Мемлекеттік қызметтің имиджді

Мемлекеттік қызметтің позитивті имиджді бекіту мен қалыптастыру бойынша ақпарат

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі кәсіби мемлекетті құру болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Президент Н.Назарбаев елді тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс.

Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту.
Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру процесі атқарушы биліктің бедел саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Ар-намыс Кодексінде анықталған, онда былай деп белгіленген: «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды».
Мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік органдармен халыққа көрсетілген қызметтің сапасына байланысты.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру шеңберінде:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан ары жетілдіру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықта мемлекеттiк қызметшiлердің мiнез-құлқының этикалық нормаларын нығайту;
- халықтың мемлекеттiк билiк органдарына деген сенiмiн арттыру;
- мемлекеттiк қызметшiлердi патриотизмге және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiкке, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiн қатаң әрi мүлтiксiз сақтауға тәрбиелеу;
- көпшiлiк санасында кәсiбилiк, адалдық, ашықтық, сыпайылық және құзыреттiлiк ұғымдарына негiзделетiн мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыру жоспарланған.
Мемлекеттiк қызметшiнiң оң имиджiн қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында белсендi түсiндiру-насихаттау жұмысы жүргiзiледі. «Электрондық үкiмет» порталын мемлекеттiк органдардың қызметi және үздiк мемлекеттiк қызметшiлер туралы материалдарды жариялау бөлiгiнде жүйелi түрде жаңарту қамтамасыз етiлген.
Мемлекеттiк қызметтiң ашықтығы, қолжетiмдiлiгi қамтамасыз етiлiп, патриотизмге тәрбиелеу жөнiндегi жұмыс жүргiзiліп, мемлекеттiк қызметтiң қоғамдағы тартымдылығы арттылады, мемлекеттiк қызметшiлердi, әсiресе жастарды қоғамға және мемлекетке қызмет етуге, мемлекеттiк қызметтi жоғары кәсiбилiк, патриоттық, адал атқарудың үздiк үлгiлерiнде тәрбиелеу жөнiнде шаралар қабылданды.

Ар-намыс кодекс

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 19, 225-құжат;

"Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 5 мамыр N 94

Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемiн: 
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бекiтiлсiн. 
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 2, 16-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 866 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 14, 137-құжат).

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Президентi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
2005 жылғы 3 мамырдағы 
N 1567 Жарлығымен бекiтілген

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң АР-НАМЫС КОДЕКСІ (Мемлекеттiк қызметшілердің қызмет этикасы ережелері)

Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды. 
Қоғам мемлекеттік қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi. 
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнің осы ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) (бұдан әрi - Кодекс) "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлейдi. 
Мемлекеттiк органдардың басшылары осы Кодекстiң мәтінiн мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерге орналастыруды қамтамасыз етеді. 
1. Мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiнде: 
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын жақтауға және оны дәйектi жүзеге асыруға, өзiнiң iс-әрекетімен мемлекеттiк биліктің беделiн нығайтуға, мемлекет мүдделерiн қорғауға; Қазақстанның беделiн түсiретiн iс-әрекеттер жасауға жол бермеуге; 
2) Конституцияны бұлжытпай сақтай және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiне сүйене отырып, заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алуға; 
3) азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға бастайтын iс-әрекеттерге жол бермеуге; 
4) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесуге; 
5) мемлекеттік және еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтiк мiндеттерiн адал, әдiл де сапалы атқаруға, ол үшiн өзiнiң жұмыс уақытын тиiмдi пайдалануға; 
6) жоғары кәсiби жұмыс үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсауға, қойылған мiндеттердi шешудiң оңтайлы және үнемдi әдiстерiн қолдануға, сенiп тапсырылған мемлекеттiк мүлiктерге ұқыппен қарап, оны ұтымды әрi тиiмдi пайдалануға; 
7) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға; 
8) мемлекеттiк қызмет мүдделерiне залал келтiретiн iс-әрекеттi болдырмауға; мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерiн қозғайтын мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдауға қатысы бар адамдардың қызметiне араласпауға; 
9) кәсіпкерлiк қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық субъектiлерiнiң мүдделерiн сүйемелдеуге жол бермеуге; 
10) қызметтiк ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге; 
11) қызметi жоғары немесе төмен тұрған не өзiмен қызмет немесе жұмыс бойынша өзге де тәуелдiлiктегi адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктiк сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға; 
12) мемлекеттiк функцияларды орындаумен байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдау немесе қызметiн пайдалану фактiлерiне жол бермеуге; 
13) заңмен белгіленген жағдайлардан басқа, қазақстандық немесе шетелдiк жеке және заңды тұлғалар есебінен мемлекетішілiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақырулардан бас тартуға; 
14) өзінің iске көзқарасымен және жеке мiнез-құлқымен ұжымда орнықты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай туғызуға ықпал етуге; 
15) мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс жасауына және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше орындауына бөгет болатын iс-әрекеттерге қарсы тұруға; 
16) кадрларды жерлестiк және жеке өзiне берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге; 
17) басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және жолын кесуi; 
18) өзінің қызметтік мiндеттерін атқару кезеңiнде киiм киюдің iскерлiк стилiн ұстануға тиiс. 
2. Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттiк қызметшiлер: 
1) азаматтардың мемлекет институттарына сенiмiн нығайтуға ықпал етуге; 
2) қарапайымдылық танытуға, өзiнiң лауазымдық жағдайын, соның iшiнде көлiк, сервис және өзге де қызметтердi алу кезiнде, баса көрсетпеуге және пайдаланбауға; 
3) өзiнiң iс-әрекеттерiмен және шешiмдерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға ұшырамауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оған төзiмдiлiкпен қарауға, оң сын-ескертпелерді кемшiлiктердi жою мен өзiнің кәсіби қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға; 
4) өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға; 
5) шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қарым-қатынасына, сенiмiне, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге; 
6) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлерiне құрметпен қарауға;
7) сыпайы және әдептi болуға тиiс. 
3. Өзiне бағынысты қызметкерлерi болатын мемлекеттiк қызметшiлер:
1) бағынысты қызметкерлердiң мiндеттерi мен қызметтiк өкілеттiктерiнiң көлемiн олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауға, бағынысты қызметкерлерге анық орындай алмайтын өкiмдер бермеуге және олардан қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге; 
2) бағынысты қызметкерлерiне қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекілік фактiлерiне, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiтуге, жөнсiздiкке жол бермеуге; 
3) бағынысты қызметкерлердi құқыққа қайшы терiс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтiн iс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге тиiс. 
4. Мемлекеттiк орган қызметiнің мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берiлген лауазымды тұлғалары сөйлейдi. 
Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметтiң беделiне нұқсан келтiрмей, пiкiрталасты әдептi түрде жүргiзуi тиiс. 
5. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк саясат және қызметтiк iсінің мәселелерi жөніндегі өз пiкiрiн, егер ол: 
1) мемлекет саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес келмесе; 
2) жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпараттарды ашатын болса;
3) мемлекеттiк лауазымды тұлғаларының атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiруге тиiс емес. 
6. Мемлекеттiк қызметшінің атына коммерциялық ұйымдарды басқаруы және/немесе кәсіпкерлiк қызметпен айналысуы, бiреудiң мүдделерiн сүйемелдеуi жөнiнде негiзсiз көпшілiк алдында айыптау болған жағдайда, ол тиiстi түрде мұндай айыптауларды терiске шығаратын ақпаратты жариялауға тиiс. 
7. Мемлекеттiк қызметшiнi сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілiк алдында айыптаған жағдайда, ол бұл айыптауларды терiске шығару, соның iшiнде сот арқылы терiске шығару шараларын қабылдауы керек. 
8. Мемлекеттiк қызметшiлердiң осы Кодекстi сақтауы олардың қызметтiк борышы болып табылады. 
9. Осы Кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшiн мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жауапкершiлiкке тартылуы мүмкін. K970167 (41-бап; 13-тарау) K010155 
10. Мемлекеттiк органның ұжымы оның басшысының шешiмi бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң осы Кoдекстi сақтамау фактiсiн қарап, қараудың нәтижесi бойынша қоғамдық мiн таға алады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi N 267 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат

