Консулдық мәселелер жөніндегі ҚР СІМ түсініктемесі

ҚХР-да жол-көлік апатынан зардап шеккен ҚР азаматтары туралы

Біз азаматтарымыз айналасындағы жағдайды бақылауда ұстап отырмыз, және жапа шеккендермен, Зимунай қаласының жергілікті билік өкілдерімен, сонымен қатар тасымалдаушы компания басшылығымен тиісті байланыстар орнаттық. Жапа шеккендердің туған-туыстарына жедел виза рәсімдеуде қолғабыс көрсеттік.

Зимунай қаласының ауруханасында Қазақстанның 8 азаматы жатыр, ал Үрімші қаласының медициналық мекемелерінде тағы екі азаматымыз емделуде. Жол-көлік оқиғасынан бері үш қазақстандық азаматымыз Отанына оралды.

Бүгінгі күннен бастап – 7 сәуір мен 9 сәуір аралығында Қазақстанның 7 азаматын елімізге жеткізу жоспарланып отыр. Қытайлық дәрігерлердің алдын ала ескертуі бойынша (ішкі органдарға ота жасау салдарынан) бір қазақстандыққа әзірге жол жүруге болмайды.

Біздің азаматтарымызға Қытайдың тасымалдаушы компаниясы мен шекара қызметінің қысым көрсетуіне қатысты пайда болған ақпаратқа байланысты біз тасымалдаушы компания мен құқық қорғау органдарының басшылығымен тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Қытайдың тасымалдаушы компаниясы мен шекара қызметінің біздің азаматтарымызға қысым көрсетуіне қатысты ақпарат қазіргі таңда расталған жоқ.

ҚР азаматтарының төлқұжаттары жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті протокол рәсімдеу мен қытайлық визаны ұзарту мақсатында жол-көлік және көші-қон полициясы өкілдерімен уақытша алынған. Ресми рәсімдемелер аяқталғаннан кейін төлқұжаттары өз иелеріне қайтарылған.

Егер біздің азаматтарымызға қандайда бір қысым көрсету жағдайлары орын алған жағдайда, азаматтарымыз тез арада қазақстандық дипломаттарды ақпараттандыратын болады.

Жапа шеккендерді Қазақстанға жеткізу, жол-көлік оқиғасына кінәлі тасымалдаушы компания есебінен жүзеге асырылатынын атап өткім келеді.

Сонымен қатар, барлық медициналық шығындарды, соның ішінде емделу шаралары, ота жасау, жапа шеккендерге қарасу мақсатында сонда келген туыстарының күнделікті тұруы, тамақтануын да тасымдалдаушы компания өз мойнына алды.

ҚР азаматтараның негізгі көңілі толмай отырған мәселе ол - өтемақы көлемі болып отыр.

Қытайлық заңнамаға сәйкес, жол-көлік оқиғасы салдарынан адам өміріне, денсаулығына, жеке заттарына нұқсан келуіне жалпыазаматтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру сомасы көлемінде сақтандыру компаниясымен жүзеге асырылады.

Медициналық шығындар сомасы науқастың ауруы тарихы мен қойылған диагнозына сәйкес емделу мен ауруханада жатуы туралы денсаулық сақтау мекемесінің берген түбіртегі арқылы төленеді. Шығындар сомасына бірінші инстанциядағы адам басына келтірілген жеке шығындарға өтемақы төлеу туралы істі қарастыру аяқталғанға дейінгі іс жүзінде келтірілген шығындар қосылады. Соның ішінде денсаулық сақтау мекемесінің қорытындысы немесе расталуына байланысты болуы мүмкін шығындар да өтеледі.

Толығымен сауығып кетуге, хирургиялық оталарға, әрі қарай ем қабыладауға қажетті шығындар өтемақысы көлемімен келіспеген жағдайда жапа шегуші барлық шығындар іс жүзінде шыққан жағдайда оқиға орын алған жері бойынша ҚХР сот органдарына жеке искпен өтініш беруіне болады.

ҚХР-да ұсталған ҚР азаматшасы А. Тұрлыбай туралы

Ү.ж. 3 сәуір күні Гуанчжоу қаласында 2014 жылғы 3 наурыз күні Гуанчжоу әуежайында есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған ҚР азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға (21.02.1994 ж.т.) қатысты сот отырысы болып өтті. Өздеріңізге белгілі болатындай, Қытайда есірткі заттарын тасымалдау, сату және сақтағаны үшін өте ауыр жаза қарастырылған.

Сот отырысына ҚР ҚХР-дағы Елшілігінің консулдық бөлімінің қызметкері мен айыпталушының анасы және қорғаушысы қатысты.

Сот отырысында қорғаушылар дәлелдері тыңдалып, айптау үкімі шығарылды. Сот шешімі бір жарым ай ішінде (30-45 күн) жарияланатын болады.

Йемендегі ҚР азаматтары туралы

Соңғы мәліметтер бойынша, Йемен Республикасынан Ресей ТЖМ арнайы бортымен Қазақстан Республикасының, жалпы алғанда, 15 азаматы ұшып кетті. Оларға тиісті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп, және қажеттілігіне орай баспана берілді.

Эвакуацияның асығыстық жағдайда өтуі және азаматтарымыздың барлығы бірдей Омандағы ҚР және РФ елшіліктерімен байланысқа шықпағаны олардың нақты санын анықтауды қиындатады.

Азаматтарымыздың бір бөлігі Ресей Федерациясында қалды, екіншісі еліне қайтты.

ҚР азаматшасы Гүлмира Саханова Қазақстанға келу үшін қаржылай көмек сұрады. Бұл мәселе қазіргі уақытта пысықталып жатыр.

Йемен бойынша ҚР ұстанымы 

Дүниежүзі қауымдастығының бөлігі ретінде Қазақстан Таяу Шығыстағы, соның ішінде Сирия, Ирак, Ливан және Йемендегі жағдайдың өршіп кетуіне алаңдаушылықпен қарайды.

Қазақстан Республикасының ұстанымы халықаралық құқықтың және тиісті БҰҰ ҚК қарарларының қағидаларына негізделеді. Қазақстан Йемендегі әскери әрекеттердің өрбіп кетуін қаламайды және жанжалды реттеудің жалғыз дұрыс жолы деп саяси шешімді қолдайды. Еліміз территориялық тұтастықты, егемендікті және заңды жолмен сайланған билікті сыйлау қағидаларын қолдау жолын тұрақты ұстанады.

Қосылған : 7.04.2015, 19:50, Өзгертілген : 7.04.2015, 19:50