Нидерланд экспорттық саясаты туралы

Нидерландтың экономикалық дамуы көбіне нидерландық экономиканың халықаралық бағытына сәйкес келетін оның сыртқы экономикалық қызметінің күйімен байланысты. Үкіметтің ресми деректері бойынша, Нидерланд АҚШ, Қытай, Жапония және Германиядан кейінгі көлемі жағынан дүние жүзінде бесінші экспорттаушы болып табылады. Экспорттан түсетін жалпы табысы Нидерландтың ЖІӨ-нің 70% құрайды. Дамыған транспорттық-логистикалық инфрақұрылымның және жағрафиялық орналасу нәтижесінде, Нидерланд батыс еуропалық дистрибьюторлық орталықтың міндетін өз мойнына алып, өз арқылы АҚШ, Латын Америка және Азия елдерінің тауарлар ағымы басқа мемлекеттердің нарығына жеткізіп отыр.

Нидерланд Орталық жоспарлау бюросы және Статистика бюросы 2012 жылдың ақпанында елдiң аумақтарына жолшыбай жеткізілетін, бiрақ содан соң ешбір қолдану немесе өңдеусіз ары қарай шығарылатын транзиттік тауарлардың экспорты бойынша мәлiмет жариялады.

Сонымен, Нидерландта жасалып шығарылған экспорттық тауардың құны ЖІӨ-нің 29% құрайды. Сонымен бірге, ЖІӨ-ге қарағанда, Нидерландта жасалатын тауарлардың экспорты баяу өсуде. Транзиттік тауарлардың экспорты екпінді өсіп келе жатыр. Бұл дерек Нидерландтың аздау өндіруші және көбінесе сатушы ел болып келе жатқан пікірді растайды.

Жалпы экспорт көлемінің 46%-ын транзиттік өнім экспорты құрайды, ал мысалға Швецияда, ол тек қана 2% құрайды. Мамандардың айтқанындай, бұл елдің жағрафиялық орналасуына байланысты. Дегенмен, мысалға, Нидерландпен жағрафиялық орналасуы ұқсас Бельгия бұл көрсеткіш бойынша 33%-бен артта қалды.

1980-2011 жж. мерзімінде Нидерландтың жалпы экспорт көлемі 70 миллиард еуродан 368 миллиард еуроға дейін 5 есе өсті. Нидерландта жасалып шығарылатын тауарлардың экспорты осы мерзім ішінде 56 миллиардтан 186 миллиард еуроға дейін үш есе өскенінде, транзиттік тауар экспорты 14 миллиард еуродан 182 миллиард еуроға дейін 13 есе өсті.

Сонда да, британдық «HSBC» банкінің зерттеулері бойынша әлемдік жетекші экономикалар тізімінде Нидерланд жайғасымы айтарлықтай төмендеді. Алдағы он жылдықтарда Нидерланд әлемдік экономикада маңызы төмен ойыншы болу мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда 15 орында тұрған Нидерланд 2050 жылы 24 орынға түсуі мүмкін.

Экономиканың қарқынды өсуінің төмендеуінің маңызды себептерінің бірін сарапшылар Нидерландтан шығатын экспорттың баяулауымен байланыстырады. «Fenedex» нидерландық экспорттық ұйымының директоры Барт Ян Коупман сөзі бойынша, нидерландық экспортқа еуро аймақтағы дағдарыс үлкен қауіп болып табылады.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындар мекен еткен елдегі бұрынғыдай қозғалтқышы болып табылады. Экспортталатын өнімнің ең маңыздысы ауылшаруашылық өнімі болып қалуда. Өткен жылы ауылшаруашылық өнімі 72,8 миллиард еуро жабдықтады, содан кейін химиялық өнеркәсібі мен микроэлектрондық өнеркәсібі еріп келеді.

Егер экономика тоқырауланса, Нидерланд үкіметі алдын ала экспортқа жүгінеді. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін және 70-ші, 80-ші жылдары болған мұнайлық дағдарыстан кейін дәл осылай экономиканың қайта қалпына келтірілуі өтті. Мемлекеттік шығындарды қысқартқан кезеңінде голландтықтар үшін экспорт аса маңызды болып табылады.

Экспорт қызметін күшейту мақсатында «Fenedex» экспорттық ұйымының директоры Коупман үш басты бағыттарды атап айтты: «Мемлекет нарықтың ашық болып қала беруі туралы қамын ойластыруы керек. Қолдампаздық нидерландық экспорт үшін тойтарылмас зардаптар әкеледі. Екіншіден, үкімет шет елдермен экономикалық дипломатияны нығайтуы тиіс. Және, үшіншіден, үкімет ең жетекші экономика секторлары инновациялық болып қала беруіне қамқорлық жасауы тиіс».

Нидерланд үкiметi дәл қазiр экономикалық дипломатияны белсене насихаттауда, инновациялық бағыттылығы бар 9 негізгі экономика секторларын белгіледі, және де жаңа экономикалық әріптестері жайлы көбірек сөйлейтін болды.

Бұл ретте мемлекеттік-жекеменшікті серіктестікті дамытуына, шетелдегі голландтық кәсіпкерлерін қолдауына маңызды көңіл аударылуда. Осы мәнмәтінде, 2012 жылдың ақпанында Нидерланд үкіметімен «Халықаралық бизнес серіктестері» бағдарлама құрастырылған. Бағдарлама мемлекеттің қаражаттандыратын органы ретінде емес, әрiптес ретiнде аса белсенді рөл атқаратынын ескереді. Жаңа тәсілдемеде үкімет жақтан аса икемді және белсенді бизнесті қолдауымен мемлекеттік-жекеменшіктің серіктесуіне ерекше көңіл аударылып, жекеменшік секторы өз мойнына маңызды міндеттемелер алуы және үлкен қаржылық қолдау көрсетуі көзделіп отыр.

Осы голландтық бағдарлама бойынша, үкімет халықаралық бизнестің серіктесі ретінде компаниялардың жоғарғы әлеуеті бар шетелдік нарықта өз бизнестерін жақсартуына және сол нарыққа шығуына көмек көрсетуі керек. Сонымен бірге, голландтықтардың айтуынша, бағдарлама жеке саудалық делегация сапарын ұйымдастыруды немесе конференциялар мен саудалық көрмелерге «іліспелі» ретінде қатысуды емес, ал стратегиялық және кезеңмен салу жоспарын қажет етеді. Бұл ретте, жекеменшік секторына орындай алуға мүмкіншілігі жоқ мәселелерді үкімет өз мойнына алады. Нидерланд елі голландтық жекеменшік секторының бәсекеге жарамдылығын нығайтатын осы бағдарламаны экономикалық дипломатия құралының бірі ретінде жайғастырады.

ҚР Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі

Қосылған : 20.11.2013, 11:51, Өзгертілген : 8.05.2014, 01:58