СІМ қоғамға Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы Қазақстанның ынтымақтастығы туралы есебін ұсынды

АСТАНА, 2018 жыл 31 қазан – Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастық мәселелері мен келешегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметі туралы қоғамдық кеңестің бүгінгі отырысының басты тақырыбы болды.

Кеңес Төрағасы – Парламент Сенатының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева өз сөзінде «ЕАЭО-ты нығайту мақсатында жүйелі түрдегі тұрақты жұмыстың, жалпы және ұлттық мүддеге сай келісімдерді мүлтіксіз орындаудың, ұйымның құқықтық негізін одан әрі жетілдірудің, анықталған олқылықтар мен кемшіліктерге жылдам жауап берудің маңыздылығын атап өтті.

«Экономикалық дипломатияны күшейтіп, ЕАЭО елдерінің нарығында ұлттық бизнес мүдделерін белсенді қорғау қажет», - деді Д.Назарбаева.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев «Еуразиялық экономикалық одақтың жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбында баяндама жасады. Сыртқы саяси ведомство өкілі Еуразиялық экономикалық одақ аясында егемендік, теңдік, тең құқықтық және тараптардың ұлттық мүдделерін ескеру принципі қатаң қамтамасыз етілгенін атап өтті. «Шарт барлық деңгейлерде стратегиялық шешімдерді қабылдауда нақты консенсустық механизмді қамтиды, бұл басқа да шаралармен қатар кез келген мемлекеттің үстемдік ету мүмкіндігін жоққа шығарады. Болашақта Еуразиялық экономикалық одақ жеке тартымды алаң бола алады, ол толыққанды. Сонымен қатар, біз аймақтық ауқымды жобалар бойынша серіктес бола аламыз. Бұл үшін Мемлекет басшысының үлкен және экономикалық тұрғыдан күшті Еуразияны құру идеясына жету мақсатында Еуроодақпен, Қытаймен және басқа елдермен тығыз әрі өзара тиімді қатынастарды дамыту қажет», - деп атап өтті Ғ.Койшыбаев.

Азаматтық қоғам тарапынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов қосымша баяндама жасады. Сарапшы Ресей мен Батыстың текетіресі Қазақстан сарапшылары арасында еліміздің ұйымға мүшелігінің қисындылығы туралы пікірталас туғызғанын атап өтті. В.Додонов, «екі елдің интеграциялық бірлестіктердегі біріккен мүшелігінің болу болмауына қарамастан, Ресей Қазақстанның стратегиялық және жетекші экономикалық серіктесі болған және болып қала береді – бұл жағдай Кедендік одақтан бұрын қалыптасқан. Ал ЕАЭО-тың жоғарғы органдарында мүшелік Қазақстанға көрші елдермен экономикалық серіктестікте осы органдардың жұмыс шеңберінде өз мүддесін қорғауға мүмкіндік береді», - деп атап көрсетті.

Қазақстаннан басқа Еуразиялық экономикалық одаққа Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей мүше екендігін еске саламыз.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің келесі отырысы 2019 жылдың наурыз айына жоспарланған.

Қосылған : 31.10.2018, 20:20, Өзгертілген : 31.10.2018, 20:20