Мажар жастарының арасында қазақ тілін меңгеру айырықша қызығушылық туғызуда

2017 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрбах Рүстемов қазақ, моңғол, орыс және белорус тілдері курстары жыл сайын ұйымдастырылатын Лакителек халық институтына барып қайтты. Жылдан жылға одан әрі Ұлы дала елінің мәдениеті мен салт-дәстүріне қызығушылық танытатын мажар жастардың арасында қазақ тілі тобы танымал болып отыр.

Мажарстанның Мемлекеттік жиналысы төрағасының орынбасары, Институттың директоры Шандор Лежакпен және оқу орнының студенттерімен кездесу барысында Н. Рүстемов заманауи Қазақстанның қалыптасуының негізгі кезеңдерімен және еліміздің тәуелсіздік жылдарының ішіндегі маңызды жетістіктерімен, сондай-ақ мажар аудиториясын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасының негізгі аспектілерімен таныстырып өтті.

Қазақстандық дипломат ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін әрі рухани тұтастығын қамтамасыз ету үшін қажет ететін еліміз қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу жолында тұрғанын атап өтті.

Бұдан басқа тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстардың арқасында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынастар жаңа стратегиялық ынтымақтастықтың деңгейіне жеткенін жеткізді.

Кездесу соңында Елші қазақ халқының салт-дәстүріне қызығушылық танытатын және болашақта қазақстандық ЖОО-да жоғары білім алуды жоспарлап отырған студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар аудиторияның назарына мажар тілінде Қазақстан туралы деректі фильм ұсынылды. Сондай-ақ қазақ тілі, әдебиеті және сөздік оқу құралдарын Елшілік студенттерге сыйға тартты.

Мажарстанда қазақ тілін оқу кең таралғанын атап өткен жөн. Осылай 1998 жылдан бері Сегед қаласының Ғылыми университетінде ресми түрде қазақ тілін оқытыла бастаса, 2016 жылы Будапештте орналасқан Сечени атындағы Мажарстанның мемлекеттік кітапханасында Қазақстан әдебиеті орталығы ашылды.

Қосылған : 30.08.2017, 22:10, Өзгертілген : 30.08.2017, 22:45