МИНИСТРЛІКТЕГІ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

МИНИСТРЛІКТЕГІ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі №673 Жарлығына сәйкес ДҮЙСЕНБАЕВ Бақыт Аманкелдіұлы Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1993 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Тарихшы, шет тілі мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. 1996 жылы РФ СІМ Дипломатиялық академиясында «Халықаралық қатынастар саласындағы маман» мамандығы бойынша білім алды.

1993 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді. 2003 жылдан 2004 жылға дейін ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің басшысы, директордың орынбасары, 2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші уәкіл, 2009 жылдан 2012 жылға дейін ҚР СІМ Еуропа департаментінің директорының орынбасары болды.

2012 жылдан бастап 2018 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Туризм Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Андорра Княздігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі №674 Жарлығына сәйкес ЖИГАЛОВ Константин Васильевич Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1981 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Тарихшы, ағылшын тіліндегі тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.

1982 жылдан 1984 жылға дейін С.М. Киров атындағы ҚазМУ оқытушысы, 1985 жылдан 1991 жылға дейін ҚазКСР Коммунистік партиясы Орталық комитеті ұйымдастыру бөлімінің аға ғылыми қызметкері, кеңесшісі болды.

1991 жылдан 1993 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, 1993 жылдан 1994 жылға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, 1994 жылдан 1995 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Халықаралық бөлімінің меңгерушісі, 1995 жылдан 1996 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болды. 1996 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесші уәкілі болды.

2000 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2003 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі, Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропалық Одақтың және Солтүстік Атлант Шарты Ұйымы (НАТО) жанындағы Қазақстан Республикасы Өкілдігінің тең Басшысы болды.

2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Еуропалық Одақпен ынтымақтастық жөніндегі ұлттық үйлестіруші болды.

2012 жылдан 2018 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Канадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарды.

Төтенше және Өкілетті Елшінің дипломатиялық дәрежесіне ие.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі №675 Жарлығымен ҚАМАЛДИНОВ Ақылбек Әбсатұлы Қазақстан Республикасының Канадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Филолог, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылы ҚР СІМ Дипломатиялық академиясының Сыртқы істер министрлігінің елшілері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына арналған оқу курстарынан өтті.

1992 жылдан 1993 жылға дейін Әл-Фараби атындағы ҚазМУ жапон тілінің оқытушысы болды.

1993 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігі жүйесінде жұмыс істейді. 2001 жылдан 2003 жылға дейін ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка Департаментінің басқарма бастығы, директорының орынбасары, 2003 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар басқармасының бастығы, 2007 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2016 жылдан бастап 2018 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

Төтенше және Өкілетті Елшінің дипломатиялық дәрежесіне ие.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 21 мамырдағы №689 Жарлығымен Айгүл Сайфоллақызы ҚҰСПАН Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

1983 жылы Алматы педагогикалық шет тілдері институтын «Француз және неміс тілдерінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді. 1995 жылы – Ренн-1 университетін (Франция), 1996 жылы – Франция Премьер-Министрінің жанындағы Ұлттық Әкімшілік Мектебін (Страсбург қ., Франция) «Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді.

1983 жылдан 1992 жылға дейін Алматы педагогикалық шет тілдері институтының оқытушысы.

1992-1993 жылдары – Франция Қаржы министрлігінің Қазақстан Республикасындағы экономикалық өкілдігінің консультанты. 1993-1994 жылдары – Қазақстандағы Франция Елшілігінің баспасөз бөлімінің бастығы.

1996 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді. 2001 жылдан 2002 жылға дейін Қазақстан Республикасы СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы болды. 2002 жалдан 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі. 2004 жылдан 2006 жылға дейін ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің бөлім бастығы. 2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі. 2011 жалдан 2018 жылдың мамыр айына дейін – ҚР СІМ Еуропа департаменті директорының орынбасары, директоры.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.
Қосылған : 7.06.2018, 16:35, Өзгертілген : 7.06.2018, 16:35