​Сауд Арабия Королі мен Кувейт Әміршісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады

2017 жылғы 26 сәуірде Эр-Рияд қаласында Сауд Арабия королі Салман бен Абдел Азиз Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады.

Сыртқы істер министрі Сауд Арабия Короліне 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін тарихтағы алғаш Ислам Ынтымақтастық Ұйымының ғылым және технологиялар бойынша саммитіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыру хатын табыс етті. Қазақстандық дипломаттың сөзіне сүйенсек, Королдің екі қасиетті сақтауымен қатар ғылыми-зерттеу және білім беруді дамыту үшін қолмақты қаражат бөлетін Ислам әлеміндегі ең ірі мемлекеттердің басшысы ретінде қатысуы Саммиттің табысты өтуіне маңызды үлес қосады.

Өз кезегінде, Сауд Арабия Королі Салман шақыруға алғысын білдіре отырып, оны мұқият қарастыратындығын уәде етті. Оның айтуынша, Сауд Арабиясы Қазақстанды жақын маңызды мемлекет ретінде қарастырады және қарым-қатынасын дамыту мен нығайту қажет деп санайды.

Монарх Сирияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнатуда Астана процесінің маңыздылығын атап, аталған бағытта халықаралық күш салуда Қазақстан Республикасының мемлекет басшысының үлесін ескеріп өтті.

Өз кезегінде министр қазақстандық тараптың Эр-Риядпен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуда ұмтылысын хабарлап, Елбасының халықаралық бастамалары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды жобаларды қолдауы үшін, Астана қаласының құрылысы және алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы үшін алғыс білдірді.

Жарасымды әңгімені қорытындылай келе, Сауд Арабия Королі Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, бақыт, алдағы уақытта жұмысына табыс достық жылы лебізін, барша Қазақстан халқына игілік тілеуін жеткізуді өтінді.

Сыртқы істер министрінің Кувейтке сапары аясында Кувейт Мемлекетінің Әміршісі шейх Сабах аль-Ахмед ас-Сабах Қайрат Әбдірахмановты қабылдады.

Кувейт Мемлекетінің басшысы Астана қаласында өтетін Ислам Ынтымақтастық Ұйымының ғылым және технологиялар бойынша саммитіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыру хатын алды. Әлемде бұл Таяу Шығыс елі күрделі аймақта, халықаралық бітімгерлік және гуманитарлық бастамаларға саяси және қаржылық қолдау көрсететін конструктивті күштердің бірі ретінде қарастырылатындығы атап өтілді.

Әмірші Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруына ризашылығын білдірді сонымен қатар, осындай саммиттің өтуін қолдайтындығын және оған қатысуға ниетті екенін хабарлады. Сондай-ақ Кувейт Астананың барлық бейбіт мақсаттағы бастамаларын іске асыруда сенімді серіктес болатындығын жеткізуді өтінді. Екі ел белсенді түрде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, жанжалдарды әскери жолмен емес, бейбіт бастамалар, гуманитарлық көмек, саяси процестер арқылы реттейді.

Қайрат Әбдірахманов Кувейт премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі шейх Сабах аль-Халед Ас-Сабахпен келіссөздер өткізді.

Жарасымды әңгіме барысында ішкі саясат және өңірлік, жаһандық аренада ашықтық, ұстамдылық, толеранттық принциптерін ұстануда екі елдің ұқсастығы атап өтілді. Бұл тұрғыда, тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде ынтымақтастық мәселелерін және Кувейт Мемлекетінің 2018-2019 жылдары Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу кандидатурасын талқылады.

Кувейт Сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстан Президентінің бейбітшілік бастамасын қолдайды және Қазақстан елордасында өткен Сириядағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздер процесіне ерекше мән бере отырып, халықаралық күш үшін қазіргі кездегі күрделі жанжалдарды реттеуге байланысты Астана рөлінің маңыздылығы артып келе жатқанын атап өтті.

Қайрат Әбдірахманов өз кезегінде, әріптесіне Кувейттің Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы жарғысын алғашқы мүше мемлекттер қатарында ратификациялағаны және Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Халақаралық төмен байытылған уран банкін құруда 10 млн. АҚШ долл. көлемінде қаржылай үлес қосқаны үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, Йемен қақтығысын шешу жолында аймақтық күшіне жәрдемдесу бойынша Кувейт дипломатиясы жұмысын қолдады.

Кувейт жеке бизнесінің қазақстандық қызмет секторына салған бірінші инвестицияларын ескеріп, тараптар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ мұнай-газ саласы және исламдық қаржыландыру құралдарын дамыту бойынша іскерлік қарым-қатынастарды құрудың жарқын болашағы бар. Осыған орай, Қазақстан-Кувейт үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысына негізгі дайындық қажеттігі атап өтілді.

Араб экономикалық даму Кувейт қорының гранты қаражаты есебінен Астананың техникалық-экономикалық инфрақұрылым негіздемесі әзірленді, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимараты салынды (араб мемлекетінің сәулет символы болып табылатын,«Кувейт Тауэрс» ғимараттарының моделі бойынша), сондай-ақ Қызылорда облысында сумен жабдықтау, санитария, денсаулық сақтау, саласындағы бірқатар жобалар іске асырылғандығын айрықша атап өту қажет.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің өңірлерге сапары араб елдерімен көптеген өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, әсіресе Астана процесі бойынша салыстыру жасауға мүмкіндік берді.

Кездесулер барысында 2016 жылы Ыстамбұлдағы Ислам Ынтымақтастық Ұйымы саммитінде мақұлданған «Ислам әлеміндегі татуласу» бастамасын іске асыруының аспектілері көреген көзқараспен белсенді түрде талқыланды. Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың, әсіресе экономикалық дипломатия тұсындағы даму прогресін бекітті.

Қосылған : 26.04.2017, 10:55, Өзгертілген : 26.04.2017, 10:55