МАЗМҰНЫ
1-тарау. Жалпы ережелер 
1-бап. Заңның мақсаты 
1. Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
2. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған. 
2-бап. Негiзгi ұғымдар 
1. Осы Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
2. Осы Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.
3. Мемлекеттiк мiндеттер - Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттiң, оның органдары мен мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдардың өкiлеттiгiне жатқызылған iс жүргiзу мәндерi.
3-1. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
4. Лауазымды адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн атқаратын адамдар.
5. Жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар - мемлекеттiң мiндеттерi мен мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгiн тiкелей атқару үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген қызметтердi атқаратын адамдар. 
Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.07.23 N 454 (2000.01.01 бастап күшiне енедi), 2001.06.08 N 206, 2003.09.25 N 484, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектiлерi 
1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн осы Заңның негiзiнде мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар жауапты болады.
2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға: 
1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға: 
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелерi;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
4) мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның iшiнде акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы өздерiне тиесiлi еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы көрсетiлген еншiлес ұйымдарға тиесiлi заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және оның ведомстволарының қызметшiлерi теңестiрiледi.
4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.
Ескерту. 
1. Осы Заңда мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның iшiнде акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы өздерiне тиесiлi еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы көрсетiлген еншiлес ұйымдарға тиесiлi заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар болып көрсетiлген ұйымдарда тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды атқаратын адамдар танылады.
2. Ұйымдастырушылық-әкiмшiлiк мiндеттер деп адамдардың заңнамада және ұйымның атқарушы органының құрылтай құжаттарында көзделген өкiлеттiктердi жүзеге асыру жөнiндегi қызметi түсiнiледi. Бұл мiндеттерге ұжымға жалпы басшылық жасау, кадрларды орналастыру және iрiктеу, бағынышты адамдардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртiптiк жазалар қолдану шараларын қолдану арқылы еңбек тәртiбiн сақтау жатады. 
3. Әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттер деп толық материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардың берiлген өкiлеттiктердiң шегiнде мүлiктi, соның iшiнде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оларға билiк ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруы түсiнiледi.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.09.25 N 484, өзгерiс енгiзiлдi - 2007.07.21 N 308, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.02.01 N 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
4-бап. Заңның қолданылу аясы 
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының күллi аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы Заң Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тiркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
2. Жекелеген мемлекеттiк мiндеттердi атқару тәртiбi туралы (мәслихат депутаттарының, судьялардың мәртебесi туралы, мемлекеттiк қызметшiлердiң жекелеген санаттарының қызмет өткеруi туралы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың өзге де ықтимал субъектiлерi туралы) заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулер мен тыйым салу көзделетiн басқа да құқықтық нормалар белгiленуi мүмкiн.
3. Судьялар, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жауапты болады.
4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкiмшiлiк жауапкершiлiк пен шара тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделедi. 
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.09.25 N 484, орыс тiлiндегi мәтiнге өзгерту енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен. 
5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерi 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: 
1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi;
2) мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану;
5-1) мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк және құқықтық қорғауды мемлекеттiң қамтамасыз етуi;
6) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу;
7) сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды көтермелеу;
8) мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн мемлекеттiң қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейiн қамтамасыз ететiн жалақы (ақшалай үлес) мен жеңiлдiктер белгiлеу;
9) осындай қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеуге өкiлеттiк берiлуiн болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау;
10) сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жолын кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел-iздестiру қызметi мен өзге де қызметтердi жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлiктi заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану;
11) кәсiпкерлiк қызметтi атқару заңмен белгiленген қызметтiк мiндеттерiмен көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында аталған адамдар үшiн кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басқару органдарында ақы төленетiн қызметтер атқаруға тыйым салуды белгiлеу;
12) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне төзбеушiлiк жағдайын қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге асырушы органдар 
1. Барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзуге мiндеттi. Мемлекеттiк органдардың басшылары мен жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, ұйымдардың, оның iшiнде мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары өз құзыреттерi шегiнде осы Заңның талаптарын орындауды және бұл үшiн кадр, бақылау, заң қызметтерi мен басқа да қызметтердi тарта отырып, онда көзделген тәртiптiк шараларды қолдануды, сондай-ақ өздерiне белгiлi болған барлық сыбайлас жемқорлық жағдайларын тiркеудi және олар туралы осы баптың 2-тармағында аталған органдарға хабарлауды қамтамасыз етедi.
2. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық, кеден және шекара қызметтерi, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары жүзеге асырады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған органдар өз өкiлеттiктерiнен туындайтын шараларды қолдануға және жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат органдарына дереу жiберуге мiндеттi. Ocы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған лауазымды адамдар мен органдар сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстi, материалды, хаттаманы, ұсынымды жолдаған адамға немесе органға заңдарда белгiленген мерзiмде оларды қарау нәтижелерi туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар туралы мәлiметтерi бар материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнiнде заңда көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының Президентi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк орган құруға, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындауға хақылы. 
