МИНИСТРЛІКТЕГІ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

МИНИСТРЛІКТЕГІ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 27 тамыздағы №732 Жарлығымен Виктор Валерьевич ТЕМІРБАЕВ Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1993 жылы «Радиоинженер-конструктор» мамандығы бойынша Мәскеу электрондық машина жасау институтын бітірді.

1999 жылы – «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірді.

1993 жылдан бері ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді. 2005 – 2006 жылдары – ҚР СІМ Халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік мәселелері департаментінің бөлім бастығы, ҚР СІМ Азия ынтымақтастығы департаментінің бөлім бастығы.

2006-2007 жылдары – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨІСШК) Хатшылығының Алматы қаласындағы саясат бөлімінің басшысы.

2007-2008 жылдары – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Алматы қаласындағы өкілдігі басшысының орынбасары.

2009 жылы – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Корпоративтік даму департаментінің директоры, Алматы қаласы.

2010-2018 жылғы тамыз аралығында – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі.

І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

Бауыржан Қазықбайұлы ӘБДІРАХМАНОВ 2018 жылғы тамызда Стамбұл қаласындағы (Түрік Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулы болып тағайындалды.

2005 жылы «Инженер-технолог» мамандығы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірді.

2011 жылы – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді.

1997-2006 жылдары жеке секторда әртүрлі басшы қызметтерде жұмыс істеді.

2007-2009 жылдары – әртүрлі қызметтерде, соның ішінде ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде басшы лауазымдарда жұмыс істеді.

2010 жылы – ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің кеңесшісі.

2010-2011 жылдар аралығында – Дубай қаласындағы (БАӘ) Қазақстан Республикасының бас консулы.

2012 – 2018 жылдары Анталья қаласындағы Қазақстан Республикасы Консулдығының консулы.

2018 жылғы ақпан – тамыз аралығында Стамбұл қаласындағы (Түрік Республикасы) Қазақстан Республикасы Бас консулдығының кеңесшісі.

ІІ сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

Әнуәрбек Серікұлы АХМЕТОВ 2018 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментінің директоры болып тағайындалды.

1998 жылы – «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын бітірді.

2010 жылы – Сорбон университетін, Сорбон Бизнес мектебін (Université Paris 1 Panthéon-Sorbonne, Institute d'Administration des Enterprises de Paris, Sorbonne Graduate Business School) «Ұйымдар мен кәсіпорындарды басқару, іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша бітірді.

Кадрлық дипломат. 1998 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2007-2013 жылдары Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2014-2018 жылғы қыркүйек аралығында – ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары.

ІІ сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

Николай Владимирович ЖҰМАҚАНОВ 2018 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық-құқық департаментінің директоры болып тағайындалды.

2005 жылы «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірді.

2014 жылы – Брюссель қаласындағы Еуропалық халықаралық және стратегиялық зерттеулер орталығын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді.

Кадрлық дипломат. 2005 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2012-2015 жылдары – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесшісі.

2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2017-2018 жылғы қыркүйек аралығында – ҚР СІМ Еуропа департаменті директорының орынбасары.

І сыныпты Бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Қосылған : 21.12.2018, 16:15, Өзгертілген : 21.12.2018, 16:15