Брюссельдің Музыкалық аспаптар мұражайы «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» антологиясын сыйға алды

Брюссель, 2019 жылғы 14 маусым – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Айгүл Құспан «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Брюссельдегі Музыкалық аспаптар мұражайының бас директоры Александра де Портермен және Топтамалар басқармасының бастығы Саския Уиллартпен кездесті.

А.Құспан күй туралы халқымыздың сол ұланғайыр музыкалық қазынасының ең бір мол саласы, құрылымы, мазмұны, басқа да көп сипаттары жөнінен кемел дамып, биік өреге жеткен жанрларының бірі ретінде айтты. Домбыра, қобыз, сылдырмақ және басқа да қазақ аспаптары жүздесудің жеке тақырыбы болды. Елші Абай, Біржан, Жамбыл, Ықылас, Дина және т.б. ұлы төкпе ақындар мен композиторлар ойнаған қазақ аспаптарының үздік үлгілері Алматыдағы Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар мұражайында жиналғанын айтты.

Дипломат Брюссель мұражайының басшылығына 2011 жылы «Мәдени мұра» ұлттық жобасының аясында шыққан «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» антологиясын сыйға тартты.

Бельгиялық мұражайшылар қазақ музыкалық мәдениетіне үлкен қызығушылық танытты және Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар мұражайымен ынтымақтасуға дайындығын білдірді. Әңгімелесушілер Елші үшін ұйымдастырылған арнайы экскурсия барысында «Қазақ ұлттық аспаптарын Брюссель мұражайына қою тамаша болар еді», деп атады.

Бельгиялық тарап цифрландыру саласындағы тәжірибемен бөлісуге дайын. Мұражайдың жалпыға қол жетімді Carmentis дерекқорында музыкалық аспаптар туралы барлық мәліметтер бар. Сонымен қатар, әлемнің көптеген мұражайларының коллекцияларын ұсынатын музыкалық аспаптардың «MIMO» халықаралық дерекқоры қызмет етуде.

Брюссельдің Музыкалық аспаптар мұражайы 1876 жылы құрылған және Бельгияның корольдік тарихи және өнер мұражайларының құрамына кіреді. Мұражай қорында Бельгияның және әлемнің басқа да елдерінің 1100 музыкалық аспаптары бар. Бұл әлемдегі ең ірі және бай коллекциялардың бірі болып табылады

Қосылған : 17.06.2019, 12:45, Өзгертілген : 17.06.2019, 12:45