Консулдық заңдастыру

«Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызмет паспорты

Қызмет көрсетуші:

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шетелдегі мекемелері.

Жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде мемлекеттік қызметті берушінің құжаттарды қабылдау сағаты 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағаты 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.

Веб-сайт:

http://mfa.gov.kz; шетелдегі мекемелердің сайттары

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шетелдегі мекемелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

қағаз түрінде

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

3 (үш) жұмыс күннен аспайды

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) жеке тұлғалар үшін:

еркін нысандағы өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы мен көшірмесі);

түпнұсқадағы және нотариат куәландырған көшірмедегі консулдық заңдастыруға жататын құжат;

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

2) заңды тұлғалар үшін:

еркін нысандағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушының сенімді өкілі береді);

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттары (түпнұсқасы мен көшірмесі);

түпнұсқадағы және нотариат куәландырған көшірмедегі консулдық заңдастыруға жататын құжат;

егер көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі келе алмаса, көрсетілетін қызметті алушының атынан әрекет ету өкілеттігін растайтын құжат;

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

тапсырылған құжаттарды консулдық заңдастыру.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі:

1414, 8 800 080 7777

* толық ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен танысуды сұраймыз

Қосылған : 7.02.2017, 09:40, Өзгертілген : 8.02.2017, 10:50