Хорватиядағы «VIROEXPO» халықаралық көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды

Үстіміздегі жылдың 23 ақпанында Хорватияның Вировитица қаласында XXIII Халықаралық «VIROEXPO-2018» Экономика, қолөнер және ауыл шаруашылығы көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильонының ашылуы өтті.

Қазақстан Елшілігі ұйымдастырылған павильон ҚР экспорттық өнімдері мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асырубарысындағы іскерлік ынтымақтастықтың мүмкіндіктеріне арналды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолайлы инвестициялық климатты қамтамасыз ету және Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың қызметін қолдау бойынша шараларға ерекше назар аударылды. Павильонның бейнестенді Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің қорытындыларына және Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізудің перспективалық бағыттарына арналған болатын.

Павильонның жұмысы шеңберінде Қазақстанның туристік әлеуетінің тұсаукесері өтті, сондай-ақ ақпараттық брошюралар, фотоальбомдар, ұлттық кәдесыйлар, қазақ халқының музыкалық компакт-дискілері және Қазақстан мұражайларының картиналарының репродукциялары таратылды.

Қазақстан Республикасының Елшісі Төлежан Барлыбаев павильонды келушілерге таныстыра кете, хорват бизнесін еліміздегі индустриялық, инновациялық және инфрақұрылымдық даму жобаларына белсене қатысуға шақырды. Қазақстанға барғысы келетін туристер үшін визасыз режімі туралы түсініктемелер берілді.

Жыл сайын 30 мыңға жуық - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, бизнес және сауда саласындағы жетекші компаниялардың өкілдерінің, сондай-ақ қалың жұртшылықтың қатысуымен өтетін VIROEXPO Хорватия мен Балқан аймағындағы ең ірі көрмелердің бірі болып табылады. Биылғы жылы көрмеге 29 мемлекет, соның ішінде Австрия, Бельгия, Германия, Үндістан, Қытай, Нидерланды, Польша, Швеция, Франция және басқа елдер қатысуда.

Қосылған : 23.02.2018, 14:25, Өзгертілген : 23.02.2018, 14:25