​ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылуына 25-жылдығын атап өтуде

2017 жылғы 23 мамырда Астана қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында төрағалық етуші Беларусь тарапының бастамасы бойынша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылуына 25-жыл және ҰҚШҰ-ның 15 жылдығына арналған жұмыс бабындағы таңғы ас өтті.

Іс-шараға Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев және Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның Қазақстандағы елшілері қатысты.

ҰҚШҰ құрылған кезеңінен бастап Ұйым қызметінің негізгі нәтижелері туралы тыңғылықты пікір алмасу орын алды. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери ынтымақтастық және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы өзара әрекет серпінді дамып келе жатқаны атап өтілді. Ұйым шеңберінде құрылған практикалық ынтымақтастық механизмдері халықаралық терроризм, есірткі тасымалы және заңсыз көші-қон секілді қазіргі заманның қатерлеріне бірлесіп қарсы іс-қимыл етуге мүмкіндік береді. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қылмыстармен күрес бойынша мүмкіншіліктер ұлғаюда. ҰҚШҰ-ның БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ және басқа халықаралық құрылымдармен өзара іс-қимылы орнатылды.

Жалпы алғанда, кеңеске қатысушылар Ұйымның халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде рөлін жоғары бағалап, оның одан әрі дамуына белсенді қолғабыс етуге ниеттерін білдірді.

Қосылған : 25.05.2017, 11:40, Өзгертілген : 25.05.2017, 11:40