Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағаларын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органд

Лауазымды адамдарды іссапарға жіберу тәртібін реттеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары өз бастамасы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға (соның ішінде демалыс және мейрам күндері) шығуы қажет болған жағдайда, алдын ала іссапар басталғанға дейін кемінде 3 күн бұрын:

1) Қазақстан Республикасының Президентіне немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының атына іссапарға шығуына рұқсат беруі туралы жазбаша өтінімхат (бұдан әрі – өтінімхат);

2) Іссапар қажеттілігінің негіздерін, мерзімін, мақсатын және қаржыландыру көздерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге алдағы шығуы туралы жазбаша ақпаратты енгізеді.

2. Бір тәуліктен аспайтын мерзімге іссапарға шыққан кезде жазбаша өтінімхат жолдау талап етілмейді – Қазақстан Республикасы Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен ауызша келісу жеткілікті.

Осы Жарлықтың 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген жазбаша ақпаратты арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне енгізбейді.

3. Осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген адамдар (бұдан әрі – Іссапарға жіберілетін адамдар) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуы қажет болған жағдайда, өтінімхат жолданбайды.

4. Іссапарға жіберілетін адамдар іссапардан қайтып оралғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне іссапардың қорытындылары туралы жазбаша есеп;

2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне өткен іссапар туралы ақпарат жолдайды.

Арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары өткен іссапар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жолдамайды.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының                                                                                                                 Президенті Н.Назарбаев


Астана, Ақорда, 2013 жылғы « »

Қосылған : 3.02.2014, 10:48, Өзгертілген : 7.05.2014, 15:12