Қазақстан және Эритрея Сыртқы істер министрлері екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға ресми сапармен келген Эритрея Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Осман Салех Мұхаммедпен кездесті.

Бұл Эритреяның үкімет деңгейінде Қазақстанға келген алғаш өкілі. Елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 2016 жылы желтоқсанда орнады.

Эритрея СІМ басшысы бұл екі елдің арасындағы әр түрлі салаларда табысты әріптестіктің бастамасы болатынына сенім білдірді. Ол Эритрея Президенті Исайаса Афеворкинің елдеріміз арасындағы байланыстарды нығайту мүддесін білдірген хатын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдауды сұрады.

Тараптар екіжақты саяси ынтымақтастықты дамытудың және сауда-экономикалық саласындағы өзара әрекеттіліктің кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Келіссөздер барысында Қазақстан мер Эритреяның Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы, соның ішінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сомали және Эритрея жөніндегі комитетіндегі төрағалығы аясындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Қосылған : 28.06.2017, 21:30, Өзгертілген : 28.06.2017, 22:00