Үндістандағы ҚР азаматшасына қатысты ҚР СІМ баспасөз хатшысының түсініктемесі

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Нью-Дели қаласында Қазақстан Республикасының азаматшасын зорлады деген күдікпен үш ер адам ұсталған. Қазіргі уақытта үндістандық полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Министрлік аталған мәселені ерекше бақылауында ұстап отыр. ҚР Үндістандағы Елшілігінің консулдық бөлім қызметкерлері біздің азаматшамыздың құқықтары мен мүдделерін барынша қорғау мақсатында жәбірленуші мен Нью-Дели құық қорғау органдарымен байланыс орнатқан.

Қосылған : 16.03.2015, 15:37, Өзгертілген : 16.03.2015, 15:37