​Орталық Азия мен Жапония министрлері ынтымақтастық «жол картасын» қабылдады

1 мамырда Ашғабатта Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастаған қазақстандық делегация «Орталық Азия + Жапония» диалогына қатысушы мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының 6-шы кеңесіне қатысты.

Ашғабаттық отырыстың күн тәртібіне тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, сауда мен инвестициялар, қауіпсіздік, мәдени-гуманитарлы ынтымақтастық саласында өңірлік өзара іс-қимылды ілгерілету мәселелері кірді. Іскерлік ортасын жақсарту мен инфрақұрылымды нығайту бойынша пікірлер алмасты.

«Орталық Азияның іскерлік әлеуетін ашуға бағытталған ынтымақтастықтың жаңа нысандарын іздеуді Қазақстан қошеметтейді. Осы ретте жапон тарабын үстіміздегі жылғы наурызда Диалогтың бизнес-форумының сәтті өткізілуімен құттықтағым келеді», - деді Қ. Әбдірахманов сөз сөйлеу барысында.

Диалог шеңберіндегі экономикалық трек тартымдылығын толықтыратын Жапонияның экономикалық ведомстволарын бизнес-форум жұмысына белсендірек қатыстыру ұсынылды. Қазақстан Орталық Азияның транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуды, өңір елдерінің ұлттық бағдарламалары мен ірі көпжақты көліктік-транзиттік жобалар бойынша стратегиялары шеңберінде жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобаларды жақындастыру бойынша жұмысты жалғастыруды ынтымақтастықтың басымды бағыттарының бірі ретінде қарастырады». Өңірдің транзиттік әлеуетін көтермелеу мен өңір ішіндегі сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында Орталық Азияда үйлестірілген көліктік саясатты жүргізу уақыт талабы болып табылады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметі шеңберінде Қазақстан Орталық Азияда мен Ауғанстандағы қауіпсіздікті күшейту, трансұлтаралық қауіптерге қарсыласу мен алдын-алу дипломатиясы құралдарын күшейтуге ерекше көңіл бөлетіндігі айтылды.

Астана БҰҰ-ның саяси бас мүшесіндегі алдағы жұмысын қауіпсіздік пен даму арасындағы байланыстың үздіксіздігін қамтамасыз ету призмасы арқылы көреді.

Диалог қатысушылары Қазақстанның Ауғанстанға тұңғыш ресми даму көмегін көрсеткені туралы хабарландырылды. БҰҰ Даму бағдарламасы мен Жапониямен бірлесе ауған әйелдерінің экономикалық дербестігі мен құқықтарын көтермелеу жөніндегі сынамалық жоба іске қосылды.

Қазақстандық тараптың пікірінше, Жапониямен ынтымақтасудың сәтті тәжірибесін жалғастыру және Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы шеңберіндегі күш-жігерді бірлестіру – Диалогтың өзгеше маңызды бөлігі. Осыған байланысты, Қазақстан БҰҰ Есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесе «Шекаралық байланысу кеңселерін жасау және Орталық Азиядағы есірткі мен қылмыспен күресудегі трансшекаралық ынтымақтастықты күшейту жөніндегі жобасын» іске асыруға Жапонияның ниетін қошеметтейді.

Алдағы Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбына келсек, бұл оқиға ғаламдық өзара тәуелділік пен планета тағдыры үшін ортақ жауапкершілік қағидасына негізделген өңір елдері тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа тәсілдердің катализаторына айналатындығы аталып шықты.

Орталық Азия және Жапония елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жыл орнатылуына орай өткізілген Сыртқы істер министрлері кеңесінің қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды және «Көлік және логистика саласындағы өңірлік ынтымақтастығының Жол картасы» қабылданды.

Құжаттар кадрларды дайындауда жәрдем етеді, оның ішінде жолдарға, қала көліктерінде, жол-көліктік апаттарды болдырмауда, теміржол саласында, әуе қозғалысын жүргізу саласында, кедендік әкімшілікте бақылауды қарастырады. Ынтымақтастық сондай-ақ шекараны бақылауды, теміржол логистикасын дамытуды, ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдауды нығайту мәселелерін қамтиды.

Еліміздің бастамасы бойынша мәлімдеменің мәтініне су ресурстарын сапалы басқару және үнемдеу мәселелерінде жапониялық тәжірибені тартуға байланысты Диалогтың әлеуетін белсенді пайдалану мәселелері де енгізілді.

Диалогқа мүше мемлекеттері Астана қаласында 2017 ж. 10-11 қыркүйекте өтетін Орталық Азия өңірінің ғылыми-техникалық және инновациялық дамуына септігін тигізетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің жұмысына қатысуларын бірауыздан қолдады.

Белгілі болғандай, «Орталық Азия + Жапония» Диалогы 2004 жылы Жапония бастамашылық еткен Орталық Азия елдерімен тығыз қатынастарын көбірек және өңірлік ынтымақтастығын дамытуды кеңейту және нығайту бойынша күш-жігерлерін арттыру мақсатындағы ынтымақтастық форматы болып табылады. Аталған форматтағы бірінші отырыс 2004 жылғы тамызда Астана қаласында болды. Диалог құрылғаннан бастап Орталық Азия және Жапония елдерінің саяси, экономикалық сипаттағы және қауіпсіздік мәселелерін жалпы талқылау үшін маңызды алаң болды.

Сондай-ақ, Ашғабатта Қ. Әбдірахманов пен Жапонияның сыртқы істер министрі Фумио Кисидоның кездесуі өтті. Сұхбаттасушылар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қарашада Жапонияға мемлекеттік іс-сапары шеңберінде қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру барысын қарастырып, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашақтағы бағытын, көпжақты форматтағы өзара әрекеттесу, оның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысы аясындағы күштерді үйлестіруді қоса талқылады. Қазақстандық сыртқы істер министрлігінің басшысы жапон әріптесін Қазақстанның сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік саясатының басымдықтарымен таныстырды.

Жапон министрі екіжақты форматтағы өзара әрекеттесуді қозғау кезінде Президент Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасының, соның ішінде еліміздің көліктік-транзиттік әлеуетінің тартымдылығын атап келіп, өзектілігін басып айтты. Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінде Жапония өзінің жаңа технологиялық зерттеулерін ұсынады.

Кездесу барысында жапон тарабы қазақстандық азаматтар үшін келу визасын ресімдеу мен олардың болу мерзімін ұзарту тәртібіндегі жеңілдетулері жөнінде мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі – Орталық Азиядағы алдын-алу дипломатиясы жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының басшысы (UNRCCA) Петко Драгановпен кездесу өткізді.

Кездесуде Қазақстан Арал теңізі алабының су ресурстарын трансшекаралық басқару үшін нормативтік-құқықтық жаңғыру бойынша Өңірлік орталықтың күш-жігерін жоғары бағалайтыны және UNRCCA-дің Аралды құтқару халықаралық қорымен ынтымақтастығын қолдайтыны жөнінде айтылды. Сонымен бірге, өңірлік өзара әрекеттесу және трансұлттық қауіп-қатерге бірлескен қарсы күрес сияқты тағы басқа мәселелері талқыланды.

Ашғабатта болу бағдарламасының соңында Түрікменстан Министрлер кабинетінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесу өтті. Кездесу кезінде екі ел сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің жақында Астанаға жасаған мемлекеттік іс-сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша жоспарын қарастырып нақтылады.

Ал, 2 мамырда Ашғабатта Қазақстан-түрікмен үкіметаралық комиссиясы өз жұмысын бастайды.
Қосылған : 1.05.2017, 11:20, Өзгертілген : 1.05.2017, 11:20