ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Мадридте Қазақ әдебиетінің орталығы ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау шеңберінде Елшілік Қазақ әдебиеті орталығының (Бұрышының) ашылуын ұйымдастырды.

2018 ж. 29 қарашада Мадридте Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған Даму жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша испан агенттігінің (AECID) Кітапханасында Қазақ әдебиеті және өнер орталығының (Бұрышының) салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры У.Мұналбаева, AECID Мәдени және ғылыми байланыстар жөніндегі директоры М. Альберо, AECID кітапханасының директоры М.А.Гарсия Мартин, жоғары оқу орындары мен академиялық институттардың басшылары, баспа басылымдар, испан тіліндегі казақ поэзиясы мен прозасы «Антология» жобасының қатысушылары, БАҚ өкілдері және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімге қатысушылар алдында сөйлеген сөзімде Елбасымыздың әлемдік тарихи мәдени мұраның ажырамас бөлігі ретінде Қазақстанның ұлы тарихи дәуірінің басты мәселелеріне назар аударатын «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына ерекше назар аудардым. Алдағы күндері мақала Мадридте испан тілінде жарияланып, оқырмандарға қазақ мәдениетіне тарихи ретроспективті түрде қарауына көмектеседі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Ү.Мұналбаева және AECID кітапханасының директоры Гарсия Мартин ынтымақтастық бойынша жол картасына қол қойды.

Ресми рәсім аяқталғаннан кейін атақты қазақстандық скрипкашы, халықаралық скрипкалық байқаулардың алғашқы бес сыйлығының лауреаты Ержан Құлыбаев қазақ және испан композиторларының шығармаларын орындады.


Қосылған : 29.11.2018, 18:00, Өзгертілген : 29.11.2018, 18:00