариялады. 2011 жылы АҚШ және Біріккен Корольдік голланд инвестициясының әйгілі бағыты болды. 2011 жылдың соңына таман Нидерланд компаниялары және институционалды мен жекеменшік инвесторлардың шетелге деген инвестицияларының төрттен бір бөлігі АҚШ және Ұлыбританияға бағытталған болатын, содан соң Люксембург, Германия, Швейцария, Ирландия және Бермуд аралдары келеді.

Нидерландтың тікелей шетелдік инвестициялары басқа елдегі бастау сәттегі компанияларға, компанияларды немесе компания бөлігін сатып алу үшін арналған, қор ретінде ұсынылды. АҚШ-дағы голланд капиталының үлкен бөлігі, негізінен, голландтықтарда американдық компаниялардың акцияларының бар болуы суреттейді. Нидерланд – алдымен зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялар және инвестициялық қорлары секілді голланд институционалдық инвесторлар – АҚШ-да 165 миллиард евро сома көлеміндегі акцияларға ие болып отыр. Осы сан, британ акцияларына инвестиция бөлігіне салыстырғанда үш есе көп. Былтырғы жылы голландтықтар 627 миллиард евро борыштық қағаздар ұстаған. Неміс мемлекеттік облигацияларына инвестиция 2009 жылы 85 миллиард евродан, 2011 жылы 140 миллиард евроға дейін көтерілді.

Еуроауданның әлсіз, «GIIPS» (Греция, Ирландия, Италия, Португалия және Испания) деп аталатын, елдер тобына инвестиция салу көлемі болмашы. 2009 жылдан бастап, осы мемлекеттерде, құнды қағаздарға ие болу 30%-ға төмендеді. «GIIPS» елдеріне тікелей шетелдік инвестициялар 2009 бен 2011 жылдар аралығында 18%-ға көтерілгені естен шықпас айғақ, әсіресе Ирландияға, Испанияға және Португалияға.

Нидерланд шет мемлекеттерінің экономикасына инвестиция салу көлемі бойынша ғана емес, сонымен қатар, шетелден тартылған шетелдік капитал көлемі  бойынша әлем жетекшісі болып табылады. Нидерландта шетелдік инвестициялық жобалар 48%-ға, 2010 жылы 115-тен 2011 жылы 170-ке дейін жоғарлады.

Нидерландтағы жалпы шетелдік инвестиция экономиканың өскелең аймақтарына назарларын салып отыр, оның ішіне ақпараттық технология, биотехнология, медициналық технологиялар, азық-түлік өндірісі де кіреді. Инвестицияның негізгі көлемі жоғары технологиялы өнеркәсіп салаларына (жоғары технологиялы құрастыру), жинауға, жүктерді іріктеуге және тасымалдауға, сонымен бірге қызмет көрсету салаларына назар салуда.

2011 жылы шетелдік инвестиция көлемі, сауда және өткізу саласында Нидерландта өсе келе, кеңінен таралған инвестиция түрі болып қалды. Зерттеулердің көрсетуінше логистикалық және өндірістік кәсіпорындарында инвестиция елеулі өскен.

Былтырғы жылы Нидерланд,  «Еуропа Қақпасы» деген абыройын, логистика нысандарына инвестиция салудың қатты жоғарлауы арқасында ақтады, деп «Ernst & Young» компаниясы көрсетті. АҚШ Нидерландта ең ірі инвестор болып қалуда. БРҮҚ елдерінің Нидерландтағы инвестицияларының еншісі шектеулі күйде және шамамен бүкіл Еуропадағыдай деңгейде қалуда (6,5% ).

Шетелдік инвесторлар Нидерландқа, тұрақты саяси және макроэкономикалық ахуалы үшін, жоғары дамыған қаржы саласы үшін, білікті жұмыс күші мен басқарушылық қызметкерлері және дамыған инфрақұрылымның бар болу себебінен бұрынғыша құрметтерін көрсетеде. Жұмысшы күшінiң құны жеткiлiктi жоғары болғаныменен, шетелдiк инвесторлар инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн Нидерландты қолайлы орын деп санайды.

Нидерландта капитал мен қаржыны айырбастауға, айналдыруға және шығаруға, соның ішіне, тек бейрезидент-компаниялар үшiн айырбастау лицензиясын алу талаптарын қоспағанда, шетелдік компаниялар бөлімдерінің пайдаларын, девидендтерін, бағалы қағаздар табысын, жылжымайтын мүлік пен жер жал ақысын, гонорарлар мен пайыздарын, басқару және техникалық қамтамасыз ету үшін қызметтік төлемдерін қоса алғанда, шектеулер қойылмаған.

Үкiмет инвестициялардың қорытындысына кедергi келтiретiн заң шығару базасымен бейімделмегеніне қарамастан, кәсiподақтар компанияның жабылуы үшін сотқа шағымдануға құқылы. Бұл жағдайлар жергiлiктi және шетелдiк компанияларға таралады.

Нидерланд инвестициялық даулар бойынша Халықаралық Конвенцияға қол қойды және  инвестициялық дауларды шешу бойынша Халықаралық орталықтың (International Center for the Settlement of Investment Disputes) мүшесi болып табылады. Сонымен бiрге, халықаралық сауданы реттеу үшін Вассенаарлық келiсiмін бұлжытпастан қолданып жүр. Экспортты-импорттық әрекетіне қатысты басымдылық пен кемшіліктің жоқтығына байланысты Нидерланд саясатын жүргізуде, егер Еуропалық бірлестікпен өткізілетін саясаттың нәтижесінде мұндай шаралар пайда болмаса.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, қазіргі жағдайда, халықаралық бизнес-бірлестікті Нидерландтағы, халықаралық институттармен жоғары бағаланған, iскер және инвестициялық ахуалды салу тәжiрибесі қызықтырып тұрғанын атап өткен жөн. Менеджменттi дамыту Халықаралық институты өткiзген зерттеулерге сәйкес Нидерланд өте қолайлы iскер ахуалды елдер арасында 4-шi орын алады.

ҚР Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі

Қосылған : 20.11.2013, 11:45, Өзгертілген : 8.05.2014, 01:55