ҚР азаматтарының Біріккен Араб Әмірліктері аумағына

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

- әлемдегі барлық әуежайлардағы тәжірбиеге сәйкес, БАӘ-ге кіру кезінде ҚР азаматтары өз паспортын ұсынуы тиіс, одан соң оның деректері электрондық жүйеге енгізіліп, паспорт парағына мөр басылады;

- 2017 жылғы 23 мамырда Астанада қол қойылған ҚР мен БАӘ арасындағы визасыз сапарлар туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

- әрбір ҚР азаматының, соның ішінде кәмелетке толмағандардың да жеке өз паспорттары болуы тиіс, сәбилер ата-аналарының бірінің паспортына жазылмауы тиісті;

- ҚР азаматтары өз паспорттарының қолданыс мерзімдерін анық білуге, сондай-ақ БАӘ заңдарры мен онда болу ережелерін сақтауы тиіс;

- БАӘ-ге халықаралық іздеуде жүргендерден басқа барлық ҚР азаматтарына визасыз кіруге рұқсат етіледі және олардың БАӘ-ге дейін қандай елдерде болғаны есепке алынбайды;

- БАӘ аумағында қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтауға байланысты кәмелетке толмаған балаларды ата-аналарының ертіп жүруі тиіс, сондай-ақ жарамдылық мерзімі 6 айдан кем емес паспорты бар болуы керек, және де басқа ешбір құжат паспортты алмастыра алмайды.Ал егер, кәмелетке толмаған бала ата-анасыз сапар шегетін болса, онда баланың ата-анасы немесе сенімді өкілі шығуға арнап келісім берген әрі ережеге сәйкес (Астанадағы БАӘ Елшілігінде, немесе шет елдердегі БАӘ-нің кез-келген дипөкілдіктерінде) заңдастырылған сенімхат ұсынылуы тиіс;

- БАӘ заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, визасыз тәртіппен барғандарға келіссөздер мен кездесулер өткізуге болады;

- БАӘ-нің аумағына сапар шегуді ниет еткендер қосымша ақпаратты БАӘ Ішкі істер министрлігінің ресми сайтынан, немесе «Emirates» пен «Etihad» әуекомпаниялары сияқтыресми тасымалдаушылардан алуларына болады.

Осыған орай, бұл ақпаратты мүдделі туристік мекемелер мен халықаралық тасымалдаушыларға таратуды, жариялауды сұраймыз.


Қосылған : 7.03.2018, 16:20, Өзгертілген : 7.03.2018, 16:20