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.07.12 N 240, 2002.08.09 N 346, 2003.09.25 N 484, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдарға тиiспеушiлiк кепiлдiктерi 
1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгiленген тәртiппен ғана табыс етiледi. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2-1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам Қазақстан Республикасының Үкiметi көздеген тәртiппен көтермеленедi.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
4. Осы баптың ережелерi көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап беруге тиiс адамдарға қолданылмайды.
Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық 
8-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға үмiткер адамдарға және мемлекеттiк ұйымдарда, мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдарда басқару функцияларын орындауға үмiткер адамдарға қойылатын арнайы талап
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға, мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға не мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның iшiнде акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы өздерiне тиесiлi еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы көрсетiлген еншiлес ұйымдарға тиесiлi заңды тұлғаларда басқару функцияларын орындауға үмiткер адамдар өздерiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы Заңмен және өзге де заңдармен белгiленген шектеулердi қабылдайды, бұл ретте аталған адамдар мұндай iс-әрекеттердiң құқықтық салдары туралы хабардар етiледi.
2. Аталған адамдардың шектеулердi қабылдауға келiсiм жазбаша түрде тиiстi ұйымдардың кадр қызметi белгiлейдi. Шектеулердi қабылдамау ол адамды мемлекеттiк не соларға теңестiрiлген мiндеттердi атқаруға шақырудан бас тартуға не жұмысынан босатуға немесе заңдарда көзделген тәртiппен аталған мiндеттердi атқарудан өзгедей босатуға әкеп соғады.
3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелi жоғары мемлекеттiк лауазымға орналасуға үмiткер адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексерудiң өздерiне қатысты қолданылу мүмкiндiгi туралы өздерiне мiндеттеме алады.
Мұндай лауазымдардың тiзбесiн, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексерудi жүзеге асыру тетiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.01 N 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
9-бап. Қаржы бақылау шаралары 
1. Мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе соларға теңестiрiлген мiндеттердi атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша салық органына: 
салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан табыстар және мүлiк туралы аталған мүлiктiң бағаланған құны мен тұрған жерi көрсетiлген мәлiмдеме; 
банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге хақылы ақша қаражаты туралы; 
заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банк және өзге де реквизиттерiн көрсете отырып, акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң тiкелей немесе жанама қатысуы туралы;
егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы; 
адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық заттар мен ақша қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен реквизиттерi туралы мәлiметтердi табыс етедi.
2. Мемлекеттiк лауазым атқаратын адамдар өз өкiлеттiгiн орындау кезеңiнде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша салық органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де табыстары мен мүлкi туралы декларациялар тапсырып отырады.
2-1. Жағымсыз себептер бойынша мемлекеттiк қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейiнгi үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша салық органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де табыстары мен мүлкi туралы декларациялар тапсырып отырады.
3. Осы баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша салық органына: салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi де табыстары мен мүлкi туралы, көрсетiлген мүлiктiң бағалау құны мен орналасқан жерiн көрсете отырып, декларациялар тапсырады; мыналар: банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге құқылы акта қаражаты туралы; заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банк және өзге де деректемелерiн көрсете отырып, акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң тiкелей немесе жанама қатысуы туралы; егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трасттардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы; адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi айлық есептiк көрсеткiштiң 1000 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелерi туралы мәлiметтердi табыс етедi. 3-1. Осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша салық органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де табыстары мен мүлкi туралы декларациялар табыс етiп отырады.
3-2. Арнаулы мемлекеттiк органда қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелерi тұрғылықты жерi бойынша салық органына декларация мен осы баптың 3-тармағында аталған мәлiметтердi табыс етедi.
Ескерту. Осы тармақта арнаулы мемлекеттiк органда қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелерi болып жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен тұрақты түрде бiрге тұратын адамдар танылады.
4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында аталған адамдар тиiсiнше өздерi лауазым атқаруға үмiткер органға немесе жұмыс iстейтiн жерi бойынша осы баптың 1 - 3-1-тармақтарында көрсетiлген мәлiмдемелер мен мәлiметтердi алғандығы туралы салық органынан анықтама әкелiп тапсырады.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдардың (мемлекеттiк қызметтен жағымсыз себептер бойынша босатылған адамдарды қоспағанда) осы бапта көрсетiлген мәлiмдемелер мен мәлiметтердi табыс етпеуi немесе толық, дұрыс табыс етпеуi, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, адамға тиiстi өкiлеттiк беруден бас тартылу үшiн негiз болып табылады не оны жұмыстан босатуға немесе мемлекеттiк және оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарудан заңмен көзделген тәртiппен өзгедей босатуға әкеп соғады.
5-1. Осы баптың 5-тармағында көрсетiлген, қасақана жасалған, сондай-ақ бiрнеше рет жасалған әрекеттер заңда белгiленген тәртiпте қолданылатын әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Адамдар мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарудан босатылғаннан кейiн үш жылдың iшiнде алғаш рет жасалған, осы баптың 5-тармағында аталған әрекеттер, сондай-ақ мұндай iс-әрекеттердi қайталап жасау заңда белгiленген әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
7. Жауапты мемлекеттiк лауазымдар атқаратын лауазымды адамдардың табыстарының мөлшерi туралы және олардың көздерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттiк қызметке ұсынылған кезiнде кандидаттардың табыстары туралы мәлiметтер заңдарда белгiленген тәртiппен жариялануы мүмкiн.
8. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға және соларға теңестiрiлген адамдарға өз атынан емес бөгде адамдар атынан, жасырын, бүркеншiк атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бұл мәмiлелер заңда белгiленген тәртiппен жар

Қосылған : 18.11.2013, 22:44, Өзгертілген : 8.05.2014, 22:59